Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Гидросфера  тарауын  жинақтап  қайталау. -

Гидросфера тарауын жинақтап қайталау.

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 350 | Просмотров: 2438 | Размер: 215.3 Kb | Автор: munira
. Атырау облыс, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы (аудан, қала, ауыл), Жаңашаруа қазақ орта мектебі, ашық сабақ(5-сыныбы) Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы.

Сабақ тақырыбы: Гидросфера тарауын жинақтап қайталау.
Сабақ мақсаты: 1.Білім беру: «Гидросфера тақырыбы бойынша
алған білімдерін қорытындылап, бір жүйеге
келтіру.
2.Дамыту :Әр түрлі білім көздерімен жұмыс
жасауды дамыту.
Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп
шығармашылық ойларын өсіру. Өз ойларын
еркін айтып қорытынды жасай білуге
дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Экалогиялық тәрбие беру
мақсатында, оқушыларды су обьектілерін қорғай
білуге , ластамауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карта. Интеративті тақта т. б.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы (Жинақтау).
Типі: Жарыс сабағы.
Сабақ беру әдісі: Топпен жұмыс, жекелей және жалпы сыныппен.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Кабинеттің, сынып
оқушыларының сабаққа дайындықтарын тексеріп,
сабақты бастау.
Сынып оқушылары 2-топқа бөлінеді.
«Тасқын» тобы. Ұраны: «Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда».
«Толқын» тобы. Ұраны «Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды».

ІІ.Өткен материалды қайталау жұмыстары.
І. Білім сайысы.
Өткен сабақтан жалпылама сұрақтар:
1.Су тек қана сұйық күйде кездесетін планета.(Жер).
2.Мұхит дегеніміз не?
3.Дүниежүзілік мұхиттың құрамына қандай мұхитттар кіреді?
4.Судың химиялық формуласы. (Н2О).
5.Өзен дегеніміз не?
5.Табиғаттағы су айналымы дегеніміз не?
6.Өзеннің басталатын жері (Бастауы).
7.Теңіз дегеніміз не?
8.Өзеннің басқа өзенге, көлге немесе теңізге құятын жері (сағасы).
9.Жер бетінде су көп пе, жоқ әлде құрлық па? (71% -су, 29% -құрлық).
10.Кез келген өзен басталатын жерінен сағасына дейінгі ойпаңмен ағады.(Аңғар).
11.Дүние жүзіндегі ең терең көл қалай аталады?(Байкал).
12.Әлемдегі ең тұзды су қай теңізде? (қызыл теңізде).
13.Өзенді барлық салаларымен қоса не деп атайды? (Өзен алабы).
14.Ең мол сулы өзен.( Амазонка).
15. Табиғаттағы тұщы су қоры (2,5%).

ІІ.Картамен жұмыс. Кескін картаға мұхиттарды тауып белгілеу.
3. Сәйкестігін табыңдар.
1.Арал а)Биіктен төмен қарай құлай аққан су
2.Арасан ә)Құрлық үстіне жинақталған мұз.
3.Архипелаг б)Айналасын сумен қоршалған құрлықтың кішігірім
бөлігі.
4.Шұңғыма в)Судың газ күйінен сұйық күйге ауысуы.
5.Сарқырама с)Минерелды немесе жылы сулар.
6.Шығанақ д)Жер бетінде табиғи ойыстарға жинақталған су.
7.Мұздық г)Бір-біріне жақын, жалғас аралдар тобы.
8.Көл е)Мұхиттардың ең терең жері.
9.Конденсация ж)Құрлыққа сұғына енген көл, теңіз, мұхит
суларының бір бөлігі.
Жауабы:1-б, 2-с, 3-г, 4-е, 5-а, 6-ж, 7-ә, 8-д, 9-в.

ІІІ. «Жұмбақтас» (3-түрлі тапсырма орындайды).

