.
.
«Әулиекөл ауданының әкімдігінің білім бөлімінің География пәнінен тапсырмалар жиынтығы 6-8сынып
Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 2469 | Просмотров: 26887 | Размер: 253.5 Kb | Автор:№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ
Бекмухамбетова Рыскуль.Қайрикенқызы
III деңгейінің сертификатталған география пәні мұғалімі
Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу.
Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН, 70 бет]
Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН, 107 бет]
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
• Мектепте оқыту сапасын жоғарлату
• Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
• Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
• Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
• Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
• Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
• Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
• Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
• Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Практикалық маңызы
• Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;
• Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен) салыстырылады;
• Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады;
• Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:
• Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
• Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
• Сабақ берудің сапасын арттыруға;
• Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
• Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
• Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
• Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
• Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
• Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
• Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата-аналар үшін:
• Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
• Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
• Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Критерийдің мазмұны:
Критерийлер
Дескрипторлар
А Білу және түсіну
Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу
В Қолдану
Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады
С Сыни ойлау және зерттеу
Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.
D
Коммуникация және рефлексия
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактылар мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.
Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастыру.
Әдебиеттер
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей.
2. http://moodle.nis.edu.kz
Ұпайлардың жалпы саны Тоқсандық баға Тоқсандық баға
50 A* 5
42-50 A
31-42 B 4
24-30 C
0-23 D 3
География пәнінен оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған критерийлер:
№1кесте
Критерийлер
Оқушылар жетістіктерінің ең жоғары ұпайы
А (Білім мен түсіну) 6
В (Қолдану) 6
С (Сыни ойлау және зерттеу) 6
D (Коммуникация және рефлексия) 6
Барлығы 24
Ұпайларды бағаларға айналдыратын шәкіл:
№2 кесте
Ұпайлар саны Бағасы Орындалу пайызы
0-14 2 60% және одан төмен
15-17 3 61-74%
18-21 4 75-88%
22-23 5 89-100%
Критерийлер және олардың сипаттамасы №3 кесте
Критерийлер
Дескрипторлар
А Білу және түсіну
Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу
В Қолдану
Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады
С Сыни ойлау және зерттеу
Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.
D
Коммуникация және рефлексия
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактылар мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.
География пәнінде кездесетін терминдер бойынша.
Тақырып бойынша құзыреттілік тапсырмалар
А критериі (Білім мен түсіну ) 6 ұпай
1-тапсырма. Сәйкестеңдіріңдер:
1.антициклон жер қыртысының тұрақты бөлігі
2.Геосинклиналь жер қыртысындағы терең
жарылыстардың жиынтығы
3.Гуаношөл зонасындағы жер асты
суларының орналасқан жерлер мен өзен аңғарларын айтады
4.Кампосжер қыртысының қозғалмалы бөлігі
5.Платформа атмосферадағы ауа қысымы жоғары аймақ
6. Самум құс саңғырықтарынан пайда болатын азотты тыңайтқыш
7.Рифт Бразилия саваннасы
8. Шұрат жаздағы жиі-жиі құмды дауылдар
9.Терая ылғалды бойына жинайтын
өсімдіктер
10.Суккулент Гималайдың оңтүстік беткейіндегі
ең төменгі белдеу
Дескрипторлар
Нәтижеге жету деңгейі А критерийі
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады
1 Оқушы 1терминнің зерттеу нысанын дұрыс анықтады
2 Оқушы 2-3терминнің зерттеу нысанын дұрыс анықтады
3 Оқушы 4-5 терминдердің зерттеу нысанын дұрыс анықтады
4 Оқушы 6 терминнің зерттеу нысанын дұрыс анықтады
5 Оқушы 7 терминнің зерттеу нысанын дұрыс анықтады
6 Оқушы барлықтерминнің зерттеу нысанын дұрыс анықтады
2-тапсырма. Географиялық әдістерді белгілейтін сөздерді бос орынға жазыңдар.
Географиялық диктант:
1. Орал мен Еділдің арасындағы ойпат-------------
2. Павлодар орналасқан жазық.---------
3. Қазақстанның ----------жазығы
4. Қазақстанның орталығындағы -----таулы аймақ.
