Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Біздің отбасымыз.  Фонетика -

Біздің отбасымыз. Фонетика

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 364 | Просмотров: 1602 | Размер: 18.1 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтық тақырыбы: Біздің отбасымыз. Фонетика

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: өтілген материалдарды қайталау арқылы оқушылардың алдыңғы сыныпта меңгерген білімдерін тексеру, еске түсіру, оқушы есінде жаттанды ету.
2. Дамытушылық: нақты мысалдар келтіру арқылы оқушының сөйлеу дағдысын дамыта түсу, қазақ тіліне тән әріптермен фонетикалық ерекшеліктерін қайталай отырып, үйрете түсу.
3. Тәрбиелік: оқушыларды отбасы мен отбасы мүшелерін, туған жерінің мәдинетін, тілін құрметтеуге оқып үйренуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ – жауап, қайталу, тіл жаттықтыру, топтастыру, эвристикалық (мәтінмен жұмыс), сергіту ойын түрлері, сөздік жұмысы, суретті, грамматикалық жаттығу жұмыстары мен тапсырмалары (тест).

Сабақ түрі: қайталау сабағы

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық суреттер, сергіту ойындары, мақал - мәтелдер, қосымша ( Шың оқулығы (қазақ тілі), грамматикалық сызба тіректер, ҚР рәміздері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалармен сәлемдесу. Кезекшімен жұмыс. Оқушыларға сабақтың барысы мақсат мінтеттері туралы түсінік беруіп, таныстыру.
Әнұранды орындау. Оқушылардың сабаққа даярлығын(оқу құралдарын) тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өтілген тақырып бойынша қысқаша түсінік немесе сұрақ – жауап әдісі негізінде екеуара мәтін бойынша сөйлестіру. Грамматикадан өткенді қайталау (сұрақ - жауап)
1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
2. Қазақ тілінде неше септік бар, ата?
3. Зат есім дегеніміз не, сұрақтарын ата?
4. Зат есім құрамына, тұлғасына, мағаынасына қарай нешеге бөлінеді ата, мысалдар келтір?
5. Күз айларын ата?
6. Апта тауларын ата?
7. Қазақстан қандай мемлекет?
8. Сөз денгеніміз не? (белгілі бір заттың, ұғымдардың атауы)
9. Т үбір дегеніміз не, мысалы?
10. Кірме сөздер дегеніміз не, мысалы?
11. Қос сөз дегеніміз не? мысал;
12. Сан есімнің түрлері, жасалу жодары, мысалы;
13. Сын есім туралы толық мәлімет, жасылу жолары,мысал келтір;
14. Етістіктің шықтары дегеніміз не? Мысалы;
15. Мектеп қай көшеде орналасқан?
16. Қазақстанның мемлекттік тілі қай тіл?
17. ҚР рәміздері туралы айтып беріңдер? 1 қатар - Әнұран; 2 қатар - Елтаңба;
3 қатар - Ту (т.б сұрақтар)
18.Өзің туралы немесе досың туралы айтып бер?
19. «Біздің мектеп» тақырыбына шағын әңгіме айт?
20. Мақал – мәтел (Кім көп біледі?) сайысы.

ІІІ. Жаңа сабақ. (жаңа сабақ туралы түсінік беру). Қазақ тілінің фонетикасын граматикалық сызба немесе Шың оқулығы негізінде нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіремен.

тату ... қаласы .. үй .. пәтер

... адам .. бала -бақша

олар: Менің отбасым жоғарғы оқу орны ..
ана,әке
әже,ата жақсы көремін
аға,әпке
сіңілі, іні
зеинеткер жұмыс істейді .. мектеп ..


Фразиологиялық сөздік.1. Көзі ашық - букв. - с открытыми глазами –
граматный,образованный,мысляший.
2. Жүрке жұтқан – букв. проглотивший сердце-
бесстрашный, храбрый, смелый

Тапсырма: мақалды аударып, мағынасын түсіндіріңіз.
Аяғынан тік тұру – букв. - ? - ?

