Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан-менің Отаным. -

Қазақстан-менің Отаным.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 257 | Просмотров: 1482 | Размер: 16.9 Kb | Автор: Тәрбие
. Тіл мерекесі
Тақырыбы: Қазақстан-менің Отаным.
Мақсаты: оқушылардың қазақ тілінен алған білімін арттыру, өз елінің тарихын, рәміздерін құрметтеуге баулу.
Көрнекілік: суреттер, карточкалар.
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Қазақстан-біздің Отанымыз. Ол- тәуелсіз мемлекет. Мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Қазақстан-өзінің салт-дәстүрі, мемлекеттік рәміздері бар ел. Міне, биыл тәуелсіздіктің 22 жылдығын тойлап өтеміз. Осы атаулы оқиғаға байланысты бізде осы іс-шараны өткізейін деп отырымыз.
Ол үшін біз сыныпты екі топқа бөлеміз:
І топ «Атамекен» ІІ топ «Бейбітшілік»
-Енді сайысымыздың негізгі кезеңін бастаймыз. Ол үшін екі топтан 1 оқушы шығады да, берілген тапсырманы толық орындауы тиіс.
-Алдымен сендердің тәртіптерің еске алынады және жауаптарың толық болуы керек.
-Мұқият тыңдаңыздар.
І – тапсырма. Викторина.
1.Қазақстан қандай мемлекет?
2.Қазақстан Республикасының Президенті кім?
3. Қазақстан Республикасының бас қаласы кандай?
4.Отан деген не?
5. Қазақстан Республикасы кімдердің Отаны?
6. Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды және олар қандай рәміздер?
7.Туы мен Елтаңбасы неше түсті?
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны қашан қабылданды?
9.Әнұранның авторы кім?
10.Тудың авторы кім?
ІІ-тапсырма . «Тапқырлық».
Әр топ кезектесіп мақал-мәтел айтады.Кім көп біледі?!
ІІІ-тапсырма. «Адалдық».
Мына өлеңді жатқа жазыңдар. Алдымен өздерің бірнеше рет оқып есте сақтағаннан кейін өз беттерінше жазыңдар. Өте ұқыпты және мұқият болыңдар.
Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың, бауырсың.
Отан-өлкең, астананаң
Отан-аудан,ауылың.
ІҮ-тапсырма. «Қазақ тілі»- лотосы.
Оқушыларға кеспе қағаздар таратылып, олар соларды пайдаланып әнұранның қайырмасын құрастырып шығару тиіс.
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ү-тапсырма. Жеті сөзді тауып жазыңдар.
К Н А У Р Ы З
Ө Д Қ Ұ С Ь М
К Г Ш З Ә Л П
Т О А Й У Р Ф
Е К Ұ Н І Ж О
М А М Ы Р В Х

ҮІ-тапсырма. Төртінші артықты тап.
Ту Кітап Рәміздер Табиғат
Мектеп Гүл Дос Еңбек

ҮІІ-тапсырма. «Сөйлемдерді аяқта».
Отанды сүю орман,дала, тау қажет.
Жануарға Отан керек.
Адамға Отанды қорғау.
Табиғатты қорғау дегеніміз отбасынан басталады.
Адамның кіші Отаны ауласы, көшесі, мектебі, достары.

ҮІІІ-тапсырма. Қазақ тілінің төл дыбыстарын білесің бе?
Екі команда бір-біріне қарама-қарсы тұру керек.Бірінші командаеның ойыншылары әріптерді көрсетеді.Екінші коменданың ойыешылары осы сөзге байланысты сөздерді атайды.Кейін олар орындарымен ауысып, сайысты жалғастырады.
Қорытынды. Сонымен балалар, бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті деп ойлаймын.Сайыстарға жақсы қатысып, білімдеріңді көрсеттіңдер.Бұл өте жақсы.
Мадақтама рәсімі. Сау болыңдар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.