.
.
Солтүстік Қазақстан облысы «Мақсатты келер шақ» «Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем»
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 373 | Просмотров: 2274 | Размер: 54.5 Kb | Автор: ТәрбиеАйыртау ауданы
Өскен негізгі мектебі
Біріктірілген сыныптарға арналған ашық сабақ
Тақырыбы: «Мақсатты келер шақ»,
«Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем»
7-8 сынып
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Акипова Сания Казезтаевна
2013-2014 оқу жылы
Тексердім: ___________________
Пәні: қазақ тілі Сынып: 7-8 сынып Мерзімі: _______________
Сабақтың тақырыбы: Мақсатты келер шақ
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
7-сынып 8-сынып
Етістіктің шақтары туралы оқушылардың түсінігін дамыту.Мақсатты келер шақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру. Салалас сөйлем,соның ішінде түсіндірмелі салалас сөйлем туралы,оның жасалу жолдары туралы түсінік беру
Дамытушылық:
Етістік шақтарының мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрену; байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру; жаттығу жұмыстарын орындату арқылы етістіктің шақтары туралы оқушылардың ойын дамыту; Оқушылардың есте сақтау қабілетін, салыстыра отырып ажырату дағдыларын дамыту, жинақылыққа, тез, ұтымды жауап беруге үйрету
Тәрбиелік:
Оқушылардың іс-әрекет, мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге, өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу Сөйлемдер арқылы оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талдау, эссе жазу, шығармашылық, ғылыми зерттеу әдісі, миға шабуыл, INSERT
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, кітаптар, газет-журналдар, үлестірмелі карточкалар INSERT парағы,
Пәнаралық байланыс: әдебиет,
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
7-сыныпқа берілген жаттығуды бір-біріне алмастыра отырып, тексереді.
8-сыныпқа берілген сыныптас достары жайлы ойтолғауларын бір оқушы оқиды.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
7-сынып 8-сынып
1. Шығармашылық жұмыс
«Менің арманым» деген тақырыпта шағын эссе жазу
2. Етістіктің мақсатты келер шағы жайында түсінік беру
Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.
Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне – мақ, - мек, - пақ, - пек, - бақ, - бек жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы қосылуы арқылы жасалады. Мысалы: Мен қала бар+мақ+пын.
Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі – мақ, - мек, - пақ, - пек, - бақ, - бек және – шы, - ші тұлғалы негізгі етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Ондайда жіктік жалғауы емес деген көмекші етістігіне жалғанады. Мысалы: кел – мекші емеспін, бармақ емес - сің
Жаттығу жұмысы
3. Ғылыми зерттеу алаңы
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдау мәтінінен оқушылар келер шақта немесе осы шақтарда тұрған сөйлемді теріп жазып,
морфологиялық талдау жасату.
Бүгін мен дамыған отыз елдің қатарына кіру жоспарымызды ұсынғым келеді.
Бүгін – үстеу, дара, негізгі, мезгіл үстеуі
Мен – есімдік, жіктеу есімдігі
Дамыған – сын есім, дара, негізгі, сапалық
Отыз – сан есім, дара, негізгі, есіптік сан есім
Елдің – зат есім, дара, негізгі, деректі, жалпы, түб: ел, -дің – ілік септігінің жалғауы
Қатарына – зат есім, дара, негізгі, жалпы, дерексіз, түб: қатар, -ы –тәуелдік жалғауының ІІІ жағы, - на – барыс септігінң жалғауы
Кіру – етістік, дара, негізгі, болымды, салт, осы шақ
Жоспарымызды – зат есім, дара, негізгі, деректі, жалпы, түб: жоспар, -ымыз – тәуелдік жалғауының І жағы, - ды – табыс септігінің жалғауы
Ұсынғым келеді – етістік, күрделі, негізгі, болымды, сабақты, түб: ұсынғым, кел, - е – көсемшенің жұрнағы, -ді–жіктік жалғауының І жағы.
Сабақты бекіту
4. 122-жаттығу
Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ жасап, әрқайсысына сөйлем құраңдар. (Әрбір оқушы бір-бірден етістіктерді таңдайды)
Сабақтың қорытындысы:
Синку-эй әдісі бойынша «Біздің болашақ» сөзіне бір шумақ өлең жазу
(Бұл тапсырма жұптасып орындалады)
Үйге тапсырма:
123-жаттығу, 78 бет
Өлеңді мәнерлеп оқып шығып, мақсатты келер шақта тұрған етістіктерді теріп жазыңдар.
Бағалау
1. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру
Жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап (түсіндіріп талап етіп), кейінгісі алдыңғы сыңарының мазмұнын ашып, талдап-түсіндіріп тұратын салаластың түрі түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем деп аталады.
Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелесе байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынаны, мынау, сол, сонша, соншалық, сондай) болады. Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте не сызықша қойылады. Сызықша сонша, соншалық, сондай деген баяндауышы бар сөйлемде жиі кезедеседі. Мысалы: Жамандық жалын секілді: өзін де, өзгені де жалмай береді. (Ж.Баласағұни) Сіздерге де айтарым сол: сағат төртте осында келіңіздер. (Ә.Ә.)
Жаттығу жұмысы
2. 111-жаттығу
Қос нүкте қойылған сөйлемдердің қайсысы түсіндірмелі, қайсысы себеп-салдар салалас екенін анықтаңдар.
3. Тақтада жұмыс
Төмендегі сөйлемге синтаксистік талдау жасап, сөйлемнің мағынасын ашып талдау.
[Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің,
интернеттің тіліне айналғаны сонша], [қазақ тілінде білім алатындар көбейіп келеді.]
(Құрмалас сөйлем, салалас құрмалас сөйлем, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем)
А) Білім алатындар көбейіп келеді – жалғаулар арқылы, қиыса байланысқан, предикаттық қатынастағы, күрделі, етістікті сөз тіркесі.
Ә) қазақ тілінде білім алатындар – жалғаулар арқылы, меңгеріле байланысқан, анықтауыштық қатынастағы, күрделі, етістікті сөз тіркесі.
В) қазақ тілі айналғаны сонша – орын тәртібі арқылы, қиыса байланысқан, предикаттық қатынастағы, күрделі, етістікті сөз тіркесі.
Г) тіліне айналғаны – жалғаулар арқылы, меңгеріле байланысқан, толықтауыштық қатынастағы, дара, етістікті сөз тіркесі.
Ғ)интернеттің тіліне – жалғаулар арқылы, матаса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы, дара, есімді сөз тіркесі.
Д) бүгінде айналғаны – жалғаулар арқылы, жанаса байланысқан, пысықтауыштық қатынастағы, дара, етістікті сөз тіркесі.
Сабақты бекіту
4. «Миға шабуыл» кезеңі
1.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы қандай?
3.Қарсылықты салалас сөйлем дегеніміз не?
4. Құрмалас сөйлемнің қандай түрлері бар?
Сабақтың қорытындысы:
INSERT әдісі бойынша сабақты қорытындылау
Білдім Білгенмін Білгім келеді
Үйге тапсырма:
110-жаттығу, 118 бет
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын анықтап, бір сөйлемге синтаксистік талдау жасау
Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.