Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
« Жұлдызды сәт» интеллектуалдық ойыны -

« Жұлдызды сәт» интеллектуалдық ойыны

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 300 | Просмотров: 2401 | Размер: 27.9 Kb | Автор: Тәрбие
. « Жұлдызды сәт» интеллектуалдық ойыны
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың информатика және математика пәндерінен
алған білімдерін жинақтау, олардың білімге деген
құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін
тереңдету, интелллектуалдық қабілетін дамыту.
Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар!
“Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын”, – деп бүгінгі “Жұлдызды сәт” атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Сіздермен бірлесе отырып «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз.
Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген әр топтың оқушылары. Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.Ендігі кезек оқушыларда. (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).
І – топ: “Болашақ”
Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
ІІ – топ: “Тапқырлар”
Ұраны: Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
Жүргізуші:
Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ең алдымен бүгінгі ойынымыздың өтілу барысымен таныс болайық. Бүгінгі ойынымыз 5 бөлімннен тұрады:
І -бөлім «Таныстыру»
ІІ- бөлім «Бәйге»
ІІІ- бөлім «Тіл-өнер»
ІV - бөлім «Ғажайып алаңы»
V - бөлім «Қиын қия»
І- бөлім «Таныстыру»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз – деп алғашқы “Бәйге” бөлімін бастаймыз.
ІІ– бөлім «Бәйге»
Бұл кезең бойынша сіздерге информатика және математика пәндерінен 17 сұрақ беріледі. Сол сұрақарға алғыр да тапқырлықпен жауап беру керек.. Әр дұрыс жауапқа үшін топқа 10 ұпайдан қосылады.
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (бит)
2. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс. (интернет)
3. Сурет салуға арналған программа. (пайнт)
4. Компьютердің “ақыл-ойы”, ең басты бөлігі. (процессор)
5. Компьютер ауруы. (вирус)
6. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші. (сканер)
7. Қағазға басып шығару құрылғысы. (принтер)
8. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер. (файл)
9. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы. (пернетақта)
10. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы. (модем)
11. Компьтер жанына қойылатын өсімдік. (кактус)
12. Санның жүзден бір бөлігі ( процент)
13. Екіге қалдықсыз бөлінетін сандар ( жұп сандар)
14. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипотенуза)
15. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)
16. Қандай санға бөлуге болмайды? ( 0-ге)
17. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы ( 1800)
“Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте”, – деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық.
ІІ – бөлім «Тіл – өнер»
Бұл бөлімде сіздерге сұрақ қойылады. Қойылған сұрақтың жауабын үш тілде айту керек: қазақ, орыс, ағылшын тілінде Әр дұрыс жауапқа үшін топқа 15 ұпайдан қосылады.
1.Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышка, mouse)
2.Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)
3.Бір-бірімен жарысқан,
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді? (сегіз – восемь – eight)
4.Өнер алды – қызыл … (тіл – язык – language)
5.Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. (терезе – окно – window)
6.Өшірілген файлдар қайда сақталады? (себет – корзина – basket)
7.Сабыр түбі – сары … (алтын – золото – gold)
8.Артық ғылым …
Ерінбей оқып көруге. (кітапта – книга – book)
9.Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін даярлаймыз? (көшіру – копировать – copy)
10.Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. (өшіру – удалить – delete)
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір кеш болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын. – деп келесі бөліміз“Ғажайып алаңы”.
ІІІ – бөлім «Ғажайып алаңы»
Бұл бөлімде сұрақтар сандар арқылы ұяшықтарда көрсетіледі
«Информатика» бойынша сұрақтар
10 - Бірінші электронды машина (ENIAC)
20 – Стандартты бағдарламалар (Блокнот, Калькулятор, Word Pad, Paint)
30 – ОЖ дегеніміз не және оның түрлері қандай?
(Адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа. ОЖ компьютер жұмысын басқарады. Ms Dos, Windows 95/98, Windows2000/XP, Windows NT, Windows UNIX)
40 – 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым?(Блез Паскаль)
«Математика» бойынша сұрақтар
10 - 5-6 сыныптардағы математика оқулығының авторы. (Т.М. Алдамұратова)
20 - Қыры 5 болатын кубтың көлемі нешеге тең? (125)
30- Шеңбер диаметрі 32см, радиусы нешеге тең? (16 см)
40- 5 түйме 20 теңге тұрады. Осындай 7 түймеге неше теңге төлейсің? (28тг)
Айналайын алға ұмтылған дарныдар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай шешу жолын табыңдар.
V-бөлімі «Қиын қия»
Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ,ал біліктілік-сол білімді іске асыра білу дағдысы- деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне суйене отырып, «Қиын қия» сайысымызға өтеміз. 2 топқа ортақ тапсырма.
Шарты:Электронды кестедегі берілген «Информатика» сөзінің ұяшық адресін табу керек .Әр дұрыс жауапқа үшін топқа 30 ұпайдан қосылады

A B C D E F
1 И Ж Щ Ұ У О
2 Ң А Ы Г З Ц
3 П Ь Ю Б Н Қ
4 Х В М Ө Ә Д
5 Л Е Й Ү І Р
6 Ч Ф Һ Э С Щ
7 К Я Ғ У Т Ё
A1.E3.B6.F1.F5.C4.B2.E7.A1.A7.B2

Информатика және математика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды – дей отырып сөз кезегін әділқазыларға берейік.
Бүгінгі көріп тамашалаған интелектуалды ойын “Жұлдызды сәт” ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.