1.Номенклатура (Географиялық обьектілерді картадан көрсету).
2.Географиялық диктант.
Қай мұхит туралы айтылып тұрғанын табу.
1.Ауданы 178,6млн км, ең терең жері-мариан шұңғымасы. Ең жылы сулы мұхит. Ұзындығы 30метрге жететін кит, 15метрге жететін акулалар және өсімдіктердің алкан түрлері кездеседі.
Жауабы: Тынық мұхиты.
2.Ең кіші, таяз, суық мұхит. Ең терең жері Гренленд шұңғымасы.
Жауабы:Солтүстік мұзды мұхиты.
3.Негізгі бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан. Ауданы 76,2 млн км. Ең жылы мұхит. Терең жері Зонд шұңғымасы.
Жауабы: Үнді мұхиты.
4.Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан мұхит. Ең терең жері -Пуэрто-Рико шұңғымасы. Дүние жүзінің көптеген өзендері келіп құяды. Балық ресурсы мол кездесетін мұхит.
Жауабы: Атлант мұхиты.

3.Өзіндік жұмыс
1.Бір оқушы шығып 1литр суға 30-35 грамм тұз салып араластырып, дәмін татып көрсетеді. Осындай дәм- теңіз суының дәміне ұқсас болып келеді. Демек 1литр теңіз суының құрамында 35грамм тұз болады. Тұз суда ериді.
2.Бір оқушы шығып 1литр суға бір уыс топырақ салып араластырып, бірнеше минутқа дейін оны тұндырып қойады. Демек топырақ суда ерімейді.

ІҮ.Семантикалық картаны толтыру:

р/с

Тақырып

Грен ландия

Байкал Саргасс Үнді Ертіс Беринг Мада гаскар Қара Солтүстік мұзды

1 Теңіз + + +
2 Мұхит + +
3 Өзен +
4 Арал + +
5 Көл +

Ү. « Сандар сөйлейді» бөлімінде шұңғымалардың тереңдігі айтылады.
Оқушы қай шұңғыма екенін атап табады.

7729м-Үнді мұхиты. Зонд шұңғымаса.
11022м- тынық мұхиты. Мариан шұңғымасы.
5527м- Гренланд шұңғымасы. Солтүстік мұзды мұхиты.
8742м-Пуэрто-Рико. Атлант мұхиты.

ҮІ. Карталар құрастыру.

ҮІІ. Сөзжұмбақ арқылы сабақты қорытындылау. «Гренландия»

Сұрақтары:
1.Тынық мұхиты жағалауындағы теңіз. (Беринг).
2.Д.Ж ең үлкен көл (Каспий)
3.Д.Ж ең үлкен арал (Гренландия)
4.Су бетінде жүзіп жүретін мұз тау (Айсберг)
5.Д.Ж ең үлкен бұғаз (Мозамбик).
6.Аса күшті жаңбырдан , қар мен мұздықтардың тез еруінен су деңгейінің көтерілуі. (Тасқын).
7.Жердің су қабығы. (Гидросфера)
8.Қолдан жасалған су қоймасы. (Бөген).
9.Қазақстандағы ең ұзын, суы мол өзен. (Ертіс)
10. Ең үлкен теңіз. (Саргасс).

Г
Р Г
Б Е А И
Е К Н Й Д С
Р А Л С Р Б А
И С А Б Т О Ө Р
Н П Н Е М А С Г Е Г
Г И Д Р О С Ф Е Р А
Й Г З Қ Е Н Т С
А Ы Р І С
М Н А С
Б
И
К
ҮІІІ.Үйге тапсырма. Қайталау. Суға байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар жаттап келу

ІХ. Бағалау. Сайыс бойынша жауап берген оқушылар үш түрді: қызыл жұлдызша, көк жұлдызша, сары жұлдызшамен бағаланады.
Қызыл-5, көк-4, сары-3. Қай топ оқушылары қандай жетонды көп жинайды, соған қарап оқушы және бағасын анықтайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.