Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Солтүстік Америка материгінің ішкі сулары -

Солтүстік Америка материгінің ішкі сулары

Сабақ жоспары | Предметы | Географиядан ашық сабақтар Загрузок: 401 | Просмотров: 2521 | Размер: 207.3 Kb | Автор: munira
. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №15 жалпы білім беру орта мектебі» ММ


Ашық сабақ
7а-сынып

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Солтүстік Америка материгінің ішкі сулары

Дайындаған: №15 орта мектептің география пәні мұғалімі
Сейтова Гулсара Орпабековна

Ақтау қаласы-2014ж
Күні:
Сыныбы: 7а
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Ішкі сулары
Сабақтың мақсаттары:
1) Білімділік: Оқушыларды Солтүстік Американың ішкі суларына түсінік бере отырып, олардың маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталу. Оқушылардың Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу арқылы тақырыптарды тереңірек меңгерту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сонымен қатар, оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан-жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту.
3) Тәрбиелік: Оқушылардың алған білімдерін, білік дағдыларын көрсету арқылы бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау, өздік ізденіс жұмыс, СТО, баяндау, сұрақ-жауап, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, географиялық диктант, қатемен жұмыс, сандар сөйлейді, сабақта АКТ-ны пайдалану.
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактивті тақта, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

І. Сабақтың барысы: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Топқа бөлу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Әр топтың топ басшыларын топқа сұрақ қою арқылы сайлап аламыз.)
1. Ежелгі біртұтас құрлық
2. Ең үлкен материк
3. Жер шары бетінің жалпы ауданы
4. Ежелгі солтүстік материк

ІІ. Үйге берілген тапсырма.
«Даналық ағашы» ойынында ағашқа алма тәрізді етіп, сұрақтар ілеміз.
Оқушылар бір-бірден алманы алып, үйге берілген тақырып бойынша сұраққа жауап береді. Әрбір оқушының өткен сабақта алған білімін осындай ойындар арқылы тексеруге болады.
-Неше кламматтық белдеу кесіп өтеді? (6 белдеу)
№1- Солтүстік Америка материгінің ең суық жері? (Гренландия аралының орталығы -70 0 С)
№2- Солтүстік Америка материгінің ең ыстық жері? (Өлім аңғары +570 С)
№3- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең көп түсетін жері? (Кордильераның солтүстік-батыс жағалауы 6000 мм)
№3- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең аз түсетін жері? (Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап 100 мм)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі. Солтүстік Америка материгін таныстыру туралы тақпақ оқып, тақырыпты ашу.
Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,
Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.
АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,
Макензи, Миссисипи суым қандай!
Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таң қалғандай.
-Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған?
(Солтүстік Америка)
Постер арқылы жаңа тақырыпты әр топ оқушылары қорғайды.
Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсаты мен жоспарымен таныстырады. Сабақ барысында қолданылатын оқытудың белсенді формаларын атап, қандай әдіс тәсілдермен жұмыс істейтіндерін ескерте кетеді. Сабақ ЖИГСО мозайкалық әдісі бойынша өтіледі.
Оқушылар топта мынадай ролдер бойынша жұмыс жасайды:
1. Төраға
2. Таймкипер
3. Хатшы
4. Баяндамашы
Оқушыларға мәтінмен жеке жұмыс жасауға 5 минут беріледі. Бұдан кейін топта талқылайды. Әр топтың баяндамашылары басқа топтарға барып өздеріне берілген мәнмәтіндерін баяндап айтады. Таймкипер уақыт белгілесе, хатшы баяндаманы қағазға түсіріп, төраға топтың әр мүшелерін бақылап баға береді.
Солтүстік Америка материгі мол сулы өзендерге, тұщы сулы терең көлдерге бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америка мен Еуразиядан кейін үшінші орын алады. Сонымен қатар биік таулы мұздықтар мен материктің солтүстігін алып жатқан қалық мұз жамылғылары және жер асты суларының мол қоры бар.
Өзен жүйелері климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардың басым бөлігі бөлігі Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған. Өзендері негізінен жаңбыр және еріген қар суымен қоректенеді.
Атлант мұхиты алабының басты өзені – Миссисипи материктегі ең мол сулы өзен болып табылады. Бұл өзеннің Миссури саласын қоса есептегендегі ұзындығы 6420 км, ұзындығы жөнінен дүние жүзінде 3-ші орын алады. «Миссисипи» атауы үндістер тілінде «су атасы» дегенді білдіреді.
Аппалачтың шығыс беткейінен басталатын өзендер қысқа және мол сулы болады. Олар мұхитқа құяр жолында биік кемелерден құлап ағатындықтан, бірнеше сарқырамалар жасайды. Олардың құлау күші су электр стансаларында қуат алу үшін пайдаланылады. Мысалы, Теннеси өзені бойында 20-дан астам су электр стансалары салынған. Атлант мұхитына құяр жерінде өзендердің сағалары кеңейеді, мұнда ірі портты қалалар орналасқан.
Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендердің ең ірісі-Макензи метериктің солтүстік бөлігі арқылы ағып өтеді. Үндістер «Үлкен өзен» деп атайтын бұл өзен негізінен қар суымен қоректенеді, жылдың көп уақытында мұз құрсап жатады. Қыста өзен түбіне дейін қатады. Макензи жоғарғы ағысында көктемнің аяғында мұздан босайды, сондықтан оның орта ағысында, әсіресе төменгі ағысында өзендегі сең буу нәтижесінде мұз қамаулары пайда болады. Батпақтар мен көлдер арқылы ағып өтетін осы алаптың көптеген өзендері жаз кезінде мол сулы болады.
Тынық мұхит алабына Кордильераның батыс беткейінен басталатын қысқа, ағынды өзендер жатады. Алаптың ең ірі өзендері – Колумбия мен Колорадо Кордильераның шығыс жоталарынан басталып, биік таулы үстірттер арқылы ағып өтеді.
Колорадо өзені бойындағы жиегі тік, терең шатқалды орасан зор Үлкен каньон дүние жүзіне әйгілі.
Материктің солтүстік-шығысында Әулие Лаврентий өзені арқылы Атлант мұхитымен жалғасып жатқан көлдер Ұлы көлдер жүйесі деп аталады. Жоғары көлден Эри көліне дейін көлдердің деңгейлері біртіндеп төмендейді.
Ал Эри көлі мен Онтарио көлінің деңгейлерінде үлкен айырма салдарынан, оларды жалғастыратын Ниагара өзені тік кемелерден құлап ағып, дүние жүзіне әйгілі Ниагара сарқырамасын жасайды. Ені 1200м, биіктігі 51м бұл сарқыраманың атауы жергілікті үндістер тілінде «гүрілдеуік су» деген мағына береді.
Кордильера тауындағы сөнген жанартаулардың кратерлерінде ұсақ жанартаулық көлдер кездеседі. Ал материктің оңтүстігінде жердің тектоникалық жарылыстарында орналасқан Никарагуа және Манагуа көлдері бар.
ІV. Содан соң мұғалім қорытынды жасап, оқушыларға Солтүстік Америка материгі туралы видеоролик көрсетеді.
V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.
1-тапсырма
№ Ең, ең, ең Жауаптары
1 Ең ұзын өзені
2 Ең төменгі температура
3 Ең жоғарғы температура
4 Ең биік жері
5 Ең үлкен арал
6 Ең ірі сарқырама
7 Ең биік ағашы
8 Ең ұзын, әрі енді тауы
9 Ең ұзын жер асты үңгірі
10 Ең үлкен, әрі ең терең каньоны
11 Ең үлкен тау мұздығы
2-тапсырма
Атлас картадан төмендегі обьектілерді тауып көрсетіңдер.
1 Миссисипи
2 Колумбия
3 Мак-Кинли
4 Жоғарғы көл
5 Мичиган
6 Эри
7 Онтарио
8 Үлкен тұзды көл
9 Ниагара
10 Макензи
3 - тапсырма.
Сандар сөйлейді
Осы сандардың нені білдіретінін табыңыз.