5. Балқаш өзенінің батысында орналасқан -----------
6.Тянь-Шань тауының солтүстік батысында орналасқан
7. Никельге бай таулар------------
8. Сырдария өзені ағып өтетін жазық дала--------------
9. Полиметал кеніне бай шығыста орналасқан тау-------------
10. Қазақстанның ең биік нүктесі орналасқан таулы ----------------
12. Қаспий теңізінің жағалауында орналсқан аласа тау---------
13. Ең биік нүктесі -----болып саналатын таулы жота.
Дескрипторлар
Нәтижеге жету деңгейі А критерийі
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады. Оқушы 1дұрыс жауап береді.
1-2 Тақырып бойынша білімі мен түсінігі толық қалыптаспаған. Оқушы 2дұрыс жауап береді.
3-4 Тақырып бойынша білімі мен түсінігі қалыптасқан. Оқушы 3дұрыс жауап береді.
5-6 Оқушы тақырып бойынша үздік білім мен түсінігін көрсетеді. Барлық жауаптары дұрыс.
3-тапсырма. Тест «Оңтүстік Американың ішкі сулары»
Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған сұрақтар
1.Оңтүстік жарты шар материктеріне қандай құрлықтар жатады?
2.О.Америка жер көлемі жағынан нешінші орында?
3.Жер шарындағы ең мол сулы өзен?
4.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама?
5.Анд тауындағы көлдердің ішіндегі ең ірісі?
6.Анд тауының ұзындығы?
7.О.Американы кімдер зерттеді?
8.Жер шарындағы аса ірі ойпаттарды атаңдар?
9.Анд тауларын ежелгі инктердің басқаша атауы?
10.О.Америкаға әсер ететін ауа массаларының түрлері?
Дескрипторлар
Нәтижеге жету деңгейі А критерийі
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады. Тест сұрақтарының 50% (5 сұрақ) қате орындалған.
1-2 Тақырып бойынша түсінік қалыптаспаған. 6-7 дұрыс жауап берілген.
3-4 Тақырып бойынша түсінік толық
қалыптаспаған. 8 дұрыс жауап берілген.
5-6 Оқушы тақырып бойынша үздік білім мен түсінігін көрсетеді. 9-10 жауаптары дұрыс берілген.
Вкритериі ( Қолдану ) 6 ұпай
1-тапсырма. Географиялық құралдарды анықта және рет - ретімен орналастыр.
1. 2.
3. 4.
5. 6.
Дескрипторлар
Нәтижеге жету деңгейі В критерийі
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады.
1 Оқушы географиялық құралдарды анықтап, рет-ретімен орналастырғанда әр қайсысында1-2 қателер жібереді.
2 Оқушы берілген географиялық құралдарды дұрыс анықтайды, рет-ретімен орналастырғанда 2 қате жібереді.
3-4 Оқушы берілген құралдар бойынша дұрыс анықтайды, рет-ретімен орналастырғанда 1қате жібереді.
5-6 Оқушы берілген географиялық құралдарды дұрыс анықтайды, рет-ретімен қатесіз орналастырады.
Скритериі (Сыни ойлау және зерттеу) 6ұпай
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер:
№1 тапсырма
1. Қазақстанның климаты қандай факторлармен анықталады? Сызба түрінде көрсет. (1 ұпай)
2. Күн радиациясы деген не ? Олардың түрлерін сызбаға сал.? (2 ұпай)
3. 660 меридиан бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай жиынтық күн радиациясы қалай өзгереді? Өзгері себептерін анықта (оқулықтан 79 бет, картадан ) (3 ұпай)
№2 тапсырма
А) атмосфера циркуляциясы деген не ? (1 ұпай)
Б) ауа массалары деген не? (1 ұпай)
Кестені толтыр (5 ұпай)
Ауа массаларының қасиеттері
температура ылғалдылық
Арктикалық
Қоңыржай
Тропикалық
Дескрипторлар
Нәтижеге жету деңгейі С критерийі
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады.
1-2 Оқушы дұрыс жауап береді, бірақ ғылыми дәлелдемелерді келтіре алмайды.
3-4 Оқушы дұрыс жауап береді, бірақ ғылыми дәлелдемелерінде кемшіліктер кездеседі.
5-6 Оқушы ғылыми ақпараттарды талдау және саралау негізінде , ғылыми дәлелдемелері бар анық дұрыс жауап береді.
