Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Техникалық талшықты дақылдар және дәрілік өсімдіктер. -

Техникалық талшықты дақылдар және дәрілік өсімдіктер.

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 396 | Просмотров: 3512 | Размер: 42.5 Kb | Автор: bibigul
. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Құтанбекова Бейбітгүл
ШҚО, Абай ауданы,
Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей
Тақырыбы: Техникалық талшықты дақылдар және дәрілік өсімдіктер.
Білімдік мақсаты: Оқушыларға осы тақырып бойынша техникалық дақылдардың
түрлерінен мысал кетіре отырып ерекшеліктерін, маңызын түсіндіру.
Дәрілік өсімдіктер туралы мағлұматтарды жергілікті жердегі
өсімдіктерді мысалға келтіре отырып оқушылар білімін қалыптастыру,
ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту барысында СТО т ехнологиясын
пайдаланды.
Сабақтың барысы:

І. Үй тапсырмасы «Кубизм» әдісі бойынша сұралды.
1 Зерттеңіз Бөлме өсімдіктерінің қандай түрін өсіресіңдер? Оларды қалай көбейтеді?
2 Салыстырыңыз Бөлме өсімдіктерін өсіру мен мәдени өсімдіктерді өсіруді салыстыр.
3 Суреттеңіз Бөлме өсімдіктерінің құрылысын, ерекшеліктерін, тіршілігін зерттеңіз

І. Жаңа тақырып барысында «миға шабуыл» кезеңінде оқушылар өздері білетін жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктер, талшықты дақылдар туралы ойларын білдіреді мысалдар келтіре отырып жаңа білім алуға дайындалады.
ІІ. «Мағынаны ажырату» кезеңінде оқушылар үш топқа бөлініп оқулыөпен жұмыс жасайды, алгоритм бойынша ассоциация, яғни кластер жасай отырып, жұмыс істейді.

Өсімдіктер

Техникалық талшық дақылдар Дәрілік өсімдіктер

Маңызы Құрылысы Қызметі
ІІІ. Эссе жазу (еркін жазу) оқушылар тақтадағы жазылған сөздерді бір-бірімен байланыстырып эссе жазады, тақырыптың мазмұнын ашады.
ІҮ. Ой толғаныс сатысы (бес жолды өлең әдісі)
1. Зат есім – кім? не? 1 сөз
2. Сын есім - қандай ? 2 сөз
3. Етістік – не қылды? не істеді? қайтті? 3 сөз
4. тақырыпты ашатын сөз тіркестері немесе сөйлем 4 сөз
5. тақырыптың синонимі (баламасы)
Ү. Рефлексия
1. РАФТ әдісі.
Р – рөл, А – аудитория, Ф-форма, Т-тақырып.
Рөл ретінде мұғалім тақырып айтады. Жергілікті жерде өздерің тұратын өлкеде өздеріңе таныс дәрілік өсімдіктер туралы «Өсімдік – дертке дауа, жанға шипа»
І-топ. Аудитория (тақырыпқа сипатамма береді өздеріне таныс өсімдіктер туралы топ болып шешеді)

ІІ-топ. Форма (осы таөырып бойынша хат, өлең, шығарма т.б. жазады)
ІІІ-топ. Тақырып. (берілген тақырыпты өздерінің шығармашылығына байланысты өзгертуге болады тапсырмаға тақырып қойып қорғайды)
ҮІ. Биологиялық диктант сөйлемді аяқтау:
1. Техникалық дақылдар дегеніміз –
2. Техникалық дақылдардан алынады –
3. Үпілмәлік өсімдігінің а) гүлшоғыры –
б) жемісі –
в) тұқымында –
4. Талшық алынатын өсімдіктер –
5. Қазақстанда дәрілік өсімдік түрлері қанша –
6. Дәрілік өсімдіктердің құрамы –
7. Қандай дәрілік өсімдіктерді білесің (жергілікті жердегі) –
8. Қандай техникалық өсімдіктерді білесің –
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: (экипаж ойыны арқылы)
Оқушылар карточка таңдау арқылы топқа бөлінеді:
І-топ Сайлау, ІІ –топ Барлығы, ІІІ-топ Делегат, ІҮ-топ Сенім осы топтар бойынша мұғалім оқушылардың білімін тексереді.
1. Сайлау карточкасын алған топтан мұғалім бір оқушыны өзі сайлап, сұрақ береді.
2. Барлығы карточкасын алған топтан барлық оқушыдан сұрайды.
3. Делегат карточкасын алған топ іштерінен бір оқушыны дайындап, өздері делегат ретінде сабақ айтуға жібереді.
4. Сенім карточкасын алған топ жетекшісі оқушылардан сұрайды, бағалайды, мұғалім сенеді.
Қойылатын сұрақтар:
1. Техникалық талшықты дақылдар дегеніміз не?
2. Өсімдіктердің ерекшеліктерін бөлме өсімдіктерімен салыстыра отырып түсіндір.
3. Дәрілік өсімдіктердің ерекшеліктері, құрамы, маңызы туралы не білесің?
4. Техникалық өсімдіктерден не алынады?
5. Техникалық өсімдіктердің қолданылуы туралы не білесің?
6. Жалбыз тікен өсімдігі туралы не білесің?
Үйге тапсырма: Дәрілік өсімдіктердің халық емшілігінде қандай ауруларға емдік қасиеті бар екенін қариялардан, ата-аналардан сұрап, білу.
Сабақты тұрлендіріп өткізу оқушылардың қызығушылығын арттырады, өз бетімен шығармашылық жұмыс жасауын дамытады, кабинеттегі қосымша әдебиеттермен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастырады, алған білімдерін іс жүзінде, өмірде пайдалануға сабақтың берері мол.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.