Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құжатты форматтау мүмкіндіктері -

Құжатты форматтау мүмкіндіктері

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 309 | Просмотров: 1658 | Размер: 44.5 Kb | Автор: Тәрбие
. №1 лабораториялық жұмыс.
Құжатты форматтау мүмкіндіктері

Мақсаты:
• Мәтінді, абзацты, қатарды ерекшелеу
• Қаріпті, абзацты форматтау
• Мәтінді туралау, шегіністер мен ұмтылыстарды орналастыру
• Қатар, абзац аралық интервалдар қондыру
• Кестелеу позицияларымен жұмыс жасау
• Тізімдерді нөмірлеу, маркерлеу іс әрекеттерін орындауды үйрену.

Тапсырмалар
1. Word текстік редакторын іске қосыңыз. Жаңа құжат құрыңыз да, өзіңіздің фамилияңызды атыңызды, әкеңіздің атын 12пт, жартылай қарайтылған (жирный) етіп теріп жазыңыз.
2. Фамилияңызды курсив, атыңызды асты сызылған, әкеңіздің атын жартылай қарайтылған қаріп түріне өзгертіңіз.
3. Қаріптердің көлемін сәйкесінше 13,15,25 және түстерін қызыл, жасыл, көк болатындай етіп, үш түрлі анимациялық көркемдеуді қолданыңыз да, орындау ретін түсіндіріңіз.
4. Фамилия, аты-жөніңізді оң жақ, сол жақ, орта, ені бойынша туралап болған өзгерістерді түсіндіріңіз.
5. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күні болатын сабақ кестесін теріп жазыңыз.
6. дүйсенбі күнгі сабақ кестесінің қатар аралығын бір, сейсенбініңкін бір жарым, Сәрсенбінікін екі интервалға ауыстырыңыз.
7. Әр күнгі сабақ кестесін азат жолдан басталатындай етіп өзгертіңіз де азат жолдардың аралығын 5пт интервал қойып форматтаңыз.
8. Сабақтардың нөмірлерін әр түрлі маркерлерге ауыстырыңыз да, қандай өзгеріс болғанын түсіндіріп, қайта қалпына келтіріңіз.
9. Сабақтарды: Дүйсенбі күнгіні 6-дан, Сейсенбіні 12-ден, Сәрсенбіні 18-ден бастап нөмірлеңіз.Нөмірлерінің қаріп форматтарын: Дүйсенбінікін 12пт қарайтылған, Сейсенбінікін 14пт курсив, Сәрсенбінікін 16пт асты сызылған етіп өзгертіңіз.
10. Осы сабақ кестесін толықтырып, яғни басқа күндерді де жазыңыз да, өзіңізге ұнайтындай етіп форматтап Кесте деген атпен Менің құжаттарым бумасына сақтап қойыңыз.

№2 лабораториялық жұмыс.
MS Word-та кестелерді құру және өңдеу

Жұмыстың мақсаты:
• Мәтін ішіне кесте салу, оның элементтерімен танысу;
• Кесте бөліктерін және оның ішіндегі мәтінді белгілеу;
• Кесте ішінде курсорды жылдам жылжыту, оның бағанасын, енін өзгерту әрекеттерін орындап үйрену.
Тапсырмалар
1. Құжаттағы кесте қоятын орынға көрсеткішті (курсорды) орналастырыңыз.
2. Кесте менюінен Кестені қосу командасын таңдап алыңыз немесе саймандар панельінен Кестені қосу бастырмасын басыңыз.
3. Бағаналар саны өрісіне керекті бағаналар санын және қатар саны өрісіне қажетті қатар санын енгізіңіз.
4. Бағана ені өрісінде бағананың енінің шамасын көрсетіңіз.
5. Егер кестенің форматталған басқа үлгілерін немесе рамкаларын пайдаланғыңыз келсе, Автоформат батырмасын басыңыз.
6. Құжатқа кестені қою үшін, Кестені қою сұхбат терезесінен ОК батырмасын басыңыз.

Кестені құру, оған ақпараттарды енгізу және түзетулер жасауды үйрену үшін мынадай жаттығуларды орындау қажет.
1. Саймандар панельінен Құру батырмасын шертіп жаңа құжат құрыңыз да, оған Тамақтану кестесі деген сөзді жазыңыз да Enter пернесін басыңыз.
2. Кесте менюінен Кестені қосу командасын орындаңыз.
3. Бағаналар саны өрісіне 4 санын енгізіңіз.
4. Tab пернесін басыңыз және Қатар саны өрісіне тышқан көрсеткішін шертіңіз де 6 санын енгізіңіз. Қалғандарын өзгеріссіз қалдырыңыз.
5. ОК батырмасын шертіңіз. Экранда 4 бағаналы 6 қатарлы кесте пайда болады. Көрсеткіш бірінші ұяшықта тұрады. Кестені суретте көрсетілген ақпарлармен толтырыңыз. Бір ұядан екінші ұяға өту үшін Tab пернесін пайдаланыңыз.
КҮНІ КІМ НЕ ҚАЙДА
Дүйсенбі Еркін Салаттар Диірмендер көрінісі
Сейсенбі Ғабит Кәуап Лас-Казас бақтары
Сәрсенбі Сәуле Пицца Айда үйі
Бейсенбі Айгүл Үлкен пицца Програмист сыраханасы
Жұма Жомарт Манты Табиғат бары
6. Кестені суретте көрсетілген ақпарлармен толтырыңыз.
7. 6 бөліктегі ақпарларды енгізіп болған соң көрсеткішті «Программист сыраханасы» мәтін ұясына орын ауыстырыңыз. Көрсеткішті басқаратын пернелер арқылы осы сөздің соңына орналастырып жаңа абзацтан бастау үшін <Enter> пернесін басыңыз. Мынадай сөйлем жазыңыз: (Егер жақсы орын алғыңыз келсе, алдын ала тапсыра беріңіз).

1.2. 9х7 өлшемді кесте құрыңыз, тышқанның көмегімен бағаналардың өлшемін әр түрлі етіп жасаңыз.
1.3. Кесте командасының көмегімен оны қайтадан қалпына келтіріңіз
1.4. Осы кестенің ішіне өзіңіздің сабақ кестеңізді толтырыңыз. 1-бағанаға сабақтардың рет нөмірі, 2-бағана – Дүйсенбі, 3-бағана Сейсенбі т.с.с.
1.5. Осы кестені Кесте1 атпен Менің құжаттарым бумасына сақтап қойыңыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.