Мақал. 1. Әке – асқар тау, 2. Қарға баласын аппағым дер,
Ана – сарқылмас бұлақ. Кірпі баласын жұмсағым дер.
Отец как вершина горы, Ворона говорит освоем дитяти
Мать – неиссякаемый источник мои беленький,
Ежиха говорит о своем дитяти
мои мягонький.

Тапсырма; мақалды аударып, мағынасын түсіндіріңіз.

1.Баланың ұяты - әкеге,
Қыздың ұяты – шешеге.
2. Баласыз ана – жеміссіз ағаш.

Әрекетті сөздер. Тапсырма: Мақалды аудар, мағынасын түсіндір.
амандасу 1. Мың досың аз, бір дұшпаның көп.
қоштасу 2. Досың берген нәрсенің түсіне қарама.
шақыру 3. Шығылған сүрінгенге күледі
қонаққа келу
сөйлесу
сырласу
беру
алу
жақсы көру

Нәтиже тапсырма: 1. Суретпен жұмыс
2.Өз отбасыңыз туралы айтып беріңіз.

ІҮ. Мәтінмен жұмыс (эвристикалық әдіс). 3 – 4 бет

1.Мәтінді мұғалім мәнермен нақтылап түсінікті етіп оқып шығады. Оқушылардан не түсінгендерін сұрайды.
2. Оқушылар мәтінді оқып, аударады. Қиындық келтірген жаңа сөздерді мұғаліммен бірге аударады, мұғалім мағынасын қолдану аясын түсіндіріп оқушыларға көмек – бағыт береді.
3. Мәтінді аударып болған соң, оқушылармен сұхбат құра отырып, мәтіндегі негізгі ой тұжырымдалып, тұлғаның мәтін бойынша қысқаша түсінік (мазмұнын) өзімен айтып беруге жаттықтыра түседі.
4. Мәтінді меңгерте түсу мақсатында грамматикалық тапсырмалар орындатамын.
А) Мәтіннен септік тұлғадағы сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын көрсет.
Б) Атау тұлғадағы екі сөзді тауып, жікте және тәуелде ( жекеше, көпше)түрде.
В) Мәтіндегі екі жай сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Г) Берілген сөздерді сөз құрамына талдау (морфологиялық талдау)
Оқулықтағы жаттығы жұмыстарын орындату. 3 – 4 бет
№ 2 тапсырма, №3 тапсырма
Ү.Сөздікпен жұмыс. / 3 -4 бет /
1.Мәтінде кездескен жаңа сөздерді қайталап, оқушылар жазылуынаназар аудара отырып, сөдік дәптерлеріне жазып алады.
2. Жаңа сөздермен бірнеше сөз тіркесткері мен сөйлемдер құрастырады.
Мысалы: маман – жақсы маман, нағашы аға, қызыл – қызыл алма, қызыл орамал; серуен – прогулка, кешкі серуен т.б.
Мен дүкеннен қызыл орамал сатып алдым. Біз отбасымызбен Абай саябағына кешкі серуенге шықтық.
ҮІ. Оқулықпен жұмыс. / 3 – 4 бет /
Оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендігін текскру мақсатында оқулық бойынша төмендегі тапсырмалар орындалады.
- Сұраққа жауап беріңдер
- Мәтіннен берілген сұрақтардың мазмұнын ашатын сөйлемдерді табыңдар
Мәтінге тірек сұрақтарын құрастыра отырып, еку ара сөйлестіру ( тіл дамыту)
ҮІІ. Сабақты бекіту. Өтілген тақырып бойыша сұрақ - жауап жүргізу.
Фонетика нені зерттейді ?
Отбасының басшысы кім ?
Отбасында неше адам бар ?
Атаның мінезі қандай ?
Әже қандай адам ?
Үндестік заңы дегеніміз не ? Мысалы
Үндестік заңы нешеге бөлінеді ?
Отбасы қандай ? т.б.
Сергіту кезеңін өткізу. Берілген сөздердің әріптерінен сөздер құрастыр.

ҮІІІ. Бағалау. Қортындылау.

ХІ. Үйге тапсырма:
1. Мәтін бойынша мазмұнын айту.
2. Сөздік жаттау
3. Граматиканы қайталау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.