.
.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы № 3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі КММ Көркем әдебиет стилі
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 578 | Просмотров: 11644 | Размер: 13.8 Kb | Автор:Пән мұғалімі: Болатбек Д.Б.
Сынып: 9
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Көркем әдебиет стилі
Сабақтың мақсаты: Көркем әдебиет стилі туралы түсінік бере отырып, әдеби шығармалардың ерекшелігін ұғынуы тиіс.
Күтілетін нәтиже:
1.Көркем әдебиет стилінің қолдану аясын біледі.
2.Стильдік сипатын ұғынады.
3.Тілдік амал-тәсілдерді қолдана алады.
4.Тіл ерекшелігін түсінеді.
Сабақтың түрі: талдау
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс,АКТ- ны қолдану,шығармашылық жұмыс
Ресурстар: оқулық, оқыту әдістемесі, дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгендеу.
3.Оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
60-жаттығу, 74-бет. Стиль түрін анықтау.
Сөйлеу стилі қандай стиль? Ерекшелігі неде? Қолдану аясы, стильдік сипаты, тілдік амал-тәсілдері туралы не білесіңдер?
ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту
Сөйлеу стилі бойынша бейне жазба көру. Ой қозғау.
ІҮ.Жаңа сабақ
Бейне жазба көру. Жаңа сабақ бойынша ой қозғау. Топтық жұмыс жүргізу.
Көркем әдебиет стилі - әдеби шығармалар арқылы бізге өте таныс стиль. Біз өзімізді еліктіріп әкеткен қызық кітаптардың және дүниемізге әсер етеді.
Мақсаты: шынайы өмір шындығын суреттеу, зат, құбылыстарды бейнелеу арқылы оқырман сезіміне әсер ету, ой тудыру.
Қолдану аясы: әдеби туындыларда
Стильдік сипаты: образды мәндегі қолданыс, эмоционалды-экспрессивті
Тілдік амал-тәсілдері: ауыспалы мағына, бейнелеуіш сөздер, суреттеме, көркемдегіш құралдар т.б.
Ү.Жаңа сабақты меңгерту
1.65-жаттығу,81-бет. Шарты: төмендегі жазушылар мен ақындардың тілін салыстырыңдар.Өз пікірлеріңді айтыңдар.
Ақындар тілі Жазушылар тілі
2.67-жаттығу,84-бет.Шарты: тұрақты тіркестердің баламасын тауып жазыңдар.
3.68-жаттығу,84-бет. Шарты: мәтінді оқып, ауыспалы мағынадағы сөздерді табыңдар.
ОЖСБ-ға дайындық:
Берілген сөйлемді сөйлем мүшесі мен морфологиялық талдау жүргізіңдер.
Тіл- азамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Ұлан-байтақ жерді мекендеген барша қазақ халқына ортақ, түсінікті, әуезді ана тіліміз - елдігіміздің басты нышандарының бірі.
ҮІ.Бекіту
Көркем әдебиет стилінің ерекшелігі неде? Өмірмен байланыстыра отырып айтады.
ҮІІ.Үй тапсырмасын беру
69-жаттығу, 85-бет.71-жаттығу,86-бет.
ҮІІІ.Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.