.
.
Батыс Қазақстан облысы Дыбыстық құбылыстар.
Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 370 | Просмотров: 2505 | Размер: 23.7 Kb | Автор: muniraТасқала ауданы
ЖББ Шежін орта мектеп- балабақшасы
География пәні мұғалімі:Карменова Бибигуль Шынболатовна
Тақырыбы: Дыбыстық құбылыстар
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды табиғаттағы дыбыстық құбылыстардың ерекшелігімен таныстыру.Дыбыс шығару көздеріне тоқтала отырып,денені қозғалысқа түсіру арқылы дыбысын естуге болатындығын бақылату нәтижесінде түсіндіру.
Дамытушылық:Дыбыстың естілуі,есту мүшелерін сақтау талаптарын орындау керектігін түсіндіре отырып,тәжірибе жасау арқылы әр түрлі заттардың дыбыс өткізгіштігін салыстыру,қорытынды шығарып,пікірлерін айтуға үйрету.
Тәрбиелік:Дыбыстарды есту арқылы қоршаған ортаны тануға болатындығына көздерін жеткізу.Табиғатты танып білу әдістерін меңгереді,зер салып қарауға дағдыланады.
Көрнекіліктер: Камертон,резонатор,домбыра,құлақтың муляжы,кестелер,суреттер,заттар /шыны ыдыс,сағат,мата,қалам,құлақ тазалағыш т.б/
Сабақ түрі: Интерактивтік сабақ
Пәнаралық байланыс: музыка,әдебиет,физика
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.
Мінекей бізде тыныштық, Жас достарым,
Естілмейді дыбыс түк Мұны жақсы ұғайық
Мұны бізде қоштаймыз, Физика құрметтеуге лайық.
Кешіккендерді тоспаймыз Дүниедегі құбылыстың мәнін де
Ғылымдардың ғылымы Табиғаттың,қозғалыстың бәрін де
Физика жайында Мүмкін емес физикасыз түсіну,
Сабағымызды бастаймыз. Физикамыз дүние кілті бүгінде.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Алдар Көсе бізде қонақта»
1-сұрақ:Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді.Ол келгенде байдың бәйбішесі сыртта бауырсақ пісіріп жатады.Алдар әңгіме айтып ұзақ отырып алғаннан соң,бай оны шайға шақырады.Шайға байдың қызы Бикеш темірден өрілген ыдысқа бауырсақты салып әкеліп,былай дейді:
-Бауырсақты ыстық кезде жеген дәмді,сондықтан суып қалмасын деп,оны темірден өрілген ыдысқа салып әкелдім.
-Жоқ,қарындасым,қателесесіз.Оданда бауырсақты ағаштан өрілген ыдысқа салсаңыз,ұзақ уақыт ыстық қалпында сақталар еді.
Сұрақ:Алдардың берген кеңесі дұрыс па?
Жауабы:Дұрыс,ағаштан жасалған ыдыста бауырсақ баяу суйды,өйткені ағаштың жылу өткізгіштігі металдікінен аз.
2-сұрақ:Үйде Алдар баймен сөйлесіп көп отырып алады.Ал байдың бәйбішесі сырттағы самаурындағы шай қайнаса да,отын бәсеңдетіп,шәйді әкелмейді.Біраздан соң Алдар Көсе:
-Бәйбіше,сырттағы самаурындағы шай қайнап жатыр,-деген екен.Сонда асып-сасып бәйбіше: -оны қайдан көріп отырсыз қу Алдар?, - деген екен.
С ұрақ: Алдар шынында да, шәйдің қайнағанын қайдан білді?
Жауабы:Шай қайнағанда,судың ауа көпіршіктері су бетіне көтеріледі де,су бетіне жеткенде жоғарыдағы атмосфералық қысымның әсерінен жарылады да,өзіне тән дыбыс шығарады.
3-сұрақ Алдар шәйға қанып алып,орынан тұрып кетуге ыңғайланды.Үй иесі есікті ашқаны сол еді,үйге бір мысық кіре кетті. Алдардың көзі кірген мысыққа түсті, мысықтың жүні үрпейген,мысыққа қарады да, құлақшынын алып: -Құлақшынымды кие шығайын далада суық екен- деді.
Сұрақ: Далада күннің суық екенін Алдар қайдан білді?