№ 1 жұмыс
Тақырып аты: «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІШКІ СУЛАРЫ»
Тақырып бойынша құзыреттілік тапсырмалар
В критериі ( Қолдану ) 6 ұпай
1-тапсырма. 1. кластер құрастыр «құрлық суы»
2.§ 27 .1б оқып , «өзендерді топтау» алаптар бойынша 3.өзен алаптарының суайрығы қайдан өтеді?
Дескрипторлар
Нәтижеге жету деңгейі В критерийі
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады.
1 Оқушы тапсырманы сызба-нұсқа түрінде орындамаған.
2 Оқушы тапсырманы ұқыпсыз орындаған, мазмұның жартылый қамтыған.
3 Оқушы тапсырманы ұқыпсыз орындаған, мазмұның толық қамтыған.
4 Оқушы тапсырманы ұқыпты орындаған, мазмұның жартылый қамтыған.
5 Оқушы тапсырманы ұқыпты орындаған, мазмұның толық қамтыған.
№ 2 жұмыс
Тақырып аты: Сарамандық жұмыс №1
1.мына ұғымдарға анықтама бер: көл, өзен, құлауы, қимасы, жылдық ағын, су шығыны..
2.Қазақстан өзендері қандай алаптарға жатады? Мысал келтір:
3.сәйкестендір
дүние бөлігі өзен торының жиілілігі ( 100 кв. км)
1. солтүстік А) 2-4км
2.орталық В) 4-6км
3.оңтүстік С) 0,5км
Өзен торы жиілілігінің себебін түсіндір.
4. Ертіс өзенінің графигін сипатта.
5.Қоректену бойынша қандай типтерге бөлінеді.?
6.Су қоймасы деген не? Қай өзендердің бойында орналасқан? Олардың маңызы.
7.Каспий теңізін қорғаудың маңыздылығы.
8.Арал теңізіндегі экологиялық ахуал қандай жағдайға әкеп соқтырады
Дескрипторлар
Нәтижеге жету деңгейі С критерийі
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады.
1-2 Оқушы өткізген тәжірибе бойынша талдау жасауға және қорытынды шығаруға тырысады.
3-4 Оқушы өткізген тәжірибе бойынша талдау жасайды, жартылай қорытынды шығарады, бірақ ғылыми дәлелдемелерді келтіре алмайды.
5-6 Оқушы өткізген тәжірибе бойынша талдау жасайды, ғылыми дәлелдемелері барқорытынды шығарады.
№ 3 жұмыс
С критериі (Сыни ойлау және зерттеу )
2-тапсырма. Cұрақтарға жауап беріңдер:
1. Түсіндіріңдер, жер қабықтарының неге әртүрлі болады?
Дескрипторлар
Нәтижеге жету деңгейі С критерийі
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады.
1-2 Оқушы сұраққа жауап барысында ғылыми талдау жүргізеді, бірақ қателер жібереді.
3-4 Оқушы сұраққа жауап барысында ғылыми талдау жүргізеді, дұрыс жауап береді, бірақ ғылыми дәлелдемелер келтірмейді.
5-6 Оқушы сұраққа жауап барысында ғылыми талдау жүргізеді, толық ғылыми дәлелдемелері бар анық жауап береді.
№4«Қазақстанды физикалық тұрғыдан аудандастыру .
Қазақстанның жазықтары.»
Тапсырма №4
1. §41, 42, 43 жазықтардың экологиялық проблемаларын тауып, жазып ал
2.Экологиялық проблемалардың шығу себептерін ауызша әңгімеле.
3.Оқулықпен, хрестоматиямен, қосымша материалдармен жұмыс жасай отырып, жазықтардағы ерекше қорғалатын аймақтарды тауып ал.
А критериі (Білім мен түсіну ) 6 ұпай
Дескрипторлар
Нәтижеге жету деңгейі А критерийі
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады.
1-2 Оқушы берілген тапсырмалар бойынша проблемалардың шығу тегін анықтағанда қателер жібереді. Топтарға бөлуге тырысады, 2 қатеден көп жібереді.
3-4 Оқушы сурет бойынша жазықтарды дұрыс анықтайды. Топтарға бөлгенде1-2 қате жібереді.
