.
.
Тулешкалиева Гүлмира Жұмағалиқызы, Диаграммалармен жұмыс.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 355 | Просмотров: 1569 | Размер: 46.3 Kb | Автор: bibigulБатыс Қазақстан облысы,Казталов ауданы,
Мирон негізгі мектебінің информатика пәнінің мұғалімі.
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Диаграммалармен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
EXCEL-дің ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ, Диаграммалар құра білуге, диаграмма түрлерін ажырата білуге және құра білуге білімдерін қалыптастыру, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту;
Сабақтың түрі: жаңа тақырыппен жұмыс.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: тест жұмысы, түртіп алу стратегиясы, кластер, деңгейлік тапсырмалар, практикум.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта, көрнекіліктер.
Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын, математика.
І. Қызығушылықты ояту.
1. Үй тапсырмасын тексеру (Слайдта құрылған тест арқылы).
2. Мағынаны тану. (жаңа білімді меңгерту)
Кластер стратегиясы
Түртіп алу стратегиясы.
«V»
Бұрыннан білемін «+»
Жаңа ақпарат «-»
Түсінбедім «?»
Әлі де ізденгім келеді
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Біз бұдан да нақты графиктік түрде осы ақпаратты ұсына аламыз ба, әрине, көрсете аламыз. Ол үшін EXCEL программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде диаграмманы көрдіңдер, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.
Диаграмма - деп кестедегі мәліметтерді графиктік түрде ұсынуды айтады. Диаграмма құру үшін кестедегі мәлеметті белгілегеннен кейін аспаптар панелінен немесе Вставка-Мастер Диаграмм командасын таңдаймыз. Содан кейін мынандай терезе шығады.
Диаграмма тұрғызудың:
1-ші қадамы – диаграмма типін тандау. Диаграмманың 14 типі бар.
2-ші қадамы – диаграммадағы мәліметтер аралығын енгізу
3-ші қадамы – диаграмманың тақырыбын, мәнін енгізу
4-ші қадамы – диаграмманы қайда орналастыру керек екендігін таңдап аламыз
Дөңгелек диаграммалардан басқа диаграммалардың барлығының екі осі:
• горизонталь немесе категориялар осі
• вертикаль немесе мәндер осі
Диаграмма мынандай элементтерден тұрады. Тор тақырып және аңыз.
Excel-дің графикалық мүмкіндіктері.
Диаграммалармен жұмыс істеу.
Диаграммалар
Практикалық жұмыстар.
1-деңгей. Сыныптағы оқу үлгіріміне дөңгелек диаграмма құрыңдар. Диагарамманы безендіріңдер.
Оқу озаты
Оқу екпіндісі
Орташа
Демалыс сәтін орындау. Қол, көз жаттығуларын орындау.
(көз жаттығуы)
ІІІ. Толғаныс
2-деңгей.
Мирон НЖББ мектебінің жылдардағы оқушылар саны
Жылдар 2008 2009 2010 2011 2012 2013
7-сыныпта 10 9 8 11 7 5
8-сыныпта 5 10 9 8 11 6
9-сыныпта 6 5 10 9 8 11
Барлық оқушы саны:
1. Берілгендерді енгізу, редакциялау.
2. «Барлық оқушы саны» деген жолды Автосумма арқылы қосып шығарыңыз.
3. 7-сыныптың, 8-сыныптың, 9-сыныптың жылдар бойғы оқушы санын өзіңіздің қалауыңыз бойынша диаграммаға салыңыз
«Ағылшынға қалаймыз?».
3-деңгей. Мына кестедегі мәтіндерді қазақшаға аударып, пайыздарына сәйкес гистограмма диаграммасын салып, сәйкес түстерге бояу керек.
Түстердің қолданылуының пайыздары
blue 37%
red 20%
green 12%
rosy 5%
yellow 10%
white 3%
brown 2%
orange 1%
black 25%
Кітаппен жұмыс.
Сабақты бекіту. Түртіп алу стартегиясын тексеру.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Диаграмма деген не?
2. Диаграмманың қандай түрлері бар?
3. Горизонталь және вертикаль осьтер не үшін берілген?
4. Диаграмма қандай элементтерден тұрады?
5. аңыз деген не?
6. Диаграмма тұрғызу қандай жолдармен жүзеге асырылады?
Бағалау. (Бағалау парағы арқылы)
Үйге тапсырма:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.