.
.
Сыныбы: 6 «Д» Күні: Мұғалімі: Қабылбекова С.Ж. Менің досым
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 444 | Просмотров: 6326 | Размер: 58.0 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың тақырыбы Менің досым
Мақсаты достары жайлы айта алу, досына сипаттама бере отырып, жаңа сөздерді меңгеру.
Күтілетін нәтижелер • досы туралы айтады;
• досының сырт келбеті мен мінезіне сипаттама береді;
Керекті жабдықтар презентация, постер, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері және тапсырма түрлері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Бағалау
Психологиялық дайындық
3 мин «Шаттық шеңбері» тренингін ұйымдастыру Психологиялық орта құру арқылы, оқушылардың көңіл-күйі көтеріледі. Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтады. қолпаштау
Топқа бөлу
2 мин Әр түрлі суреттер салынған қағаз таратылады. Сол бойынша топтарға бөлініп отырады Ұйымшылдық, ынтымақтастық. қолпаштау
Кіріспе
5 мин Интерактивті тақтадан достар туралы суреттер көрсету арқылы миға шабуыл жасау Оқушылар бар назарын сабаққа аударып, сабақтың тақырыбына болжау жасайды. қолдау
Негізгі бөлім 20 мин
Топтық жұмыс
1-топ –Дос
2-топ –Досымның мінезі
3-топ – Досымның сырт келбеті
Жұптық жұмыс
(диалог құрастыру)
Диалогта қолданған сын есімдерді тауып,сұрақ қояды,
Берілген сын есімдермен сөз тіркесі мен сөйлем құрастырып жазады. Топ болып талқылайды, постерге жазады, бір-бірінің жазғандарына сыни қарайды. Топ болып қорғайды.
«Менің досым» тақырыбына диалог құрастырады. Топтағы оқушылар бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы сөйлеседі, ойларын айтып, қорытынды жасайды.
Бір-бірінің дәптерлерін тексереді.
Сын есімнің ережесін шығарады.
Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрастырады (адал, ізетті, мейірімді, ақылды, шыншыл, әділ), сөйлемдерді дәптеріне жазады, оқиды. мадақтау
қолпаштау
мадақтау
Қорытынды
10 мин
Тақырыпты қорытындылай келе
«Менің досым» тақырыбына шағын әңгіме жазғызу
Қорытынды бағаларын айту «Менің досым» тақырыбына ойын жинақтап, досының мінезі мен сырт келбетіне сипаттама береді.
«Менің досым» тақырыбына шағын әңгіме жазады. Мәтіндерін оқиды. Басқа топтың оқушылары толықтырады.
Кері байланыс жазады
3 мин қорытынды
Үй жұмысы 3 мин «Менің досым» мәтінді мазмұндау, 21 б. 1-тап. Достары жайлы слайд-презентация дайындау. Күнделіктеріне жазып алады.
Өзіндік есеп № 1
Сабақтың тақырыбы Менің досым.
Сабақтың мақсаты достары жайлы айта алу, досына сипаттама бере отырып, жаңа сөздерді меңгеру.
Күтілетін нәтиже • досы туралы айтады;
• досының сырт келбеті мен мінезіне сипаттама береді;
Тапсырмалар түрлері Мұғалімнің рөлі Оқушы белсенділігі
• Сергіту сәтін ұйымдастырдым,
• Суреттерді табу арқылы топқа бөлдім.
• Оқушыларға ой шақыру үшін миға шабуыл жасадым, сабаққа кіріспе ретінде достар жайлы слайд көрсеттім.
• СТО стратегиясы бойынша топтық жұмыс жасаттым.
• «Менің досым» туралы әр топтың пікірін білдім.
• Сабақты қорытындылап өттім, "Менің досым" тақырыбына шағын әңгіме жазғыздым.
• Д/Т балаларды анықтау мақсатында жұмыс жүргіздім.
• Үй тапсырмасын бердім.
• Рефлексия жазғыздым. • Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты.
• Оқушылардың сабаққа деген ынтасы оянды.
• Жаңа тақырыпқа сай әрқайсысы өз пікірлерін айтты.
• Оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасай бастады.
• Тақырып бойынша үш топ кезектесіп қорғады, сұрақтар қойып нақтылап отырды.
• Олар постерге достарын сипаттап жазды.
• Жаңа сабақтан алған әсерлерін жазды.
• Рефлексия жазды
Қолданылған модульдер Келесі модульдерді қолдандым Оқушылар не үйренді
• СТО;
• АКТ;
• Дарындылық және көшбасшылық;
• Білім берудегі бағалау;
• Диалогтық әдіс;
• Дарынды балалармен жұмыс. • Өз ойын ашық айтуға;
• Топта белсенділік танытуға;
• Өз білімін сабақ үстінде қолдануға;
• Мұғаліммен және жолдастарымен пікір алмасуға;
• Өзіне сенімділікпен қарауға.
Мен не үйрендім Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін сергіту сәтін өткізу керек екенін, топтың жұмыс барысында әр оқушыға көңіл бөлу керек екенін үйрендім. Сергіту сәтін жүргізуді үйрендім.
Кедергілер • Оқушылардың уақытпен санаспауы;
• Оқушылар топ жұмыстарын қорғау барысында пікірлерді тыңдамай, өз жұмыстарын ары қарай жалғастыру;
Түйін Әр сабақта сергіту сәтін өткізу керек деген ой түйдім.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.