Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Гимнастика» -

«Гимнастика»

Сабақ жоспары | Предметы | Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 326 | Просмотров: 2238 | Размер: 84.0 Kb | Автор: arai
. №2 Хамза орта мектебі



Тақырыбы:

1. «Гимнастика»
а) Жалпы дамыту жаттығулары
б) Акрабатикалық жаттығулар:
алға, арқаға домалау
шалқалап жатып көпір жасау
шалақалап жатып жауырынға тұру
баспен тұру жаттығулары
2. Қозғалмалы ойын: «Пионербол» ойыны.

Дайындаған:
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Маннапов А.А

Түркістан қаласы

«Бекітемін»
Мектеп директоры:
З.Мұхаммеджанов

Сабақтың тақырыбы:
1. «Гимнастика»
а) Жалпы дамыту жаттығулары
б) Акрабатикалық жаттығулар:
алға, арқаға домалау
шалқалап жатып көпір жасау
шалақалап жатып жауырынға тұру
баспен тұру жаттығулары
2. Қозғалмалы ойын: «Пионербол» ойыны.

Сабақтың мақсаты:
• Икемділікті, төзімділікті, ептілікті дамыту, дағдыландыру, көпір жасау, баспен тұру, волейбол добымен ереже бойынша «Пионербол» ойынын ойнату, қалыптастыру.

Сабақтың тәрбиелік мәні:
• Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, халық педагогикасын негізге ала отырып гимнастикаға, қозғалмалы, спорт ойындарына қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың өтілетін орны: Мектеп спорт залы

Сабақтың өтілетін сыныбы: 7 сынып

Сабақтың өтілу уақыты: 45 минут

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:
• Волейбол сеткасы, гимнастикалық матылар, волейбол доптары, түрлі-түсті суреттер.

№ Сабақтың мазмұны Жүктеме мөлшері Әдістемелік нұсқаулар
1 2 3 4

І Дайындық бөлім 12'-15'

1

2
3

4

5

6
7

8

9

10

11

12

13

14

15
Сыныпты бір сапқа тұрғызу.

Рапорт қабылдау, сәлемдесу.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Сынып «Түзел!», «Тік тұр!», «Оңға!», «Солға!», «Арқаға бұрылу!» жаттығуларын орындау.
Сынып оң иықпен оңға адымда. Залды айналып жүру, қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру, қол желкеде өкшемен жүру.
Жаймен жүру.
Тіркеме адыммен оң бүйірмен, сол бүйірмен алға қарап жүгіру, жай жүру.
-солға бұрылып төрт қатарға тұрғызу
-жалпы дамыту жаттығулары
-жартылай солға бұрылу
1 Жаттығу: Б.Қ. қолдар белде, аяқ иық деңгейінде.
Санақ:
1-2-3-4 басты солдан оңға қарай айналдыру,
1-2-3-4 кері қарай айналдырамыз.
2 Жаттығу: Б.Қ. оң қол жоғарыда, сол қол төменде, аяқ иық деңгейінде.
Санақ:
1-2 қолды артқа сермейміз,
3-4 қолдарды ауыстырамыз.
3 Жаттығу: Б.Қ. қол иықта, аяқ иық деңгейінде.
Санақ:
1-2 қолды білекті алға айналдырамыз, 3-4 білекті алға айналдырамыз.
4 Жаттығу: Б.Қ. қол белде, аяқ иық деңгейінде.
Санақ:
1-2 белді сол жақа қисайтамыз,
3-4 кері оң жақа.
5 Жаттығу: Б.Қ. аяқ иық деңгейінде.
Санақ:
1-қолдарды жоғары алға көтереміз,
2-еңкейтіп алға, аяқтың ұшына қолдарды тигіземіз,
3-қолдар алдымызда, отырамыз,
4-бастапқы қалып.
6 Жаттығу: Б.Қ. қолдар жанында, алға еңкейіп, аяқ иық деңгейінен алшақ.
Санақ:
1-денені оңға бұрып, оң қолдың ұшын сол аяқ ұшына тигіземіз,
2-денені солға бұрамыз,
3-4 жаттығуды қайталаймыз.
7 Жаттығу: Б.Қ. аяқ иық деңгейінен алшақ, қолдар алдымызда.
Санақ:
1-оң аяққа отырамыз,
2-сол аяққа отырамыз,
3-4 жаттығуды қайталаймыз.
8 Жаттығу: Б.Қ. отыру, қол тізеде, мұғалімнің белгісімен 4 оқушы алға жүреміз, қатармен залдың шетіне, арқаға бұрылып бір-бірінің иығынан ұстап отырып, бірге секіріп қайта орындарына келу.
30''

30''
30''

2'
5-6 рет

1'

1'30''

1'30''
5-6 рет

30''
7-8 рет

30''
6-7 рет

1'
7-8 рет

1'30''
5-7 рет

1'30''
6-7 рет

1'
6-7 рет

1'30''
2 рет
Оқушылардың спорттық киімдеріне көңіл аудару, тексеру.

