Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Жиымдар. Бір өлшемді жиым элементтерімен жұмыс» -

«Жиымдар. Бір өлшемді жиым элементтерімен жұмыс»

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 293 | Просмотров: 2962 | Размер: 23.5 Kb | Автор: Тәрбие
. Информатика – 9 сынып. Ақтөбе обылысы Шалқар қаласы І.Үргенішбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Сұлтанова Айгүл Молдағалиқызы

Тақырыбы: «Жиымдар. Бір өлшемді жиым элементтерімен жұмыс» .

І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Көпір» тапсырмалары
(Жаңа сабаққа қажет болатын өткен материалдарын қайталау сабағы) 1. Символдық мәліметтердің типін анықтау үшін CHAR түйінді сөзі арқылы жазылады ?
2. Кіші латын әріптерін бас әріптерге айналдыратын стандартты функция upcase(ch) анықталады ?
3. Символдық мәліметтерді пернетақтадан енгізу үшін READ (READLN) операторы қолданылады ?
4. Паскаль тілінің сөз тіркестерін өңдейтін функциялар мен процедураларын ата ?
DELETE, INSERT, STR, VAL,CHR, ORD,COPY,CONCAT, LENGTH,POS, UPCASE.
ІІ кезең. Жаңа тақырыпты өз бетіңмен меңгеріп көр.
Теориясы: «Білу» (Кім ? Не ? қашан ? Қайда ? Не істеді ?) 1. Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр .
А)Мәліметтерді ұйымдастыру тәсілдерінің кең тараған түрі – кестелік тәсіл. Кестелік түрде ұйымдастыру тәсіліне шахмат турнирінің кестесі, сынып журналы, көбейту кестесі, көрермендер залындағы орындар схемасы мысал болады.
Ә) Кестеде бір – ақ жол болуы мүмкін. Мұндай кесте сызықтық кесте деп аталады.
Б) Бірнеше жолдан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.
В) Кесте элементтерін белгілеуде латын әріптері қолданылады. Кесте жолдарын жоғарыдан төмен қарай, ал бағаналарды солдан оңға қарай белгілеу қабылданған.
Г) Тіктөртбұрышты Х кестесінің i - ші жолы, j – ші бағанасының қиылысында орналасқан элемент X[i,j] болып белгіленеді.
2. Жиым – бұл бір атаумен белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны.
3. Жиымдардың параметріне типі, көлемі, өлшемі жатады.
4. Жиымды сипаттау үшін: array of сөзі қолданылады.
5. Оның жазылу пішімі:
type <тип аты> = array [<индекс типі>] of <элемент типі>;
var <идентификатор,..> : <тип аты>;
Теориясы: «Түсіну» (неге? себебі ? неліктен ? сұрақтары қатыстырылған тапсырмалар болуы керек) 1. Тұрмыста тізбектелген сандарды, кестелерді, реттелген жолдарын, фамилия тізімін неге көп пайдаланамыз ?
Жауабы: себебі: олар бірөлшемді (вектор) немесе екіөлшемді (матрица) жиым элементтері болуы мүмкін.
2.Неге жиымды сипаттағанда индекстің үлкен мәні үшін кез – келген санды алуға болады ?
Жауабы: себебі индекстің мәні оның берілген ең үлкен мәніне дейін болуы шарт емес.
3. Индекс типі неге бүтін немесе нақты бола алмайды ?
Жауабы: себебі индекс типі стандартты.
4.Неліктен индексті сипаттағанда қандай тип берілсе, индекс сол типте ғана болуы қажет ?
Жауабы: себебі : индекс өрнек, айнымалы немесе тұрақты түрінде берілуі мүмкін.
Теориясы: «Талдау» (салыстыр, айырмашылығы неде ? сұрақтарына қатысты тапсырмалар болуы керек) Салыстыр. Математикадағы вектор мен Паскальдағы жиым

Математикадағы вектор А 1, А 2 ... А n
Паскальдағы жиым A[1], A[2]….A[n]

Теориясы: «Жинақтау» (қорытынды шығар, сызба, сөзжұмбақ құрастыр сияқты тапсырмалар болуы керек)
Жаңа тақырып бойынша өз ойыңмен анықтама беріп қорытынды жаса.Жауаптарын сәйкестендір.

Сызықтық кесте
Элементтері баған мен жолдың қиялысында ұяшықтарда орналасады Мысалы: Математикадағы прогрессиялар, оқушылар тізімі
Тіктөртбұрышты кесте Элементтері бірінен кейін бірі немесе бірінің астында орналасады Мысалы: Көбейту кестесі, сабақ кестесі ...

Практика «Қолдану» (қарапайым тапсырмалар берілу керек) Нақты сандар кестесін қарастыр:
i 1 2 3 4 5 6 7 8 9
N[i] 2 3.2 -7.11 0 91 -75 0 0.05 -9.81
Мұндағы N [i] – жиым элементі, i – жиым элементтердің реттік номері яғни индексі.
Мысалы: n[2]= 3.2 , n[4..6]= 0, 91,- 75.

