Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан ормандары. -

Қазақстан ормандары.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 508 | Просмотров: 3097 | Размер: 54.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Павлодар қаласы, ПҚБАИ «Бекітемін»___________
II топ,қазақ тілінде Мектеп директоры:Т.С.Баизбаева
Тыңдаушы: Жасқайратова С.Ж.


Пән: Қазақ тілі
Сынып: 8
Мерзімі: 11.03.2014.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан ормандары.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар қазақстан ормандары туралы білімдерін кеңейте отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.
Міндеттері:
- Оқушылар қазақстан туралы білім алады.
- Оқушылар мәтінмен таныса отырып,орманның түрлерін анықтайды.
- Оқушылар жеке, жұпта, топта жұмыс жасауға , пікір алмасуға дағдыланады.
- Оқушылардың сөздік қоры артады, сөйлеу тілі дамиды, өз ойын сын тұрғысынан білдіруге дағдыланады.
Әдіс-тәсілі: Кластер, ақпараттық ақаулық,
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, бағалау парағы, Қазақстан ормандары туралы презентация, оқулық мәтіні, т.б.
Сілтеме (деректер): Оқулық – Қазақ тілі оқулығы. 8 орыс сынып, Т.Артыкова., Г.Ермекбаева., Алматы: «Атамұра», 2012.
Пәнаралық байланыс: биология, география,
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар қазақстан ормандары туралы алған білімдерімен өзгелермен бөлісе алады.
- Оқушылар мәтінмен таныса отырып,орманның түрлерін анықтайды.

- Жеке ойларын ортаға сала алады. Топқа ойын еркін жеткізе алады. Басқаны үйрету жауапкершілігін сезіне алады.
Табыс критерийлері:
- Мен өз жауаптарымды дәлелдей аламын;
- Мен топта өз идеямды ұсына аламын;
- Мен ормандардың түрлерін ажырата аламын;
- Мен қазақ тілінде өз ойымды еркін жеткізе аламын.

Сабақтың барысы:

Деңгейлер Уақыт Модуль Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі 1 мин 1. Оқушылармен амандасу
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Психологиялық ахуал тудыру.
Оқушылар бір-біріне қарама қарсы тұрып,қолдарын ұстап, осы сабаққа байланысты жылы лебіздерін айтады.

- Сәлеметсіз бе?

-Сәттілік тілеймін!
-Көңілін көтеріңкі болсын!
-Жақсы баға ал!

Үй тапсырмасын тексеру 4 мин 191 бет. Сұрақтарға жауап беру.
I деңгей – Білу.
2 мин АКТ
СТО
Тақырыпқа шығу мақсатында «Қазақстан ормандары» видеофильм көрсету. Оқушылар не түсінгенін, сабақтың тақырыбы қандай екені туралы өз ойларын ортаға салады. Смайлик арқылы өздерін бағалайды





1 мин ОЖЕСО
Оқушыларды топтарға бөлу мақсатында ағаштың аттары жазылған қима қағаздар таратылады. Әр оқушы өзінің суреті бойынша топқа отырады.
1-топ: Қайың
2-топ: Шырша
3-топ: Терек
2 мин СТО
Миға шабуыл әдісі Сіздер қалай ойлайсыздар? Мен неге сіздердің топтарын ағаштардың аттарымен қойдым.
Бүгінгі тақырыпқа байланысты.
- Сендер қазақстан ормандары туралы не білесіңдер? Миға шабуыл әдісі арқылы оқушылар қазақстан ормандары туралы (бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен алған білімдерін) не білетіндерін естеріне түсіреді.


II деңгей – Түсіну. 9 мин СТО
«Ақпараттық ақаулық» әдісі
«Қазақстан ормандары» мәтіні таратылады. 193 бет. Мозайка әдісі бойынша талқылайды. Әр топ мәтінді оқып, аударады.
Жаңа сөздермен жұмыс.
-топта талдайды.
- постерге түсіреді,қорғайды. «2 жұлдыз, бір тілек» - стикерлерге өз пікірлерін жазып, бір-бірінің постерін бағалайды
III деңгей – Қолдану. 7 мин А) Ағаштың аттары жазылған қима қағаздар беріледі. Оқушылар сол бойынша жауап береді.
Қайың, көктерек, шырша, емен, үйеңкі, тобылғы, жабайы жеміс.
Сұрақтар:
1. Ұсақ жапырақты ормандарда қандай ағаштар өседі?
2. Қылқан жапырақты ормандарда қандай ағаштар өседі?
3. Аралас жапырақты ормандарда қандай ағаштар өседі?
В) Дайындал...Назар сал…Оқыңдар! әдісі.Венн диаграммасы. Қазақстан жеріндегі орман түрлерін айтып, айырмашылықтарын анықтау.

С) 8 сынып оқулығы. 194 бет. 3-тапсырма.Тірек сызбаны толықтырып, әңгіме құраңдар.
Оқушылар сұраққа тиісті ағаштың атын қояды.

Бағалау парағы
А деңгейі - "3"
А, В деңгейлері - "4"
А, В, С деңгейлері - "5"

Оқушы А деңгейі В деңгейі С деңгейі Барлығы






Оқушылар қазақстан ормандары тақырыбы бойынша мазмұнын айтады.


IV деңгей – Талдау. 7 мин «6 қалпақ» әдісі

V деңгей – Синтездеу. 4 мин ОЖЕСО
СТО
Кім көп біледі? әдісі. Топтар орман туралы мақал – мәтелдерді айтып, аударып, мазмұнын айтып береді. Топтар кезектесіп айтып, мағынасын ашып, түсінеді. «Бағдаршам»

Мен көп жаңа білім алдым

Тапсырмаларды орындаған кезде біраз қателестім.

Білмеймін

VI деңгей – Бағалау. 5 мин Ертеректе не білдім? Не білдім? Не білгім келеді?

Оқушылар кестені толтырады.



Үй тапсырмасы 1 мин «Қазақстан ормандары» тақырыбына эссе жазу немесе сурет салу не презентация жасау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.