Жауабы: Үйге кірген мысықтың жүніне қарап Алдар далада күннің суық екенін білді.Күн суықта барлық жануарлар,соның ішінде мысық жүнін үрпитіп,торситып жүнінің арасынакөбірек ауа жинайды.Ауа жылуды нашар өткізеді.:
Физика мақал-мәтелдерде
1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.
2. Нан піскенше, күлше күйеді.
3. Тонның жылуы терісінен емес-жүнінен.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Қызығушылығын ояту. ( музыка тындату, көңіл күйлерін сұрау арқылы сабақ тақырыбын, мақсатын анықтату.)Дәптерге күн жарын,тақырыбын жазғызу.
2. Ой дамыту. Ұғыммен жұмыс.
Дыбыс дегеніміз не? Дыбыссыз тіршілік бар ма?
Дыбыс дегеніміз-тербелістің толқын түрінде ауада таралуы.Кез-келген денені қозғалысқа түсіру арқылы, оның дыбысын естуге болады. Тапсырмалар беру:қаламсап домалату,екі алақан арасынан үру,бояумен қағаз бетіне бояу арқылы дыбыстың естілетінін анықтату.
3. Дыбыс көзі –дыбысты шығаратын денелер. Камертон-өте таза дыбыс шығаратын құрал.Әлсіз дыбыс шығарады. Резонатор-камертонның дыбысын күшейтетін жәшік. ( қағып көрсету) Дәптермен жұмыс.
Домбыра: Ата-бабамыз көзінің қарашығындай сақтап келген,әр үйдің төрінде ілулі тұрған қасиетті домбыра.Еліміздің тәуелсіздігімізге дейін қайғы-қасіретін,қуанышын,қазіргі егемендігін жырлар келген киелі аспап./домбыраны көрсету/Домбыра 3 бөліктен тұрады:басы,мойыны,шанағы. Мында дыбыс көзі-шегі,ал резонатор-шанақ.
Еске салу:Ән орындағанда қолдарыңмен жайлап тамақтарыңды басып көрсеңдер,дыбыс тербелісін байқауға болады. «Домбырасыз ән қайда?» әнін орындату.
4. Есту мүшесі-құлақ.Дыбыс ауа арқылы есту түтігіне өтеді,дабыл жарғағына барып,соғылып,дірілдетеді.Бұл діріл ұлуға барып,түтігі арқылы сұйықтыққа өтіп миға дабыл туғызады. (муляжін көрсету,схемамен таныстыру,есту мүшесін сақтау ережесімен таныстыру.) Оқулықтан ережені оқыту.
5. Дыбыс қаттылығының шкаласымен таныстыру.Дыбыстың қаттылығын децибелмен өлшейміз.Адам 10дБ---130дБ арасындағы дыбыстарды ести алады. /дәптермен жұмыс/ Одан жоғары қаттылық адам өміріне зиянын келтіреді.
6. « Шу» деңгейінің ағзаға әсері. Кестесімен жұмыс
Тіршілік дүниесі көбеюі өсуі дамуы қоректенуі Демалуы
Бактериялар + - - - -
Саңырауқұлақтар + +- + - -
Өсімдіктер - - + + -
Жануарлар + - + + -
7. Дыбыс қандай жылдамдықпен қозғалады? Кесте, тапсырмалар беру.
Қоршаған ортада дыбыс әртүрлі жылдамдықпен тарайды.
Табиғи орта Дыбыстың таралу жылдамдығы м/сек
Ауа
Су
Пластмасса
Шыны
Ағаш
Адам терісі
Кірпіш
темір 344
316
2500
6000
4115
1530-1600
3600
4510
Тапсырмалар беру:
1.Бос ыдыс пен суы бар ыдысқа қарындашты салып қағу,дыбысты бақылату.
2.сағатты партаға қойып тыңдату құлақпен,сосын астына мата қойып тыңдату,дыбыстың қалай өткізгіштігін салыстыру.
ІV.Ой қорыту. Тест жұмысы. ( өздері қатесін тексереді).
V. Үй тапсырмасы: 38 тақырып. 94-96 бет оқу
«Мектептегі шу деңгейін қалай азайтуға болады?» эссе жазу.
VІ. Бағалау./түсініктемемен/
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.