.
.
Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің Ехсеl-де кесте құру және толтыру.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 622 | Просмотров: 3398 | Размер: 220.8 Kb | Автор: araiматематика және информатика пәні мұғалімі
Абылова Айсұлу Мұхамедияровна.
Кембридж тәсілі бойынша іс -тәжірибемнен.
Сабақтың тақырыбы: Ехсеl-де кесте құру және толтыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға,кестені толтыруға ,Арифметикалық орташа мәнді және сандардың қосындысын есептеуге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды жиектеуді көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін және зейінін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру топпен , жұппен жұмыс жасауға,өзіз-өзі бағалауға үйрету.
Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдер: Кембридж тәсілі
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Excel 2010 бағдарламасы, интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, тапсырмалар, оқулық, жұмыс дәптері, оқушыларды бағалау плакаты және электронды бағалау кесте және эмоционалдық жағдай плакаты,стикерлер,маркерлер,желім,қайшы,сызғыш.
Сабақтың жоспары:
1 Ұйымдастыру кезеңі.(2-3мин).
Оқушыларды түгендеу және екі топқа бөлу.
Үй тапсырмасын қайталау.(постер құру.Топтық жұмыс).(7мин).
2. Мағынаны тану.(15мин).
Жаңа тақырып түсіндіру.
Компьютерде тапсырмалар орындау.(Карточка бойынша жұптық жұмыс).(15мин).
С е р г і т у сәті.(2мин)
3. Рефлексия
Бекіту және бағалау.Үй тапсырмасын беру.Көңіл-күй көрсету.(3мин).
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасамын және түгендеймін.
Қиылған қағаздарға «WORD» және «EXCEL» деп жазып , екі топқа бөлемін.
Әр топта 5оқушыдан. Топ басшы, хатшы,хабарлаушы,тәлімгер,уақыт белгілеуші міндеттерін оқушылар өздері белгілеп алады.Уақыт белгілеушіге уақытты қатаң қадағалауды тапсырамын.
Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары:
1.EXCEL-қандай бағдарлама? (Кесте құруға арналған)
2. EXCEL менюі неше бөлімнен тұрады? (Бес бөлім:файл,главная,вставка,разметка страницы,формулы.)
3.Диаграмма деген не?(мәліметтерді көрнекі көрсетудің әдемі түрі.)
4.Диаграмманың қандай түрлерін білесің?(дөңгелек, баған,сызықты,график,нүктелік,аймақты,сақиналы, жапырақты,бет,көпіршіген,биржалық, конустық,пирамидалық)
5.Жұмыс парағы деген не?( EXCEL файлы)
6.Жұмыс парағы қанша баған және жолдан тұрады?(256 баған, 65536жол)
7. Диаграмма шеберінің жұмысы неше қадамнан тұрады? (төрт қадамнан)
Үй тапсырмасын бекіту мақсатында постер құрамыз.Екі топқа «Диаграмма түрлері» атты постер дайындауға 7 минут уақыт беремін. Оқушылар плакатқа дайын диаграмма түрлерінің аттарын жазып ,қасына суреттерін қыстыруы керек.
нүктелік
бағанды аймақтық
сызықты график
дөңгелек
Постер жасалып болғасын, әр топ хабарлаушысы ортаға шығып постерін қорғайды. Қорғау кезінде басқа топ мүшелері көмектесуіне болады.
Постер қорғалып болғасын, әр топ басқа топ жұмысын критерий бойынша бағалайды. Бағалау плакатына стикерлер жапсырады.
Бағалау плакаты (топтық бағалау).
Критерий бойынша бағалау
критерийлер WORD тобы EXCEL тобы
хабарлануы
көркемделуі
қателері
Жалпы орташа баға \
- үздік
- орта
- төмен
2.Мағынаны тану.
EXCEL-бағдарламасы кесте құруға арналған .Ол баған, жол, ұяшықтардан тұрады. Берілгендерді ұяшыққа енгізу үшін ұяшықты белгілеп, оған пернетақта көмегімен берілгендерді енгізу керек. Енгізуді аяқтау үшін Enter пернесін басу керек. Кез - келген электронды кестенің ұяшығына:
Сан
Формула
Мәтіндік ақпараттарды енгізуге болады.
Сан. Үнсіз келісім бойынша сан ұяшықтың оң жақ шетіне тураланады. Санның мәндері бүтін (27), ондық бөлшек (569, 14), бөлшек (1/4) болуы мүмкін. Оларға арнайы символдар қосылуы мүмкін: $, %, +, -, / және т. с. с. Ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе, онда Excel ұяшықты ###### символдарымен толықтырады, сондықтан санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге тура келеді.
Формулалар. Егер сіз «=» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды. Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады. Электронды кестеге енгізілген сандардың қосындысын,орташа мәнін, максимумын, минимумын есептеу үшін «Автоқосынды» пайдаланамыз.
Жұптық жұмыс:Екі оқушыдан компьютерде тапсырма орындайды.(5мин)
1-тапсырма. EXCEL –де кесте құрып,оқушылардың алған бағаларының орташа мәнін есептеу керек.
Аты-жөні Қаңтар Ақпан Наурыз Орташа баға
Айжан 5 4 4
Ақнұр 3 4 4
Арман 3 3 4
2-тапсырма. EXCEL-де кесте құрып ,мемлекеттердің олимпиадада алған медальдарының жалпы санын анықтау керек.(5мин)
Мемлекеттер Алтын Күміс Қола Жалпы саны
Қазақстан 7 1 5
Иран 4 5 3
Түркия 2 2 1
С Е Р Г І Т У С Ә Т І. (Көзге, қолға арналған жаттығулар.)
3-тапсырма. EXCEL-де кесте құрып, берілген мәліметтердің максимумын,минимумын анықтау керек.(7мин)
Аты-жөні ҰБТ-те алған балы максимум минимум
1 Асылханова А. 68
2 Әлен Серік 63
3 Әбен Әмір 75
4 Бекболат Н. 82
5 Демеш Ізбасар 65
6 Ділімбетова А. 75
7 Диярова Мая 67
8 Елубай Гүлстан 101
9 Кенжеғосова А. 69
10 Клим Медет 66
11 Сембі Гүлнұр 90
12 Төленова А, 102
13 Төлеген Б 89
14 Түркпенбаева Г 99
15 Утеули Е. 70
Жұптық бағалау арқылы бағалаймын.
Р е ф л е к с и я.
EXCEL-де қандай амалдар орындай аламыз?
Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіге сақтауға болады.
Мәтінді енгізуге, көшіруге немесе орын ауыстыруға болады.
Баспаға шығара аламыз.
Формулалар бойынша есептеулер жүргізуге болады.
Диаграмма тұрғызуға болады.
Үй тапсырмасы? «EXCEL- де кесте құру және толтыру» тақырыбын оқып келу .
Топ басшы өз тобының мүшелерін өзі жеке бағалайды.
Қорытынды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.