Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сұраулы сөйлем. Үлгілі сабақ ҚМЖ -

Сұраулы сөйлем. Үлгілі сабақ ҚМЖ

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 428 | Просмотров: 5788 | Размер: 21.8 Kb | Автор:
. «Тексерілді» МДОІЖО: З.Абдрасилова

Мектептің атауы: Ә.Молдағұлова атындағы жом
Мұғалім: Т.Кенжеева
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8 «Ә»

Қысқа мерзімді жоспарлау

Күні: 19.09.2014 Пәні: қазақ тілі Сынып: 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сұраулы сөйлем және оның жасалу жолдары мен оның интонациясы туралы лингвистикалық білім беру.
Оқыту нәтижелері: Жаңа тақырыпты өздері оқып, танысады,бір-біріне түсіндіреді,өз ой-пікірлерін қорытындылайды, топтағы жұмысты ұйымдастыру арқылы жеке дағдылары қалыптасады.
Негізгі дереккөздер Интерактивті тақта,слайдтар,оқулық,флипчарт ,стикер,маркерлер, сөйлемдер жазылған қима қағаздар


барысы:

Сабақ бөлімдері
Мұғалімнің
іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті
Ресурстар, көрнекіліктер
Ұйымдастыру кезеңі
(3 минут) Қима қағазға жазылған сөйлемдерді құрастыру арқылы 4 топқа бөлемін.
1. Хабарлы сөйлем
2. Сұраулы сөйлем
3. Лепті сөйлем
4. Бұйрықты сөйлем Сөйлемдерді құрау арқылы сөйлем түрлері бойынша 4 топқа бөлініп, топбасшыларын сайлап алады. Қима қағаздар
Білу,тану
(5 минут) «Ыстық орындық» әдісі арқылы сөйлемнің түрлері, хабарлы сөйлем туралы сұрап, үй тапсырмасын оқытамын. Жауап берген топ келесі топқа сұрақ қойып, мысал келтіруін сұрайды. Үйде жазып келген «Қазақ жері-ежелгі адамзат мекені» тақырыбындағы эсселерін оқиды.
Түсіну
(5 минут) Слайдта берілген сөздердің екінші әріптерін құрастырып оқу арқылы жаңа тақырыпты табуға болатынын ескертемін.Әр топқа жаңа тақырыпты абзацтарға бөліп беріп, сұраулы сөйлем туралы өз беттерінше оқып, танысуларын сұраймын. Слайдтағы сөздердің екінші әріптерін құрастырып оқып, жаңа тақырыпты табады.Әр топ өздеріне берілген абзац бойынша оқып, танысып, бір-біріне түсіндіреді. Оқулық
Қолдану
(10 минут) Әр топ өзіне бөлінген сөйлем түрі туралы не білетіндіктерін флипчартқа түсірулерін сұраймын. Өз тобының атына сәйкес сөйлем түрі бойынша постер жасап, қорғайды. Флипчарт, маркерлер
Сергіту сәті
(4 минут) «Оң жағымда, сол жағымда» ойынын ойнатамын. Ойын ойнау барысында қимыл-әрекет жасау арқылы ойларын сергітеді.
Талдау
(6 минут) Оқулықпен жұмыс жасатамын. 23-жаттығудың орындалу шартын түсіндіремін. Оқулықпен жұмыс жасайды. 23-жаттығу. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жазады Оқулық, дәптер
Жинақтау
(5 минут) 24-жаттығу.Мәтін бойынша келесі топқа сұрақтар дайындауы керек екенін айтамын. Мәтінді оқып, негізгі сұрақ, жетек сұрақ, анықтауыш сұрақ, риторикалық сұрақтар дайындайды.. Оқулық
Бағалау
(3 минут) «Топ мүшелерін бағалау парағына» бағалау жасауын сұраймын. Әр топбасшы берілген критерийлер бойынша топ мүшелерін бағалайды. «Топ мүшелерін бағалау» парағы
Үйге тапсырма
(2 минут) Қазақ әйелдерінің рөлі туралы эссе жазып келуге тапсырамын. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, берілген тақырыпқа эссе жазады.
Кері байланыс
(2 минут) «Сабақ соңындағы көңіл күйім» кері байланысын жасатамын. Кері байланыс жасайды. Смайликтер, стикерлер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.