Қауіпсіздік ережесін ескертіп өту.

Дұрыс және анық орындау.

Арақашықтықты сақтай отыру.

Қолдар белде, қатарды бұзбай жүру.

Б.Қ. Бастапқы қалып
Н.Т. Негізгі тұрыс
Басты айналдырғанда көзді жұмбаймыз.

Білек бүгілмейді.

Алға қарап тұрамыз.

Барлығымыз бірге орындаймыз.

Тізе бүгілмейді.

Алға қарап тұрамыз.

Қол алдымызда.

Төрт-төрттен қатарды бұзбай секіру, жүру.

ІІ Негізгі бөлім 25'-28'

1

2

3

4
Оқушылардан қатарда тұрғанда үй тапсырмасын сұрап өту \32-жаттығу\.
-Гимнастикалық матыларда отырып, аяқты алға созып, еңкейіп қолды аяқтың ұшына тигізу, еңкейіп аяқтың ұшын ұстап отыру,
-жартылай шатқа отыру, қолдар екі жанында,
-шалқалап жатып, аяқты бастан асыра матыға тигізу,
-етпеттеп жатып тербетілу,
-тигізе отырып арқаға шалқаю,

-тізелеп отыру.

Гимнастикалық матыда секіру.
-Алға домалау үшін қолды матыға тіреп, алға еңкейіп, басты аяқ ортасына жинап домалау;
-Арқаға домалау, қол тізеде, арқаға тізені тарта домалап, қолды тіреп, жинақталып отыру;
-Шалқалап жатып қолды белге тіреп, жауырынға тұру, аяқ ұшы жоғарыда,
-шалқалап жатып аяқты тіреп, қолды тіреп, жиналып көпір жасау;
-Алға жинақталып отырып, гимнастикалық матыға басты тіреп, аяқты жинай келе қолды тіреп баспен тұру.
Қозғалмалы ойын: Волейбол добымен ереже бойынша ойналатын «Пионербол» ойыны.
Екі топқа бөлініп «Намыс», «Жігер» топ басшыларын сайлап, волейбол алаңында уақытты есептеп ойнату.

І-топ басшысы: Д.Алимжанов.

ІІ-топ басшысы: Ш.Аминов.

-допты үштен артық ұстауға болмайды;
-допты лақтырып өткіземіз;
-допты қағып аламыз;
-допты бос орынға алдап тастаймыз;

-ұпайы көп топ жеңімпаз болып есептеледі.
2'
3-4 рет
2'
4-5 рет

3'
2 рет
4-5 рет

5-6 рет
30''
4-5 рет

30''
10 рет

3 рет

2'30''
1 рет

1'30''
1 рет
1'30''
2 рет
1'30''
1 рет

10'

3-4 оқушы санақты санап тұрады.

Тізені бүкпеу.

Аяқты ауысытру.

Домалап асып кетпеу.

Денені тік ұстау.

Жинақталып отыру.

Мұғалімнің белгісі бойынша орындау.

Аяқтың ұшы жоғары қарап тұру керек.
Көзді жұмбай, бас матыға тимеу керек.
Қолдың көмегімен, мұғалімнің көмегімен орындалу керек.

Волейбол алаңы.

Волейбол сеткасы.

І-топ «Намыс» тобының басшысы: Д.Алимжанов.
ІІ-топ «Жігер» тобының басшысы: Ш.Аминов

Допты қағып алу.

Допты лақтырып бос орынға түсіру.



ІІІ Қорытынды бөлім 5'

1

2

3
4
5
Бастапқы сапқа тұрғызу.

Оқушылардың сабақ барысындағы кемшіліктерін айтып өту.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма.
Оқушылармен қоштасу.
30''

2'

1'30''
1'

Үздік, нашар оқушыларды атап өту.
7-8 оқушыны бағалау.
30'' секіртпеде 60 рет секіру.

Залдан ұйымшылдықпен шығу.

Сабақты дайындаған дене тәрбиесі пән мұғалімі: \ \ Маннапов А.

Дене тәрбиесі пән бірлестік төрағасы: \ \ Сеитов З.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.