.
.
«Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды» Пікірталастың түрлері
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 479 | Просмотров: 6024 | Размер: 10.9 Kb | Автор: ТәрбиеМектеп директоры Ғылыми іс жөніндегі ӘБ жетекшісі
К.С.Дүйсенова_______ оқу меңгерушісі Р.С.Утеулина______ З.Ш.Атантаева________
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Пікірталастың түрлері
Пән мұғалімі: Шайманова Н.Б.
Астана қаласы
2010-2011 оқу жылы
Пәні қазақ тілі Күні_ 28.01.11_____ Сынып __11___
Сабақтың тақырыбы: Пікірталастың түрері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1.Білімділік Тақырыпты меңгеру,шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
2.Дамытушылық Ойлау қабілеттері мен есте сақтау дамыту, әдеби тілде өз ойларын жеткізе білу тілдерін дамыту.
3.Тәрбиелік Шығармашылық пен жұмыс істеуге шапшаңдыққа сүйіспеншілікке әдеби тілде сөйлеуге баулу.
Сабақтың түрі: Танымдық әрекетті дамыту,топтық жұмыс,пікірталас.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,ашық тест,ойбөліс,пікірталас
Көрнекті құралдар: интерактивті тақта,үлестірмелі қиындылар,сызбалар.
Пән аралық байланыс: әдебиет, шешендік өнер, қоғамтану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:
а)Оқушыларды түгелдеу;
ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы;
б)"Ой қозғау"
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау,ойларын бір ортаға жинақтау мақсатында ой тастау.
- Құрметті 11 сынып оқушылары,біздің бүгінгі, ертеңгі және болашақтағы мақсатымыз не?
( Мектепті жақсы бітіру,ҰБТ ны нәтежелі тапсыру,өз өмірімізге қызымет ететін мамандық таңдау,мемлекетіміздің саналы азаматы болу)
Міне біздің үй тапсырмамыздың барысы осы тақырыптар төңірегі екенін
сіздірдің естеріңе түсірдім.
ІІ.Үй тапсырмасы: "Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы"
Қызығушылығын ояту. Ашық тест.
Тапсырма Жауабы
1.Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы
2.Кіріспенің тыңдаушылар үшін маңыздылығы
3.Негізгі бөлімде логикалық жүйелік пен материалдарды орналастырудың ерекшелігі.
4.Қорытынды сөз тыңдаушыға әсерлі болу үшін.
5.Көпшілік алдында сөйлеу үшін қандай тақырыптар таңдар едіңіз.
ІІІ Мағынаны тану (жаңа сабақ)
Тақырып: Пікірталастың түрлері
- Демократиялық қоғамның басты белгілерінің бірі не?
(сөз еркіндігінің өріс алуы)
- Бұл нені айтқын келсе, соны айту деу ме?
(жоқ.Жеке ой пікірлері ұтымды,өзіндік көзқарасы қалыптасқан адамдарға,топтарға өзін танытуға мүмкіндік беру)
-Өмірде адамдардың барлығы бірдей ойлай ма, бірдей көзқараста бола ма?
(жоқ.Әр түрлі көзқарастан,әр түрлі ой туындайды)
Демек біз пікірталастың бірнеше түрі бар екендігін,олардың өзіндік мақсаты мен ерекшеліктері бар екенін білуіміз керек.Олар:
Пікір алмасу Ойбөліс
Ойталқы
Пікірсайыс Айтыс Сөзталас
1-тапсырма. Іздендіру сәті (Таңдау қиындылармен жұмыс жасау,таңдаған тақырыпшаларының мағынасын ашу)
Пікір алмасу-латын сөзі (discussio),беретін мағынасы "зерттеу", "талқылау","талдау".Пікір алмасу көпшілік арасында өтеді.Мақсаты-әр түрлі қозғалыстарды салыстыра зерттей отырып,шындық пікірді көрсету, талас мәселенің шешімін іздеп табу.Пікір алмасу-дұрысттықа көз жеткізудің ең тиімді тәсілі, өйткені қатысқандар көзі жеткендіктен де бір пікірге өздері келеді.
Ойталқы сөзі латын тілінен алынған (disputatio), мағынасы-"ой жүгірту","жарыс сөз","айтыс".Ойталқы ғылыми және қоғамдық мәні бар тақырыптардың төңірегінде көпшілік арасында өтетін сөз жарысы.Сөз жарысына қатысқандар белгілі бір пікірге тоқталады.
Пікірсайыс – көне гректің сөзі. (polemikos) мағынасы- "жаулық", "дұшпандық".Әрине бүгінгі мағынасы басқаша:бірдеңені талқылау мақсатында жиналыстарда,баспасөз беттерінде орын алатын сайыс.Мұнда қарсы жақты жеңіп шығу,өз пікірінде қалып, соны бекіту.Сайысшылар әлеуметтік мәселелерді шешеді,қоғамның дамуына жол бермей отырған кедергілермен күреседі.
Ойбөліс-француз сөзі (debat), мағынасы - "айтыс","жарыссөз".Ойбөліс-көпшілік алдында екі адамның не екі топтың бірдеңе туралы ой пікірлерін ортаға салуы.
Сөзталас-орыс сөз (прения),мағынасы бірдеңені,қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау.Сөзталас, ойбөліс сияқты, баяндамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда , жиналыстар мен конференцияларда орын алады.
Айтыс-қазақтың сөзі.Мағынасы-екі адамның, екі топтың арасында суырыпсалма өлеңмен кезектесе айтылатын сөз жарысы,өнер сайысы.
2-тапсырма. Кітаппен жұмыс (Таңдау тақырыпшаларына сәйкес жаттығу жұмыстарының бірін таңдау)
1.89-91-93 беттердегі 83-жаттығу, 84-жаттығу, 85-жаттығу, 86-жаттығу, 87-жаттығу, 88-жаттығуларды берілуі бойынша орындау.
Сергіту сәті (мақалмен жауап)
Әзіл сұрақтар:
1. Қар жана ма?
2. Түкіріктен көл құрала ма?
3. Тауық түс көре ме?
4. Адамда арқау бола ма?
5. Қайтсең тегін ішесің?
6. Қандай бас аяққа тыным бермейді?
7. Тойды бүлдіретін кім,Бар болса ол қандай адам?
8. Бес ешкісі бар кісінің өзге қызметі бола ма?
3-тапсырма.Пікірталас ( екі топтың қоғамдық пікір қалыптастыру үшін таңдауы)
Топтар: Жетекшілер ( үкімет,оппозиция)
Тақырыбы: Дипломмен жұмысқа
Кілт сөздері: Диплом-адамның өмірі үшін қызмет көзі.
Дәлелдеме: (3 минут) Жетекші
Шешімі: Нәтиже ( тақырып бойынша оқушылар өз ойымен қорытынды жасайды)
Сабақты бету,қорытындылау: Бір ауыз сөзбен ой түйіндеу.
Үйге тапсырма: Бүгінгі жастар жағы ескі халық әндерін түрлендіріп орындап жүр.Осы жайында жазбаша пікіріңіз.
Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.