Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Еуразияның халқы және елдері. -

Еуразияның халқы және елдері.

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 393 | Просмотров: 2709 | Размер: 74.0 Kb | Автор: munira
. «Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ

Ашық сабақ
Тақырыбы: Еуразияның халқы және елдері




Пән мұғалімі: Д.Тлеулиева
Сыныбы: 7


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Еуразия халқы, санымен орналасуы Еуразияның ұлттық және тілдік құрамы
туралы білімді қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқыту барысында әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың
білімге қызығушылығын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту,
ой- өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды халқын, ұлтын сүйе білуге өзара сыйластыққа, үнемі сабаққа
дайын келуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ: түсіндірмелі, сұрақ жауап, тест жұмысы, ойындар картамен
жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дүние жүзінің саяси картасы, Еуразияның саяси
картасы, плакаттар, дидактикалық материалдар, карточкалар, кестелер.
Сабақтың барысы:
I ұйымдастыру бөлімі:
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау
4. Оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, түсіндіру
5. Өткен тақырып бойынша, білім- білік дағдыларын тексеру
II. Үйге тапсырмасын сұрау:

1. Мына аталған табиғат зонасының қайсысы Еуразия материгінде кездеседі?
А) Тайга Б) Ылғалды экваторлық ормандар
Ә) Тундра В) Осы аталғандардың бәрі
2. Неліктен Тундра зонасы Еуропалық бөлікте полярлық шеңбердің солтүстігіне қарай, ал Азиялық бөлікте оңтүстікке қарай орналасқан?
А) Орал тауының жатуынан Б) Солтүстік Мұзды мұхит әсерінен
Ә) Теңіздік климаттың әсерінен В) Арктикалық ауа массасының еркін енуінен
3. Қоңыржай белдеудегі табиғат зонасы?
А) Тайга
Ә) Тундра
Б) қара топырақ
В) күлгін топырақ
4 Қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы
А) тайга
Ә) тундра
Б) шөлейт және шөл
В) орманды дала және дала
5 Қиыр шығыста қорғауға алынған ірі жыртқыш Уссурий жолбарысы қай белдеуде кездеседі
А) арктикалық және субарктикалық
Б) субтропиктік
Ә) қоңыржай
В) субэкваторлық
6 Құмды шөлдерде сабағы қатты жапырағы ұсақ немесе тікенекке айналған құрғақшылыққа
төзімді өсімдіктер қалай аталады
А) эфемерлер
Ә) хамадалар
Б) ксерофиттер
В) оазистер
7 Ірі орангутандар қай жерлерде кездеседі
А) субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандарда
Ә) тропиктік шөлдерде
Б) биіктік белдеулерде
В) ылғалды экваторлық ормандарда
8 Толық жетіспеген батпақты топырақтардағы мүкті-қыналы және бұталы өсімдіктерден тұратын климаты қатал белдеу қалай аталады
А) Тундра
Ә) шөл
Б) Тайга
В) шөлейт
9 Тек қана қалқан жапырақты ағаштар өсетін зона қалай аталады
А) шөлейт және шөл
Ә) Тайга
Б) Тундра
В) Орманды дала және дала
10 Тайга зонасында өсетін қыста қылқандарын түсіретін ағаш
А) Қарағай
Ә) Шырша
Б) Май қарағай
В) Балқарағай
11 Жазы өте суық және қысқа қысқы температурасы -40 С тан төмен болатын мұздан босаған
жерлерде мүк, қына, балдырлар өсетін табиғат зонасы
А) орманды тундра
Ә) тайга
Б) арктикалық шөл
В) дала
12 Тайга зонасында таралған топырақ түрі
А) фералитті
Ә) күлгін
Б) қоңыр
В) ашық қара қоңыр
13 Гималай тауының оңтүстік беткейіндегі ең төменгі белдеу
А) саванна
Ә) шөлейт
Б) терая
В) тропиктік шөл
14 Солтүстік жарты шардың барлық климат белдеулерін алып жатқан материк
А) Еуразия
Ә) Африка
Б) Аустралия
В) Антарктида
15 Еуразия материгінің ең ыстық аптапты шөлін көрсетіңіз
А) тар шөлі
Ә) қызылқұм шөлі
Б) гоби
В) қарақұм шөл
III. Жаңа сабақты оқып үйрену жоспары:
а) Еуразияның халқы
ә) Қытай, Үндістан
б) Ұлттық және тілдік құрамы
г) Әлемдік тілдер
д) Елдері
е) «Әлемнің жеті кереметі»
Тест жауаптары
1-В 9-Ә
2-Ә 10-В
3-В 11-Б
4-А 12-Ә
5-Ә 13-Б
6-Б 14-А
7- В 15-А

Елдің аты Астанасы
Ресей Мәскеу
Үндістан Нъю Дели
Қазақстан Астана
Сауд Арабиясы Эр-Рияд
Монғолия Улан-Батор
Иран Тегеран
Қытай Пекин


Еуропалық тектес нәсіл Монғол тектес нәсіл Экваторлық нәсіл
1-Оңтүстік 1-Азиялық 1-Африкалық
2-Солтүстік 2-Америкалық 2-Австралиялық


Әлемдік діндер

Ислам Христиан Буддизм

Сүннит шиит
Қазақ Әзірбайжан

«ЕУРАЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ САЯХАТ»
1Халықтың жыл сайынғы өсуі қарқынды жүріп жатқан мемлекеттері (Қытай,Үндістан)
2Экваторлық нәсіл өкілдері қай жерде қоныстанған (Шри Ланка аралымен Үндістан)
3Ең көп тілді мемлекет (Үндістан)
4Еуразиядағы үлкен елдер қатарына жататын елдер (Ресей,Қытай,Үндістан)
5Дүние жүзіндегі аса дамыған елдерді ата (Ұлыбритания,Франция,Германия, Италия, Жапония)

«Әлемнің жеті кереметі»
Атауы Қазіргі орны
Гизадағы Египет пирамидасы Египет
Вавилонның Семирамида аспалы бақтары Бағдад маңы, Ирак
Эфестегі Артемида храмы Эфес қаласы, түркия
Алып Зевс мүсіні Олимп тауы, Грекия
Галикарнас мавзолейі Түркия
Родостағы Колосс (Гелиос мүсіні, биіктігі 37м ) Родос аралы Грекия
Фарос маягы (шамамен биіктігі 143 м болған) Александрия Египет

Ү Картамен жұмыс «Кім тапқыр» ойыны
1 Ресейді картадан көрсет?
2 Халқының өзі 2 млрд-тан асып отқан 2 елді көрсет?
3 Біз мемлекетіміз Қазақстанды картадан көрсет?
4 Астанасы Эр- рияд ол қай қала?
ҮІ Кескін картамен жұмыс
Ірі 5 елді картаға түсіру.

ҮІІ Қорытындылау: Сөзжұмбақ
1 Астанасы Пекин (Қытай)
2 Сүннит және Шиит тармақтарынан тұратын дін түрі (Ислам)
3 Азиялық және Америкалық болып бөлінетін нәсіл (Монғол)
4 Түркиядағы Кесене (Галикарнас)
ҮІІІ Үйге тапсырма: § 23 Мазмұнын айту. Кескін картаға Еуразияның ең жоғары дамыған елдерін астанасымен түсіру.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.