Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Одағайды қайтaлау. -

Одағайды қайтaлау.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 330 | Просмотров: 1878 | Размер: 18.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Анама қандай сыйлық сыйлаймын?
Одағайды қайтлау.
Сабақтың мақсаты: - Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін
тиянақтау;
- оқушыларды сүйіспеншілікке, сыйластыққа,
ата-аналарын қадрлей білуге тәрбиелеу;
- Оқушылардың шығармашылық тапсырмалар арқылы дұрыс сөйлеу қабілеттерін арттыру, өз ойларын айқын және түсінікті жеткізуге үйрету, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиясы,түсіндіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы: слайд.
I.Ұйымдастыру бөлімі:
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Сабаққа дайындықтарын тексеру.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
46 бет, 2-тапсырма «Сыйлық таңдау» мәтінінің мазмұнын айту.
III.Жаңа сабақ. «Анама қандай сыйлық сыйлаймын?»
Одағай қайталау.
1.Ой қозғау.
Сыйлық алуды ұнатасыңдар ма?
Сыйлық беру ненің белгісі?
Сыйлықты қалай ұсыну керек?
Сыйлықтың құнын айту керек пе?
Сыйлық берудің маңызы қандай?
Сыйлықты қалай қабылдау керек?
Сыйлық ұнамаса не істеу керек?
2. Ассоциация.
Анама

гүл хош жүрекжарды ыдыс-аяқ әшекей қолдан
иісті өлең жиынтығы бұйымдар жасаған
иісмай туынды
Сіздер аналарыңызға қандай сыйлық сыйлар едіңдер?
Мысалы: жақында анаңның туған күні. «Не сыйласам болады екен?» деген сауал төңірегінде ойланып, берілген сөз тіркесінен сөйлемдер құрайық.
3. 2-тапсырма «Ананың сүюі» өлеңін оқып, түсіндіру.
Аналарыңның сіздердің өмірлерінде қандай орын алатынын айтып беріңдер. (оқушылар өз сөздерімен әңгімелеп береді.)
4. 1-тапсырма «Ана» туралы мәтінді оқып, аудару.
- Аналар мерекесі қай күн?
- Аналар мерекесі 8 наурыз .
5. Мерекелер мен олардың болатын күнін жұптастыру. (слайд)
1.1қыркүйек а.Мұғалімдер күні 1-...
2.1 қаңтар ә.Ұлттық валюта күні 2-...
3.Қазанның бірінші жексенбісі б.Жаңа жыл 3-...
4.16 желтоқсан в.Жеңіс күні 4-...
5.15 қараша г.Білім күні 5-...
6.9 мамыр ғ.Тәуелсіздік күні 6-...
Мерекелерде адамдар бір-біріне сыйлықтар сыйлайды, жақсы тілектер айтады.
6. Ой толғау.
Ашық хаттарынды алып, осы мерекелердің біреуімен немесе туған күнмен кез-келген адамды құттықтап тілек сөздер жазайық. (әр оқушы ашық хаттарына тілек жазады)
7. - Ал,балалар өздерің сыйлық алғанды ұнатасыңдар ма?
- Ұнатамыз.
- Сыйлық алған кезде қандай сезімде боласыңдар?
- Қуанамыз.
-Адамның көңіл-күйін білдіретін сөздерді не дейміз?
- Одағай дейміз.
-Одағайдың неше түрі бар? Мысалдар келтіріңдер. (оқушылар ережесін
айтып, мысалдар келтіреді.)
8. 2-тапсырма 40 бет. (слайдта берілген тапсырманы дәптерлеріне
орындайды)
1.Әттең досымды туған күнімен
құттықтағанымда ғой!
2.Пай-пай қандай әдемі дауыс!
3.Шіркін менің де осындай добым болса
ғой!
4.Бәрекелді жарайсың!
5.Алақай бүгін менің туған күнім!
6.Қап Жаңа жылда ата-анама сыйлық
алуым керек еді!
9. Сондай-ақ мына салт-дәстүрлерді де ерекше айтып өту керек
және білуіміз керек.
Сүйінші- қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші! Сүйінші!» деп келеді. Мұндайда қуаныш иесі «қалағанынды ал» дейді немесе сыйлық ұсынады.
Байғазы- балалардың , жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық. Байғазы сұраудың ұяты жоқ.
Базарлық- алыс сапардан келген адамдар туыстарына, көршілеріне жақын адамдарына ірілі-ұсақты сыйлық әкеледі. Оны базарлық деп атайды.
Көрімдік- нәресте дүниеге келгенде, келін түскенде «құтты болсын» айтып ұсынады.
IV.Үйге тапсырма
3-тапсырма 41 бет.
V. Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушылардың бағаларын айтып, мадақтау.
VI. Сабақты қортындылау.
«Бес жолды өлең» стратегиясы. (әр оқушы өзі таңдаған мейрамға, сыйлыққа жазады.)

Ақсай қаласы №4 ЖББОМ
орыс сыныптарында қазақ тілі мен
әдебиет пәнінің мұғалімі А.Ж.Ахметова
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.