.
.
06.10.2014 Информатика 7 сынып. 1-топ. 14 оқушы Ақпаратты сығу. Вирусқа қарсы программалар.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 251 | Просмотров: 2220 | Размер: 20.3 Kb | Автор: araiСабақ тақырыбы Ақпаратты сығу. Вирусқа қарсы программалар.
Сілтеме: 7 сынып оқулығы
Жалпы мақсаттары Сыни тұрғыдан ойлай отырып, диалогқа түсу арқылы оқушылар ақпаратты архиватордың көмегімен сығуды, вирусқа қарсы программалармен жұмыс жасауды үйренеді.
Оқыту нәтижесі: Диалогқа түсу арқылы архивтеуші программалардың көмегімен ақпаратты сығуды үйренеді. Вирус ұғымымен, вирустардың зияны, вирустардан қорғану жолдарын және вирусқа қарсы программаларды меңгереді.
Сабақта қолданы-
латын материалдар Электрондық оқулық, информатикалық диктант, кесте, бағалау парағы.
Қолданатын әдіс-тәсілдер Диалогты оқыту.СТО.АКТ. Талантты және дарынды балалармен жұмыс. БББ әдісі.
Тренинг өткізу Сабақ басында оқушылар шаттық шеңбер құрып, көршілес достарына жылы лебіздерін білдіру арқылы ынтымақтастық атмосферасын құрып, сабаққа назарын аудару. Комьютердің ішкі құрылғысы, сыртқы құрылғысы және программа атаулары жазылған таратпа қағаздар арқылы 3 топқа бөлінеді.
Тапсырмалар
1. «Бүлінген хат» қатені табу
2.БББ әдісі арқылы миға шабуыл.
3.Тақырып бойынша мазмұнды сызбамен
жұмыс.
4.Практикалық жұмыс.
5.Кестеде адам мен компьютердің жұқпалы ауруларын салыстыру.
1-тапсырма: «Бүлінген хат» қатені табу
Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.
Пернетақтаның үш түрі бар : лазерлік, матрициялық, сия бүріккіш. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Компьютерде мәтін жазу үшін Pаint мәтіндік процессорын пайдалануға болады. Ал сурет салғым келсе Wordpad стандартты программасымен сала аламын. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Мұнда WordArt панелі арқылы әр түрлі суреттерді аламыз.
Оқушылар вирус жеп қойған бүлінген сөздерді тауып, түзетеді. Болған соң көрші досымен хатты ауыстырып, интербелсенді тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып тексереді. (Жұптық бағалау)
2-тапсырма БББ әдісі арқылы миға шабуыл.
1. Вирус дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Вирустан қалай құтылуға болады?
3. Компьютерлік вирус пен биологиялық вирустың қандай ұқсастықтары бар?
Вирустар туралы нені білемін және не білгім келеді кестесін тақтаға шығып толтыру.
Нені білгісі келетінін толтырғанан кейін жаңа тақырып мақсатын ашады.
БББ әдісі арқылы миға шабуыл тапсырмасында жеке жұмыс жүргізіледі.
3-тапсырма
Тақырып бойынша мазмұнды сызбамен жұмыс.
1. Мәтінді оқып, түсініп, өзара талқылап, топпен талқылап, бір-біріне түсіндіру.
2. Мәтін бойынша мазмұнды сызба сызу.
3. Қорғау, толықтыру, дәптерге қысқаша жазып алу.
Бұл тапсырмада тақырыпты жеке оқып, топпен талқылап, мазмұнды сызба әзірлейді. Топ басшысы әр кезеңде поп мүшелерін бағалап, бағалау парағына тіркейді.
Топтар мазмұнды сызба бойынша 2 жұлдыз, 1 тілек айтады.
Сергіту сәті Бейне-роликтен жаттығуларды қайталай отырып, дене мүшелерін қозғалысқа келтіріп, шаршағандарын басу.
4-тапсырма: Практикалық жұмыс (компьютерде, интерактивті тақтада орындайды, жұптық жұмыс, жұптық бағалау)
Электрондық оқулықтағы 1,2,3,4 тапсырманы жұппен орындау, жұптар бір-бірін бағалау. Бағалау парағына жазу.
5-Тапсырма Кестеде адам мен компьютердің жұқпалы ауруларын салыстыру (топтық жұмыс). Бұл тапсырмада оқушылар сыни ойлау арқылы компьютер мен адамға вирус жұққанда болатын әсерін, ауруларының түрлерін, емделу жолдарын, сақтану тәсілдерін салыстырады.
Адам Компьютер
Жұқпалы аурулар түрлері
Пайда болу жолдары
Қандай өзгерістер болады
Емдеу жолдары
Сақтану жолдары
Оқыту кезеңдері:
I.Кіріспе бөлімі;
II.Диалогқа түсу бөлімі;
III.Қолдану бөлімі
ІV.Қорытынды бөлімі. Диалогқа түсу бөлімінде балаларға еркіндік
бере отырып,шығармашылық қабілетін арттырады тіл байлығы дамиды.
Өзара диалогқа түсу арқылы өз ойларын еркін жеткізуге қол жеткізеді,өзіне деген сенімділігі артады.
Cөйтіп, тақырыпты өз бетімен түсінеді.
Қолдану бөлімінде электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындай отырып, ақпараттарды сығуды және антивирустық программамен жұмыс жасауды үйренеді. Қорытынды (кері байланыс-бағалау кезеңі).
Қорытынды бөлімінде оқушы нені білдім ? сұрағын пысықтайды, талдайды.
Бағалау парағы бойынша 3 ұпайлық жүйе бойынша 5-тапсырмадан жинаған ұпайларын қосады, шкала бойынша баға қояды, мұғалімге хабарлайды.
13-15 ұпай «5», 12-10 ұпай «4», 9-7 ұпай «3», 6-дан төмен «2» деген баға қойылады.
Рефлексия. Оқушы сабақ жайлы өз ойын жазады. Сабақ ұнады ма? Не үйренді. Қандай білімін толтырды.т.с.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, «Вирустардың шығу тарихы» мәлімет жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.