.
.
«Әулиекөл ауданының әкімдігінің білім бөлімінің Агроклиматтық жағдайлар
Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 446 | Просмотров: 5664 | Размер: 21.4 Kb | Автор:№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ
Бекітемін: Келісемін:
Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі:
Жайлибаев Т.Б. Кужахметова А.К.
«------»----------2014ж «------»----------2014ж
География пәнінің мұғалімі Бекмухамбетова Рыскул Қайрикенқызының қысқа мерзімдік сабақ жоспары
Авторлары: Бисенова Ә., Карпеков Қ. «Қазақстан физикалық географиясы» курсы
8-сынып
15.12.14ж
Сабақ тақырыбы: §.26.Агроклиматтық жағдайлар
Жалпы мақсат: Оқушыларға Агроклиматтық жағдайлар туралы білім беру.
Сілтеме: 1Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2.География оқыту әдістемесі
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Агроклиматтық жағдайлар туралы алған білімдерін қолдана білуі.Салыстыру , картамен, жұмыс дәптерімен жұмыс істей алу, әңгімелесу, баяндау.
Негізгі идеялар Агроклиматтық жағдайлар туралы түсініктерін тереңдету
Сабақта қолданылатын материалдар: 1Үлестірмелі материалдар
2.Атлас, кескін карта.
3. Интерактивті тақта
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер
АКТ
СТО
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3.Жұптық жұмыс
4. Топтық жұмыс
Дерек көздері: Оқулықтағы материалдар:-105бет
Атлас -б, кескін карта 12-13-бет
түрлі –түсті суреттер(бетшелер)
Интернет желісі
Тапсырмалар: Сызбанұсқа, сұрақтарға жауап беру, салыстыру.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыныпта «Мен қазақпын » биімен арқылы психологиялық ахуал туғызу . Биге белсенді араласады
ІІ. Білу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Миға шабуыл 1.»Қазақстанның адам өмірімен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері» тақырыбы бойынша сұрақтар қою
1.Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері қандай? Ерекше, менің пікірім бойынша ауыл шаруашылық дақылдарына жылу, ылғал және жарық керек деп ойлаймын
2.Егін шаруашылығына қандай әсері бар? Оған солт.аймақтар егінмен айналысса, ал оңтүстік аймақтар суармалы шаруашылықпен айналысады
3.Ал адамдар үшін климат барлық жағдайда колайлы деп ойлайсыңдар ма? Менің пікірім олай емес,себебі зиянда атмосфералық құбылыстарға куаңшылық, аңызғақ, үсік, көктайғақ және шаңды дауылдар
4.Енді осыларға бірнеше мысалдар келтіріп өз сөздеріңді дәлелдеңдер. Берілген сұрақтарға оқушылар ауызша жауап береді
ІІІ.Түсіну Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ой қозғау бөлімі:
1.Осыған дейінгі география курстарынан алған білімдеріңе сүйеніп климаттың адам өмірі мен шаруашылығына қалай әсер ететінін білуге болатындығын естеріңе түсіріңдер.
Тақырыпқа арналған Презентация : «Агроклиматтық жағдайлар» тақырыбына ұсынады. Берілетін материалдың мазмұны : 1.Климаттың адам денсаулығына әсері 2.Қазақстанның солтүстігіндегі агроклиматтық ресурстар. 3 Орталық Қазақстанның агроклиматтық ресурстар. 4. Қазақстанның оңтүстігіндегі агроклиматтық ресурстар. Тыңдайды,ойланады, ауызша жауап береді.
Көреді, тыңдайды
IV.Қолдану: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Қазақстан агроклиматтық ресурстарын сипаттау 1. Кескін картамен жұмыс: кескін картаға Қазақстанның климаттық картасына кейбір курорттарын түсіру.
2оқушы карточкамен жұмыс
Топпен жұмыс істеп өз пікірлерін қорғайды Кескін картаға түсіреді.
V.Талдау: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Төмендегі көрсетілген тақырыптық тапсырмаларды ұсынады: 1-топ: Өлкеміздің агроклиматтық ресурстарын тиімді пайдалануға болады Қазақстанның көп жерінде климат адамдардың денсаулығына тиімді. Медицина ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда шөлді өңірлер мен тау тұрғындарының қан қысымы, әдеттегі жағдайға қарағанда, калыпты, гипертония ауруы сирек кездеседі. Қарағайлы ормандарда, өзен мен көл жағаларында, тау аңғарларында климаттық санаторийлер аз емес. Адам баласы және өсімдік пен жануарлар тіршілігі үшін жарық, жылу, ауа және т.б. кажет екені бұрыннан белгілі. Адам баласы климат қорларының маңызды емдеу факторлары ретінде пайдалануына болады. Медициналық және курорттық климатология ғалымдары бірқатар климат элементтерін (күн радиациясы, температура, ылғалдылық, жел және т.б.) кешендік сипаттаумен шұғылданады. Мысалы, «комфорт зонасы», яғни аталған климат элементтерінің үйлесімі адамның көңіл күйіне жайлы әсер етеді.
2-топ: Өлкеміздің агроклиматтық ресурстарын тиімді пайдалану мүмкін емес Қазақстан қалаларының ауа бассейнін ластаушы көздер:формальдегид,фенол , азот диоксиді , көміртегі оксиді , хлорлы сутек , күкіртті сутек және шаң–тозаң .Бұл заттардың орташа , кейде жоғарғы концентрациялары 15 есе артық болып отырады.адамдардың денсаулығы үшін экологиялық қауіптілік дәрежесін осы заттар туралы қысқаша мәліметтер айтуға болады. Көптеген қалалар мен өнеркәсіп орталықтары ауа бассейнінің ластануының басты себебі автокөлік құралдарының қызметімен байланысты.
Атмосфера ластануының алдын алу көптеген шаралардың өткізілуімен байланысты. Олардың ішінде барлық өндірістік кәсіпорындарын тазалау құрылғыларымен жабдықтауды, атмосфераға зиянды заттардың қалдықтарын тастауды жоятын немесе төмендететін жаңа экологиялық құрылғыларды жетілдіру және оларды өндірістік кәсіпорындарға енгізуді атап өтсе болады.
Қалалар мен өндірістік орталықтардағы атмосфераны таза ұстауда жасыл өсімдіктер маңызды роль атқарады.Атмосфераның ластауына қарсы тұратын өсімдіктерге ақ акация , тал , американдық клею және т. б. Жатады. Бұл ағаштарды жасыл қорғаныш зоналарын жасау кезінде ұсынған жөн.
3-топ:бағалаушы Топпен жұмыс істеп өз пікірлерін қорғайды
VI . Жинақтау Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кері байланыс (сұрақ-жауап): 1Қазақстанның қай бөлігінде жылу мол? 2.Қазақстанның қай бөлігі астық өсіруге қолайлы?Неге?
3.Республикада қандай ауылшаруашылық дақылдарын өсіреді және қандай? 4.Климат адамның шаруашылық әрекетіне қалай әсер етеді?
Үйге тапсырмасын беру \§26. Агроклиматтық жағдайлар (оқу және түсінік айту /
Сұрақтарға жауап беру
Үй тапсырмасын орындайды
VII.Бағалау Формативті және жиынтық бағалау
Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату Өзін-өзі өлшемді бағалау, топ басшысының бағалау
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.