.
.
Қазақ тілі (6-сынып) «Есімдік»
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 339 | Просмотров: 3446 | Размер: 32.0 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың тақырыбы: «Есімдік»
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Есімдік туралы түсінік, жалпы мағлұмат беру.
Мағыналық: Тұлғалық жағын меңгерту
Дамытушылық: Шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілік, парасат тәрбиесін беру
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тірек-сызбалар т.б
Сабақтың барысы: Түсіндіру әдісі қолданылады.
І. Жаңа сабақ тақырыбы «Есімдік» интерактивті тақтада көрсетіледі.
Жаңа сабақты түсіндіруде сұрақ-жауап әдісі қолданылады.
Қойылатын сұрақтар:
- Сөз таптары дегеніміз не ?
- Оның неше түрі бар ?
- Осы уақытқа дейін біз неше сөз табын өттік ?
- Сөз табының ерекшеліктері неде ?
ІІ. Зат есім, сын есім, сан есім тақырыптарында оқығандығын қорытамыз. Осы үш сөз табын алмастырып айтады, солардың орнына жүретін сөздерді келтіріп сөйлем құрайды. «Есімдік» тақырыбын дәптерлеріне жазады.
ІІІ. Есімдік туралы, оның мағыналық түрлерін көрсететін таблица интерактивті тақтадан көрсетіледі.
Жіктеу
Сілтеу
Сұрау
Өздік
Жалпылау
Белгісіздік
Болымсыздық
Оқушыларға есімдік туралытүсінік беремін. Есімдіктерлің көне заманда пайда болған сөздердің қатарына жататынын айтамын. Тілімізде ерте заманнан келе жатқан байырғы түбір есімдіктер бар. Олар: мен, сен, ол, біз, қай ?, кім ?, не ?, бұл, сол, осы т.б. Бұлар: ме-н, с-ен, қ-ай, кі-м деп бөлшектеп айтылатынын түсіндіремін. Қазір бөлшектеп, талдап жатуды қажет етпейтіні айтылады. Тіліміздің жетіліп, баюына байланысты кейінгі заманда (соңғы кезде) туралы қалыптасқан есімдіктер де көп. Олар: бір, бар, біреу, бүкіл, күллі, түгел, мынау, анау, сонау, бірдеңе, брнеше, әлдеқайда т.б. Мағыналары өзгере келе есімдік болғаны ескертіледі. Интерактивті тақтада мыналар көрсетіледі:
1. Жамбыл – ХХ ғасырдың Гомері. Ол жүз жасаған
2. Сәкен, Ілияс, Бейімбет - қазақ халқының мақтаныштары. Олар қуғын-сүргін құрбандары болды.
3. Бірнеше оқушы олимпадаға қатысты. (Бірнеше – сан есім)
Оқушылар мыналарды талдайды. Есімдіктерді табады. Есімдіктің мағыналарына қарай түрленуі тақтадан көрсетіледі. Оқушылар тақтамен жұмыс жасайды. Мысалдар жазып, есімдіктердің орнына тұрған сөздерді тұлғасына қарай айыру тапсыралады.
1. Мұқағалидың мұрасы - өлмес мұра. (оның)
2. Қызықты кітапты сен оқы (осы)
3. Он шақты оқушы концертке қатысты (бірнеше)
Оқушылар кеспе қағаздармен жұмыс жасады.
Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізіледі. Сюжетті суреттер көрсетіледі (оқушылар шағын шығармаларды оқып, талдады).
Сабақты пысықтап, бекіту үшін оқушыларға бірнеше мысалдар беріледі, өздері есімдердің орнына есімдктерді қойып айтып береді.
Оқушылармен жұмыс: Кітапта берілген жаттығуларды оқып, есімдігін табады.
Үйге тапсырма: Оқушылар есімдігі бар сөйлем жазады, талдайды. Ақындардың өлең жолдарынан есімдіктерді ауызша тауып, мысал келтіреді.
Сабақты бекіту үшін грамматикалық ойын «Қызықты тор көздер» ойыны ойналады.
Сабақ қорытылады. Оқушылар білімі бағаланады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.