.
.
Сабақтың тақырыбы: Аңдар Аңдар
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 321 | Просмотров: 2115 | Размер: 20.6 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: 1)Жабайы жануарлар туралы білімдерін кеңейту.
2)Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сұрақтар мен мысалдар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, сөздік қорын дамыту.
3)Туған өлке табиғатына, онда мекендейтін жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: «Жабайы аңдар» туралы бейнефильм, сөздік сөздер, жабайы жануарлардың суреттері, «Адасқан сөздер» ойыны.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың технологиясы: Блум технологиясы, сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, көрнекілік әдістер, пікір алмасу, сипаттау
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) – сабаққа дайындықтарын тексеру
- сабақтың ережелерімен таныстыру
- топ ережелерін тақтаға іліп қоямын
1 – ереже: Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз!
2 – ереже: Біреудің айтқанын қайталамаймыз!
3 – ереже: Сабақта тақырып бойынша сөйлесеміз!
4 – ереже: Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
5 – ереже: Ойымызды толық айтамыз!
ә) «Шаттық шеңберіне» шақыру
Әрбір таңның арайын,
Қарсы аламыз қуана
Ақ тілектің сарайын,
Ашамыз бар адамға.
Мұғалім: Балалар! Біз күнде аспанға қарағанда нені көреміз?
Балалар: Күннің көзін көреміз.
Мұғалім: Күннің көзі бізге не береді?
Балалар: Күннің көзі бізге жылу, жарық береді.
Мұғалім: Күннің көзі немізді жылытады?
Балалар: Күннің көзі бетімізді, қолымызды, жүрегімізді жылытады.
Мұғалім: Олай болса, жүректерімізді ұстап, жылуын сезінейікші?
Мұғалім: Жүректерің қалай соғып тұр?
Мұғалім: Ендеше осы жүректердің жылуын бір-бірімізге алақандарымыз арқылы сыйлайықшы.
Мұғалім: Ендеше балалар бір-бірімізге жақсы, жылы лебіздер, тілектер сыйлайықшы.
Мұғалім: Балалар, біз қандай тарауды бастадық?
Балалар: «Жануарлар әлемінде»
Мұғалім: Жануарлар қалай бөлінеді?
Балалар: Үй жануарлары мен жабайы жануарлар.
ІІ Үй жұмысын тексеру. «Интервью» әдісі
Жабайы жануарлар туралы бейнефильм көрсетіледі.
Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді оқу барысында оқушыларға V – білемін, + - жаңа білдім,
- - білмедім деп сөздерге қарындашпен белгі қоюларын ескерттім.
Жаңа сөздердің көмегімен мәтінді орысшаға аударады.
ІІІ Блум жүйесі
І Кіріспе бөлім
1.Жабайы аңдар қайда тіршілік етеді?
2.Жабайы аңдарды қайдан көруге болады?
Түсіну:
1.Жабайы аңдар дегенді қалай түсінесіңдер?
а)ешкім бақпайды;
ә)орманда, тауда, далада тіршілік етеді;
б)тамақтарын өздері тауып жейді;
в)жабайы өседі;
г)төлдерін де өздері асырайды
Қолдану:
«Адасқан сөз» ойыны
а қ а о к
қ а ю т і
о с и ү р
я қ е л п
н ы р к і
ж о л б а
а р қ а р
ң д а р ы
б а р ы с
ІІ Негізгі бөлім
Талдау:
Балалар, жануарлардың мінезі қандай?
Жануарлардың мінезін сипатта:
Түлкі қорқақ
Қоян айлакер
Арыстан зұлым
Қасқыр айбатты
Аю ұйқышыл
Жинақтау:
Бұл мәтіннен қандай ой түйдіңдер?
- Неге жабайы аңдар хайуанаттар бағында тұрады?
Бейнефильм көрсетіледі
- Қазақстанның жануарлар әлемі қандай?
- Қандай жануарлар сиреп, азайып барады?
- «Қызыл кітапқа» қандай жануарлар енген?
Қорытындылау:
Дұрыс Бұрыс
1. Жабайы жануарлар екіге бөлінеді.
2 Аңдар жабай өседі
3 Жабайы жануарлар орманда, тауда тіршілік етеді.
4 Жабайы жануарлар адамға қызмет етеді
5 Аңдар өз қорегін өздері тауып жейді.
6 Аңдар төлдерін өздері асырайды
7 Жабайы аңдарды адамдар бағады
Үйге тапсырма:
Бір аң туралы қосымша мәлімет жинап, жазып келу.
ББҮ кестесін толтыру
Білемін Не білгім келеді? Үйрендім
Оқушылардың білімін бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.