Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Антоним. -

Антоним.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 365 | Просмотров: 3825 | Размер: 56.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың лексикалық тақырыбы: Жәнібек пен Жиренше.
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Антоним.

Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: оқушыларға шешендік сөздер жайлы білімдерін толықтыру; Жиренше шешен жөнінде мәтінді оқи отырып, антонимдер туралы түсінік беру.
ә) дамытушылық: оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын дамытуға, шығармашылыққа баулу.
б) тәрбиелік: оқушыларды шешендік, нақыл сөздер арқылы шыншылдыққа, жалған сөз айтпауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.
Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, жұмбақ ойыны.
Оқыту құралдары: тірек сызбалар, сөзжұмбақ, компьютер.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі «Антонимы»

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Оқушылардың дәптерлерін тексеру.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1. «Жәнібек пен Жиренше» мәтінін оқу, аудару.
2. Мәтіндегі түсініксіз сөздерді түсіндіру.
3. Сөздікпен жұмыс.
Сабақтың грамматикалық тақырыбын түсіндіру:
Сөзжұмбақ шешу арқылы оқушылар өздері грамматикалық тақырыптың атын табады.

1 Л Е К С И К А
2 Қ Ұ Н Д Ы
3 Қ А Т А Ң
4 Д И А Л О Г
С И Н О Н И М
6 Ж И Р Е Н Ш Е
7 М Ы Қ Т Ы

1. Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.
2. «Бағалы» сөзінің синонимі.
3. Дауыссыз дыбыстардың жіктелу түрі.
4. Екі немесе одан көп адамдардың алма-кезек сөйлесуі қалай аталады?
5. Мағыналары бір-біріне жуық сөздер тобы қалай аталады?
6. Әз-Жәнібектің сарай биі, шешені болған адам кім?
7. «Күшті» сөзінің синонимі.

Ереже.
Антоним - грек тілінен шыққан, anti- қарсы, onota-атау дегенді білдіреді. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейміз.
Мысалы: Күн - түн, ыстық - суық,
әне - міне, кету - келу, ерте - кеш.

Сызба № 1

ІІІ. Бекіту.
1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
2. Тапсырмаларды орындау
Тапсырма:
Мәтіннен төменде берілген сөздердің антонимдік сыңарларын тауып жазыңдар:
рас –
жалған –
танық –
хан –

Жұмбақтар ойыны
Тапсырма
Жұмбақтардың жауабын тауып, ондағы антоним сөздерді тап:
1. Күндіз ізетті, түнде күзетте. (есіктің ілгегі)
2. Қара жердің төсінде ақ қонның ізі мол. (тақтадағы жазу)
3. Тірісі өліден нан сұрайды, өлісі тіріден жан сұрайды. (тышқан және қақпан)
4. Асты тігілген, үсті сөгілген. (Қап)
5. Күндіз бар, түнде жоқ. (жұлдыз)
6. Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар. (тасбақа)
7. Ерте тұрады бір қыз,
Кеш тұрады бір қыз.
Қайткенде де солардың
Дегенімен жүрміз. (Күн мен Ай)
ІҮ. Қорытындылау:
Семантикалық картаны қолдану арқылы сабақты қорытындылау.
V. Үй тапсырмасы:
26 бет, 4 жаттығу
ҮІ. Бағалау.
Сабақ барысында тапсырмаларды орындаған, белсенді қатысқан оқушыларға баға қою.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.