.
.
ҚОНЫСОВА ТАМАРА «Литосфера» тарауын қайталау.
Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 344 | Просмотров: 3114 | Размер: 30.1 Kb | Автор: munira№41 М.Оразалиев атындағы
шағын жинақты жалпы орта мектебінің
география пәні мұғалімі
6-сынып, география
Сабақтың тақырыбы: «Литосфера» тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: оқушылардың тақырып мазмұнын меңгерту. Литосфера тарауын жете түсіну, талдауға үйрету.
ә) дамыту: оқушыларға әр кезеңде әр түрлі ізденуге, зерттеуге ойлауға, картамен жұмыс істей білуге баулу.
б) тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: Әдебиет, математика, тарих.
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, баяндау, сұрақ-жауап, тест, сөз жұмбақ шешу,
картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, суреттер, тау жыныстары, үлестірмелер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушыларды қайталау сабағының мақсатымен таныстыру.
І. «Тапқыр болсаң,тауып көр»: оқушыларға литосфера тарауы бойынша бірнеше сұрақтар беріледі:
1. Жер қыртысы дегеніміз не?
2. Литосфера дегеніміз не?
3. Тау жынысы дегеніміз не? Және оның қандай түрлерін білесіндер?
4. Магмалық тау жынысы дегеніміз?
5. Шөгінді тау жынысы дегеніміз не? Және олар нешеге бөлінеді?
6. Метаморфты тау жынысы дегеніміз не?
7. Жер сілкіну дегеніміз не?
8. Жанартау дегеніміз не?
9. Таулар дегеніміз не? Тауларды биіктігіне қарай топтарға бөл.
10. Жазықтар қалай пайда болады?
ІІ. Картамен жұмыс. «Адаспай тап». Стол үстінде бірнеше таулардың аты жазылған карточкалар бар оқушылар тақтада ілулі тұрған конверттерге дұрыс тауып салып және ол тауларды картадан көрсете білуі керек.
ІІІ. Терминдік сөздермен жұмыс.
Тақтаға бірнеше терминдік сөздер жазылады. Оқушылар сөздердің анықтамасын түсіндіреді. Ядро, мантия, сейсмограф, эпицентр, бархан, гейзер, лава, магма, эхолот,масштаб, компас т.б.
ІV . Танымдық ойын.
Географиялық мәліметтерге, терминдерге байланысты оқушыларға төмендегідей ойындар беріледі. Бұл цифрлар нені көрсетеді?
а) 200 м-ге дейін-
11022м-
8848-
1000-2000м дейін-
200-500и-ге дейін-
500м жоғары-
28м төмен-
366 күн-
40000км-
132м-
V.(Кім жылдам?) ойыны.
1. Ең биік тау? (Гималай)
2.Ең ұзын тау? (Анд)
3.Ең аласа тау? (Орал)
4.Ең биік жазық? (Үстірт)
5.Ең үлкен арал? (Гренландия)
6.Ең терең шұңғыма? (Мариана)
7.Ең алғаш картаны кім ойлап тапты? (Эротосфен)
8.Жердің шар тәрізді екенін кім дәлелдеді? (Магеллан)
9.Екі ендіктің арасын қосатын сызық. (Меридиан)
10.Ең ұзын өзен? (Ніл)
VІ. Тест тапсырмалары беріледі.
1. Жердің ең сыртқы қабығы:
А)биосфера, ә)атмосфера, б)литосфера, в)гидросфера.
2. Жердің толық ішкі құрылысы:
а) литосфера, ә)мантия және ядро, б)литосфера және мантия.
3. Еуразиядағы ең биік жанартау:
а)Везувий, ә)Қазбек, б)Ключи шоқысы, в)Эльбрус.
4. Жер қыртысының қалың болатын жерлері:
а)таулар, ә)жазықтар, б)мұхиттар, в)мұхит-жазық.
5. Жер сілкіну ошағы дүмпуінің жер бетіне шығатын жері:
а)кратер, ә)гейзер, б)эпицентр, в)жанартау.
6. Фонтан сияқты атқылайтын бұлақ:
а)гранит, ә)лава, б)қайнар, в)гейзер.
7. Шығу тегі жағынан шөгінді, жанғыш тау жынысы:
а)әктас, ә)тас көмір,б)кварцит,в)дала шпаты
8.Химиялық шөгінді тау жынысы?
а)құм тас, ә)әктас, б)тас тұзы, в)құм
9.Таулар ненің нәтижесінде пайда болады?
А)су тасқынынан, ә)жер қойнауында болатын ішкі күйлердің әсерінен, б)космостық сәуледен,в)белгісіз
10.Ломоносов атындағы су жотасы қай мұхиттан?
а)атлант,ә)тынық, б)салт мұзды мұхиты,в)үнді
11.Мантияның қалыңдығы?
а)3500м, ә)2900м, б)65км, в)1800км
12.Жер қыртысының қай бөлшегі өте тереңде орналасқан?
а)су мұхиттың,ә)материктің, б)базальтті,в)гранит
VIII. «Сөз жұмбақ шешу»
Л
И
Т
О
С
Ф
Е
Р
А
1.Азия мен Европаны бөліп тұрған тау (Орал)
2.Магмалық тау жынысы (гранит)
3.Тигір,Эфрат өзендерінің арасындағы жазық (Месопатия)
4.Дүние жүзіндегі ең биәк тау шыңы (Джомолунгма)
5.Кавказдағы сөнген жанартау (Эльбрус)
6.Башқұртстанның астанасы (Уфа)
7.Ыстық су шапшып тұратын бұлақ (Гейзер)
8.Солтүстік Американың батысындағы тау (Кордильер)
9.Жер шарындағы ең биік тау (Гималай)
Қайталау сабағын бекіту
IX.Үйге тапсырма беру: Қайталау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.