Практика «Баға беру» (сен қалай ойлайсың ? не істер едің ? сұрақтарына қатыстырылған тапсырмалар болуы керек) Сен қалай ойлайсың , жиымда қандай элементтің пайдаланып отырғанын көрсету үшін нені көрсету жеткілікті ?
Жауабы: менің ойымша , жиымда қандай элементтің пайдаланып отырғанын көрсету үшін индекс көрсету нені көрсету жеткілікті.
ІІІ бағалау кезеңі (жеке жұмыс)
Деңгейлік тапсырмаларды орындап балл жина.
Теориясы: «Білу»
(Кім ? Не ? қашан ? Қайда ? Не істеді ? сұрақтарына қатыстырылған тапсырмалар болуы керек) І деңгей
1.Сызықтық кесте қалай орналасады ?
Жауабы: Сызықтық кесте жол бойында немесе баған бойына орналасады.
2.Жиымның негізгі параметрлеріне нелер жатады ?
Жауабы: Жиымның негізгі параметрлеріне типі, өлшемі, көлемі жатады.
3.Паскальда жиымдар қайда жазылады ?
Жауабы: Паскальда жиымдар айнымалыларды сипаттау бөлімінде жазылады.
4.Компьютерде кестелік шамалармен жұмыс жасау үшін нелер пайдаланылады ?
Жауабы: Компьютерде кестелік шамалармен жұмыс жасау үшін жиымдар (массивтер) пайдаланылады..
Практикасы «Қолдану» (жоғарыдағы қарапайым тапсырмалар үлгісінде болуы керек) Паскальда орындап жауабын ал.
1 – мысал.А кестесі элементтерінің қосындысын анықта.
1 2 3 4 5
2,5 1,5 -6 12 8
Program kosindi;
Var a:array[1..5] of real;
i:integer;
s:real;
begin
for i:=1 to 5 do
begin
readln (a[i]);
s:=s+a[i];
end;
writeln (‘s=’,s:5:1);
end.
Жауабы: S=
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)
Теориясы «Түсіну»
( неге ? себебі ? неліктен ? сұрақтары қатыстырылған тапсырмалар болуы керек) 1.Кестелер неліктен сызықтық және тіктөртбұрышты болып екіге бөлінеді ?
Себебі: сызықтық кесте бір жолдан тұруы мүмкін, ал тіктөрт-бұрышты кесте бірнеше жолдан тұрады.
2.Сынып журналындағы баға мен театр залындағы орын әртүрлі болғанымен неліктен олардың орналасуы ұқсас ?
Себебі: ұзындықтары бірдей бірнеше қатарлардан тұрады.
3.Неліктен Паскаль тілінде жиымдарға = (тең) , < > (тең емес) және := (меншіктеу) амалын қолдануға болады ?
Себебі: жиым элементтері үшін олардың типіне сәйкес кез – келген амал орындала береді.
Теориясы «Талдау» (салыстыр, айырмашылығы неде ? сұрақтарына қатыстырылған тапсырмалар болуы керек) Салыстыр: Сызықтық кесте мен тіктөртбұрышты кестенің айырмашылығы неде ?

Практикасы: «Қолдану» (өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар болуы керек) Паскальда орындап жауабын ал. 2 – мысал: 10 элементтен тұратын нақты сандардың жиымы берілген. Осы кестеде қанша оң сан бар екенін анықта.

i 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
N[i] 2 3.5 -7.11 0 91 -75 0 0.05 8,8 -9.81
Program keste1;
Var n:array[1..10] of real;
i,s: integer;
begin
s:=0
write(‘арасын бөліп 10 нақты сан енгіз’);
for i:=1 to 10 do;
read([i]);
for i:=1 to 10 do
if n[i]>0 then s:=s+1;
writeln;
writeln (‘ кестеде ‘,s,’ оң сан бар’);
end.

Жауабы:
ІІІ деңгей (9 балл +12 балл)
Теориясы «Жинақтау» (қорытынды шығар, сызба, сөзжұмбақ құрастыр сияқты тапсырмалар болуы керек) Операторларды қолданып сөзжұмбақ құрастыр:

1. Енгізу операторы
2. Шығару операторы
3. Қайталану саны алдын ала белгіл оператор
4. Таңдау операторы
5. Жиымды сипаттау үшін қолданылатын сөз тіркесі

R E A D L N
W R I T E L N
F O R T O D O
C A S E O F
A R R A Y

Практикасы «Баға беру» (сен қалай ойлайсың ? не істер едің ? сұрақтарына қатыстырылған тапсырмалар болуы керек) Сен қалай ойлайсың, егер бірнеше жиым бірдей базалық және индекстік типте болса, онда оларды жиым ретінде сипаттағанда қалай бөліп жазуға болады ?

Жауабы: үтір арқылы.
Мысалы : VAR A,B,C: ARRAY [1..10] OF REAL;
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.