.
.
«Т о л а ғ а й» «Т о л а ғ а й» (отбасылар сайысы)
Сабақ жоспары | Предметы | Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 355 | Просмотров: 1955 | Размер: 441.8 Kb | Автор: arai(отбасылар сайысы)
Мақсаты: 1) Салауатты өмір салтын насихаттау.
2) Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
3) Оқушыларды зиянды, жат әдеттерден аулақ болуға үйрету.
Сабақты жүргізу әдісі: жарыс түрінде.
Сабаққа қажетті құралдар: доп, ысқырық, секіргіш, т.б.
Көрнекіліктер: плакат, суреттер, нақыл сөздер, т.б.
Барысы:
1 Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және ата- аналар!
Мектеп- интернатымызда алғаш өткелі отырған «Толағай» отбасылық сайысына қош келдіңіздер!
2 Жүргізуші: Келіңіздер, келіңіздер,
Бұл жарысты көріңіздер.
Бізде бәрі жүйріктер,
Күш сынасар алыптар.
Спортпен болып мәңгі дос,
Мағынасыз жүрме бос.
1 Жүргізуші: Ендеше сайысымызды бастаймыз. Сайысқа қатысатын
«Толағайлар» отбасыларын қошеметпен ортаға шақырайық
1 топ – «Денсаулық»,2 топ – «Салауат»,3 топ – «Жігер»
- Сайысымызды бастамас бұрын мектеп директоры
Р.М. Дуйсебаеваға сөз береміз.
2 Жүргізуші: Енді, «Толағайлар» отбасына әділ баға беретін әділ-қазыларды таныстырып өтейік.
1.Мектеп директоры : Р.М. Дуйсебаева
2.Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі : Г.Т.Мамметтахтиева
3.Мектеп Әдістеме жұмысының жөніндегі орынбасары:
Ү.М.Адильхановна
1 Жүргізуші: Орын алсын салауаттық санаңда
Санаң болса пайда әкелер адамға
Ерте тұрып шынық күнде ерінбей
Бақыт бітер сонда басқан қадамға
2 Жүргізуші: Ал, енді алғашқы сайымызды бастаймыз.
Алғашқы сайысымыз: «Сәлем берем халқыма»
Бұл бөлімде әр топтың сәлемдесуі, ұраны және
топты қорғауы керек.
-«Денсаулық» тобын ортаға шақырамыз!
-«Салауат» тобын ортаға шақырамыз!
-«Жігер» тобын ортаға шақырамыз!
(Әділ-қазылардың бағасы)
1 Жүргізуші: Екінші бөліміміз «Ақылыңа күші сай» деп аталады.
1-ші эстафета «Кім жылдам?» деп аталады
Ойынның шарты: Қатысушылар сөреден бастап мәреге дейін
жылдам жүгіріп жетулері керек.
Ойынымызды бастаймыз: 1, 2, АЛҒА.....
(Әділ-қазылар бағасы)
2- эстафета: «Кегли эстафетасы»
Ойынның шарты: Қатысушылар кеглидің арасынан өтіп, кері
қайтып келулері керек.
Ойынымызды бастаймыз: 1, 2, АЛҒА.....
(Әділ-қазылар бағасы)
3 эстафета: «Секіргішпен секіру»
Ойынның шарты: Қатысушылар секіргішпен секіріп, сөреден
бастап мәреге дейін жылдам секіріп
келулері керек. .
Ойынымызды бастаймыз: 1, 2, АЛҒА.....
(Әділ-қазылар алқасының бағасы)
4 эстафета : «Қаппен секіру»
Ойынның шарты: Қатысушылар сөреден мәреге дейін қаппен
секіріп келуі керек.
(Әділ- қазылардың әділ бағалары)
5 эстафета: «Допты себетке жинау»
Ойынның шарты: Қатысушылар белгіленген сызыққа жетіп,
қоржынға допты лақтырып түсірулері керек.
Қоржынға жинаған доптың санын санаймыз.
(Әділқазыларға сөз береміз)
6 эстафета: «Шеңбер эстафетасы»
Ойынның шарты: Шеңберді қолына ұстап, жалауға дейін жүгіріп жетіп, қайтарда отбасымен шеңбердің астымен
айналып мәреге жету керек.
(Әділ- қазылардың бағасын тыңдайық)
7 эстафета : «Ракетка эстафетасы»
Ойынның шарты: Сөреден мәреге дейін ракетканың үстіне
допты ұстап, айналып келулері қажет.
(Әділқазылар бағасы)
8 эстафета : «Доп эстафетасы»
Ойынның шарты: Қатысушы допты қолына ұстап сөреден
мәреге дейін жалауды айналып келуі тиіс.
(Әділқазылар бағасы)
9 эстафета: «Таяқша эстафетасы»
Ойынның шарты: Қатысушы сөреден бастап жалауға дейін таяқшамен
жүгіріп барып , сол жерде қалады. Қалған топ
мүшелері осы шартты қайталап мәреге бірге
жетулері тиіс.
(Әділқазылар бағасы)
10 эстафетасы. «Самакат эстафетасы»
Ойынның шарты: Қатысушылар сөреден мәреге дейін самакатпен
айналып келуі тиіс.
(Әділқазылар бағасы)
11 эстафета: «Үлкен ойын» эстафетасы
Ойынның шарты: Қатысушы жүгіріп шеңберден секіріп өтіп,
төсеніштің үстіндегі құбырдан өтіп ,
жалауды айналып мәреге жетуі тиіс.
(Әділқазылар бағасы)
2 Жүргізуші: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші міне, сайысымыздың соңына да жеттік.
Отбасыларымыздың арасынан озып шыққан жеңімпаздарды анықтау сіздердің құзырларыңызда, әділқазылар алқасы.
Ән:
Би «Қара жорға»
1 Жүргізуші: Әділқазылар бағасы. Құттықтау сөз.
Ойынға қатысқан ата-аналарға сөз береміз
2 Жүргізуші: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда!
1 Жүргізуші: Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай бабамызда, -
демекші бүгінгі
«Толағай» отбасылық сайысымызды осымен
аяқтаймыз.
Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!
Алматы об, Қарасай аудаңы,
Қаскелен қ, « Н.Әлімқұлов
атындағы орта мектеп-мектепке
деійнгі шағын орталықпен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі .
Дарибаева Нұрсұлу Азырханқызы,
Дене шынықтыру пән мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.