Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Демеулік шылаулар -

Демеулік шылаулар

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 401 | Просмотров: 1885 | Размер: 15.7 Kb | Автор: Тәрбие
. Күні: 14.04.2014 ж
Пән:Қазақ тілі
Сынып:6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Демеулік шылаулар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Шылаулар туралы білімдерін толықтыру,демеулік шылаулардың қалай жасалатынын түсіндіру.
Тәрбиелік:Оқушыларды білімді,ақылды,өнегелі тұлға етіп тәрбиелеу,эстетикалық өнегелі ортаны қалыптастыру.
Дамутышылық:берілген материалды тиянақты меңгеруге,ойлау белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал ету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: оқулық,интерактивті тақта,сызбалар, плакаттар,кеспе қағаздар,маркерлер,кесте;
Пәнаралық байланыс: әдебиет,математика,бейнелеу өнері;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларды 3 топқа бөлу.
1-топ:Септеулік шылаулар тобы
2-топ:Жалғаулық шылаулар тобы
3-топ:Демеулік шылаулар тобы
Үй тапсырмасын сұрау.Жалғаулық шылау туралы алған білімдерін тексеру.
179 бет,330-жаттығу.Мәтіннің ішінен септеулік және жалғаулық шылауларды теріп жазу.
Балалар, қазақ тілінде неше сөз табы бар? Біз сендермен қандай сөз табын өтіп жатырмыз? Шылаулар дегеніміз не?Олар неше топқа бөлінеді?
1.Қызығушылықты ояту.«Бәйге».Сұрақ-жауап сайысы.Әрбір топқа конверт таратылып, өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады.
1.Есім сөздердің орнына жұмсалатын сөз табы қалай аталады? (Есімдік)
2.-ған,-ген,-қан,-кен жұрнақтары арқылы жасалатын етістіктің ерекше түрі? (Есімше)
3.-ау,-еу жұрнақтары арқылы сан есімнің қай түрі жасалады? (Жинақтық сан есім)
4.-ып,-іп,-п жұрнақтары арқылы жасалатын етістіктің ерекше түрі қалай аталады? (Көсемше)
5.қандай?қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы? (Сын есім)
6.Берілген мақалдың жалғасын тап: «Оқу - ..... бұлағы.(білім)
7.Кім?Кімдер?Не?Нелер? деген сұраққа жауап беретін сөз табы? (Зат есім)
8.Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?(4)
9.Қимыл, іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, себебін, амалын білдіретін сөз табын ата (Үстеу).
2.Жаңа сабақ. «Мағынаны тану».
Оқушылар оқулықта берілген демеулік шылаулар тақырыбын оқи отырып,
плакатқа сызба түрінде өз ойларын түсіреді.

Демеулік шылаулар – сөзге не сөйлемге күшейту,тежеу,шектеу,сұрау, болжалдық,күмән сияқты қосымга мағына үстеп тұратын көмекші сөздер тобы.Демеулік шылаулар мағынасына қарай бірнеше топқа бөлінеді:

3. «Кім тапқыр?» Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып көшіріп жазып, талдау жасау.Әрбір топқа 1 сөйлемнен беріледі.
Алматы қаласында болдың ... ?
Адасқан сен ...,мен ... ?
Шіркін- ..., керемет деген осындай болады екен!
4.Сергіту сәті.Интерактивті тақтадағы қимылдарды қайталау.
5.Оқулықпен жұмыс
181 бет,331 – жаттығу.Демеуліктерді тауып, қай сөзбен бірге жұмсалғанын және оған қандай мән үстеп тұрғанын көрсетіңдер.
Кездесе береді ғой – нақтылау мәнді,Сөз еткен–ді – нақтылау мәнді,Сөйлегендіктен бе?Қырсығып қалдым ба? - сұраулық мәнді,Басталыпты – ау – болжалдық мәнді.
Бригадаңда ше? Болмай ма? – сұраулық мәнді,Тез - ақ - күшейткіш мәнді,Орнына да күшейткіш мәнді.
6.Ойлан, тап.Әрбір топқа ребус таратылып беріледі.




3) 3

,

2)
лы
4)

7.Сызбаны толтыру.Әрбір оқушы берілген шылауларды сәйкес келетін тор көзге жабыстырады.

Септеулік шылау Демеулік шылау Жалғаулық шылау




8.Сабақты бекіту.Қорытындылау.
Әр топ өз тақырыптарын қатыстыра отырып, мақал-мәтелдер айтады.
Септеулік шылаулар:
1.Отан үшін отқа түс –күймесің.
2.Өз басыңды жауға берсең де,жолдасыңды жауға берме.
3.Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
9.Үйге тапсырма.
181 бет,332-жаттығу.Демеулік шылауларды тауып, мағыналық түрлеріне қарай талдау.
10.Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.