5-6 Оқушы тақырып бойынша үздік білім мен түсінігін көрсетеді. Барлық жауаптары дұрыс.
ІІ.Бағалауға шолу жасау
«География» пәні төмендегі бағалау критерийлерімен бағаланады:
Критерийлер Дескрипторлар
А Білу және түсіну Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу
В Қолдану Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады
С Сыни ойлау және зерттеу Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелегенсыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп , бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.
D Коммуникация және рефлексия Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактылар мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін көрсету. Басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді , оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.
Оқу бағдарламасына сілтеме Оқыту мақсаттары
Білу және түсіну
Гидросфера Дүние жүзілік мұхит суының негізгі бөліктерін анықтай алады.
Мұхит суының қозғалыс түрлерін атай және олардың себептерін түсіндіре алады
Дүниежүзілік мұхиттардың географиялық орны және көлемін біледі
Су температурасының ендік пен тереңдікке байланысты өзгеру себептерін түсінеді.
Мұхит суларының тұздылығына әсер ететін факторларды біледі.
Білу және түсіну
Биосфера Табиғи аймақтарды сипаттау және салыстырады
Жоғары биіктік зоналарының сипаттамасын біледі
Қолдану
Гидросфера Дүниежүзілік мұхиттардың салыстырмалы көлемі мен дүниежүзілік мұхиттардың құрлыққа қатынасына шеңберлі диаграмма жасай алады.
Картадан мұхит пен теңіздердің тереңдіктерін анықтай алады.
Картаны пайдаланып, мұхиттар, теңіздер жәнеағыстарды сипаттай алады.
Жылы және суық ағыстар арасындағы ерекшеліктерін және мысалдарды түсінеді. Мұхит ағыстарының материкке тигізетін әсерін түсінеді.
Судың тұздылығын есептей алады.
Толқындардың құрылысын көрсететін сызба (диаграмма) сала алады .
Қолдану
Биосфера Жағрафиялық мембрананың басты заңдары мен ерекшеліктерін түсіндіреді (экожүйенің жағрафиялық ортасы)
Сын тұрғысынан ойлау және зерттеу
Гидросфера Ластану және мұхит суының ластану себептерін түсінеді.
Ластану себептері және мұхит суын қорғау жолдарын зерттей алады
Биосфера Биіктік зоналардың сызбасын жасап, талдайды.
Фотосуреттерден жағрафиялық мембрананың (экожүйенің жағрафиялық ортасы) ерекшеліктерін анықтай алады;
4. Коммуникативтық дағдылар және рефлексия Гидросфера Судың толысу энергиясын қолдану мүмкіндігін жеке елдер бойынша сипаттап, дәлелдей алады, тұжырым жасайды
7-сынып
Формативті жұмыс – 18 балл (30
Суммативті жұмыс – 28 балл (70
Критерийлері Балл саны Оқыту мақсаттары Тапсырма сипаты
A 8 ОМ 1. Дүниежүзілік мұхиттардың орналасуын, бөліктерін, тұздылықтарын, температура айырмаларын, тереңдіктерін, қозғалысын білу Тест тапсырмалары: (Көп жауап нұсқаларынан таңдау жасау)
Графикалық тест (сызбалармен жұмыс)
ОМ 2. Ендік және биіктік табиғат зоналарын профильде ажырата алу және сипаттамасы арқылы таба білу
B 7 ОМ 3. Кескін карталарда мұхиттардың тереңдіктерін көрсете алу, толқын құрылымын көрсететін кескін сыза алуы Графикалық тест (картамен, кескін картамен, сызбалармен жұмыс)
ОМ 4. Экожүйенің (биогеоценоз) географиялық орнын салыстыру арқылы ажырата алуы
C 8 ОМ 5. Мұхит суының ластану түрлерін берілген сызба бойынша сипаттай алуы Қысқаша жазба жұмысы
ОМ 6. Таулардың биіктігіне байланысты биіктік зоналарының ауысу заңдылығын түсіндіре алуы
D 5 ОМ 7. Судың толысуы қалай болатынын, оны шаруашылықтың қандай саласында қолдануға болатындығына жеке елдерді мысалға ала отырып сипаттама жасау Толық келтірілген дәлелдемелер арқылы жазылған жазба жұмысы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.