.
.
№21 сабақ Айнымалы типтер
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 456 | Просмотров: 8754 | Размер: 59.1 Kb | Автор: bibigulМҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы:
• Айнымалы типтер
Күтілетін нәтиже:
Білім • Паскаль тілінің типтерін атап шығады.
• Паскаль тіліндегі типтерді сипаттайды.
Түсінік • Бүтін және нақты сандарға тәнтиптерді айырып таниды.
• Екі түрде жазылған бірдей санның айырмашылығын жуықтап бағалайды.
Қолданыс •Айнымалыларды сипаттау үшін сабақ үстінде алған білімін пайдаланады.
• Ақпаратты қай типте жазу керектігін ажыратады.
Анализ • Берілген ақпаратты BOOLEAN типінде жазып көрсетеді
Синтез • Әртүрлі типтерге мысал келтіреді.
Баға • Әр түрлі типтегі айнымалыларды сипаттау.
• Жиым мысалын жиымдардың қасиетіне негіздейді.
Сабақ құрылымы:
ІАқпарат блогы (15 мин.).
ІІЛогикалық тапсырмалар блогы (5 мин.).
ІІІЖаттықтыру және білімді есепке алу блогы ( 15 мин.).
ІVИнтеллектуалдық тренинг блогы (5 мин.).
VКүтілетін нәтиже блогы ( 5 мин.).
Сабақ типі:
• Сабақта жаңа білімді игеру
Оқыту әдісі:
• Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
• Жаңа терминологиямен таныстыру
• Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету
• Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
• Айнымалылар типтері, сипаттау бөлімі, бүтін сан түріндегі, нақты сан түріндегі, логикалық, символдық, тіркестік, саналатын, диапазондық немесе ауқымдық және жиымдық типтер.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
• Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
• Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
• Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
Ақпарат көздері:
1 Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.
2 Д. Прайс. 1987. Программирование на языке Паскаль. Москва: Мир.
3 Типы переменных. Ақпарат көзі:
http://valera.asf.ru/delphi/book/tp05.shtml
Оқушы жетістігін бағалау:
• Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
Үй тапсырмасы:
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
Анықтамаларды, типтердің түрлерін және сипаттамаларын жаттау, кез келген әр түрлі типтегі он айнымалыны сипаттау бөлімінде сипаттау.
• Бонус-балл тапсырмасы
Жиымдық типті қолдануға болатын есепке мысал келтіріңіз.
САБАҚ БЛОКТАРЫ
І. АҚПАРАТ БЛОГЫ
Тақырып жоспары:
1. Айнымалылар типтері.
2. Типтерді сипаттау.
3. Типтер мысалы.
Слайдтар:
1-слайд (титул)
2-слайд Тип дегеніміз не?
Мәліметтердің немесе айнымалылардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады.
3-слайд
4-слайд Типтерді сипаттау
Айнымалылар мен функциялардың типтері программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі.
Жазылу пішімі:
1. var<идентификатор> : <тип>
2. type<тип атауы> = <тип мәндері>;
Типтерді сипаттау диаграммасы
5-слайд Бүтін сан түріндегі типтер
Типі Мәндердің өзгеруі Ұзындығы, байт
BYTE 0 – 255 1
SHORTINT -127 – +127 1
INTEGER -32768 - +32767 2
WORD 0 - 65535 2
LONGINT -2147483648 - +2147483647 4
6-слайд Нақты сан түріндегі типтер
Типі Ауқымы Мәнді цифрлары Өлшемі, байт
REAL -1.7∙10³⁸ – 1.7∙10³⁸ 11 – 12 6
SINGLE - 3.4∙10³⁸ – 3.4∙10³⁸ 7 – 8 4
DOUBLE -1.7∙10³⁰⁸ – 1.7∙10³⁰⁸ 15 – 16 8
EXTENDED -1.1∙10⁴⁹³² – 1.1∙10⁴⁹³² 19 – 20 10
COMP -2∙10⁶³-1 – 2∙10⁶³+1 19 – 20 8
7-слайд Логикалық тип
BOOLEAN
Логикалық типтегі шамалар, негізінен, екі мән қабылдайды - TRUE (ақиқат) және FALSE (жалған), олар компьютер жадында бір байт орын алады.
Логикалық типтегі шамаларға мына амалдар қолданылады: AND - (және), OR - (немесе), NOT - (емес), XOR -(арифметикалық немесе)
8-слайд Символдық тип
CHAR
Символдық типтегі шамалар мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады.Мәннің символ екенін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Мысалы, ‘a’, ‘h’, ‘5’, ‘*’ т.б.
9-слайд Тіркестік тип
• STRING
• Тіркестік типтегі шамалар апостроф ішіне алынған символдар тізбегін қабылдайды.