6420 км;
1200 м;
+57˚;
51 м;
25 км;
9000 км;
24,2 млн.км2;
6000 мм;
100 мм;
4-тапсырма. Резюме
Материктің аты:___________________________________________________
Жер көлемі:_______________________________________________________
Ең биік нүктесі:____________________________________________________
Ең төмен орналасқан нүктесі:_______________________________________
Зерттеген ғалымдар:_______________________________________________
Жағалайын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер:____________________
Мінездеме:________________________________________________________

Сәйкестендіру тесті.
Сұрақтар
Жауаптар
1 Гректің атауы «барлық құрлық» деген сөзінен шыққан ежелгі біртұтас құрлық

2 180-200 млн жыл бұрын Солтүстік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық

3 180-200 млн жыл бұрын Оңтүстік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық

4 Ежелгі Лавразия құрлығының құрамында болған
Төрт мұхит бірдей қоршап жатқан
Біздің Отанымыз ҚР орналасқан
Дүние жүзінің ең биік шыңы орналасқан
Дүние жүзіндегі ең үлкен құрлық


Жаңа сабақты бекіту:
1. Материктерде қандай ірі өзендер бар, олар қайда құяды?
2. Материкте қандай суайрық жотасы бар, ол қандай алаптарды бөліп жатыр?
3. Солтүстік Америкадағы қандай өзендер ұзақ уақыт қатып жатады?
4. Солтүстік Американың қай бөлігінде көлдер жиі орналасқан, себебін түсіндіріңдер.
5. Материктегі басым түрде жаңбыр суымен қоректенетін өзендерді атаңдар.

Қорытынды: Қорыта келе, бүгінгі сабақта, Солтүстік Американың ішкі суларымен таныстық.
Оқушыларды бағалау. Кері байланыс смайликтер арқылы
№ Топтың ынтымақтастығы Постер Тапсырмалардың орындалуы Қорытынды баға
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
ІV топ

Үйге тапсырма. §32-оқу, кескін картаға ішкі суларын салып келу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.