Сипаттау мысалы:
VAR
s : string[25]; { s айнымалысының ұзындығы 1-ден 25 символға дейін өзгере алады}
s1 : string; { s1 айнымалысының ұзындығы көрсетілмеген, яғни символдардың ең үлкен саны 255-ке тең }
10-слайд Саналатын тип
Саналатын тип стандартты типке жатпайды, ол параметрлердің мәніне сәйкес келетін атаулар (идентификаторлар) тізімінен тұрады. Атаулар тізімі үтір арқылы ажыратылып, жай жақша ішіне жазылады. Мысалы:
атау= (1-идентификатор, 2-идентификатор, …, n- идентификатор);
Var
kunder = (‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, …, ‘жексенбі’);
11-слайд Диапазондық немесе ауқымдық тип
• Мұнда көрсетілген шама қабылдай алатын мәннің алғашқысы (ең кіші) мен соңғысы (ең үлкен) екі нүкте арқылы бөліп көрсетеді.
• Мысалы:
атау = <алғашқы мән>..<соңғы мән>;
Var
Apta_kunderi = 1..7;
Ai_kunderi = 1..31;
12-слайд Жиымдар (Массивтер).
Жиым дегеніміз – бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі.
ARRAY
Әрбір массив элементінің реттік нөмірі (индексі) болады.
Массив көп өлшемді бола алады; алайда, 65520 байттан артық орын ала алмайды.
13-слайд Жиымдар. Сипаттау мысалы.
1.
VAR
M1 : array[1..200] of integer; { М1, A1 – бүтін және нақты сандардың бір өлшемді жиымдары }
A1 : array[100..200] of real;
ch1 : array['A'..'Z'] of char; { сh1, ch2 – символдардың бір өлшемді массивтері }
ch2 : array[0..255] of char;
14-слайд Жиымдар. Сипаттау мысалы.Жалғасы
2.
TYPE
Date_M = 1..31;
Cyrillic_b = 'А..Я‘;
Latin_b = 'A..Z'; {диапазондық тип}
Belgi = (2,3,4,5);
Ball = (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10); {саналатын тип}
VAR
t1, t2 : Date_M;
c1 : Cyrillic_b;
s1 : Latin_b;
a1, a2 : Belgi;
b : Ball;
ІІ.ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР БЛОГЫ
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Айнымалылар типтері. Типтерді сипаттау. Типтер мысалы.
Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________
ІІІ.ЖАТТЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ ЕСЕПКЕ АЛУ БЛОГЫ
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Паскаль тілінің типтерінің сызбанұсқасын сызыңыз.
2. Паскаль тілінде қолданылатын кез-келген бес типті сипаттаңыз.
3. Келесі типтердің қайсысы Паскаль тілінде бүтін сандарды сипаттауға қолданылмайды?
a) WORD; b) INTEGER; c) SINGLE; d)LONGINT; e)SHORTINT.
4. Келесі типтердің қайсысы сандарды сипаттауға қолданылмайды?
a) COMP; b)BYTE; c) WORD; d)EXTENDED; e)CHAR.
5. Паскаль тілінде 100 және 100.0 сандарының айырмашылығы қандай?
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Айнымалыларды сипаттау бөлімі қалай жазылады?
2. у=х2 функциясының мәнін табатын программада айнымалыларды қай типті пайдаланып сипаттау қажет?
3. Дөңгелектің ауданын табатын программадағы айнымалыларды сипаттау үшін қандай типтерді қолданау қажет?
ІІІ деңгей тапсырмалары
1 Адамдар туралы келесідей ақпарат беретін төрт BOOLEAN типіндегі айнымалы берілсін:
• MARRIED егер адам үйленген болса рас;
• BLOND егер адамның шашының түсі сары болса рас;
• MALE егер ер адам болса рас;
• EMPLOYED егер адам жұмыс жасайтын болса рас.
Адамдарға қатысты келесідей ақпараттың дұрыстығын анықтайтын BOOLEAN типіндегі өрнек жаз (AND, OR, NOT амалдарын қолдан):
a) тұрмыс құрған әйел;
b) үйленбеген ер адам;
c) тұрмыс құрмаған сары шашты әйел;
d) жұмыссыз тұрмыс құрмаған әйел адам;
e) тұрмыс құрмаған немесе жұмыссыз, не екеуі де.
ІV.ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ТРЕНИНГ БЛОГЫ
Топтық жұмыс.
Сынып оқушылары 3 топқа бөлінуі тиіс.
1-топ:
Нақты сандық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.
2-топ:
Бүтін сандық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.
3-топ:
Символдық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.
V.КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ БЛОГЫ
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.