.
.
Сөз тіркесі Сөз тіркесі
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 276 | Просмотров: 1320 | Размер: 38.0 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: Білімділік: сөз тіркесіне байланысты оқушылардың
білімдерін тиянақтап, тәжірибемен ұштастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық дәстүрді бағалай
білуге, халқын, салтын сүюге шақыру. Озық ойлы, кең
өрісті, мәдениетті азамат тәрбиелеу.
Дамытушылық: сөйлеу тілін қалыптастырып,
логикалық ойлауын дамыту, түрлі әдістер арқылы
шығармашылық қабілетін арттыру
Типі: бекіту сабақ
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, шығармашылық тапсырма.
Пәнаралық байланыс: интерактивті тақта, үлестірмелі парақшалар, суреттер
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық: А) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Ә) Бағалау жүйесімен таныстыру.
ІІ Сайыстың кезеңдерімен таныстыру .
1. Бәйге кезеңі. Ой қозғау (сұраққа жауап алу). Шарты: белгілі уақыт ішінде қойылған сұрақтарға тез жауап беруі керек.
Ой қозғау сұрақтары (Оншақты сауал қойылады)
2. Бойжазар кезеңі. Сайысымыздың бұл сатысында оқушылар грамматика әлеміне шолу жасайды. Тақтамен жұмыс жүргізеді. Шарты: берілген кестеге сөз тіркестерін жазып, өз сыңарларымен жұптасу (бірдей жіптерді байлау)
І топ ІІ топ ІІІ топ
«Ойлан» «Тап» «Ізден»
1. Зат есім+зат есім 1. Есімдік+зат есім 1. Үстеу+етістік
2. Сын есім+зат есім 2. Септеулік шылау+етістік 2. Сын есім+етістік
3. Сан есім+ зат есім 3. Зат есім+етістік 3. Сан есім+етістік
Бойжазу мақсатында тапсырмалар үш топқа өздік жұмысы ретінде орындауға беріледі.
Сергіту сәті: («Қара жорға» сазы мен би билейді)
3. Көкпар кезеңі: Ой толғаныс сәті. Бұл сайыста интерактивті тақтада сандар жазылған суреттер шығады. Әр топ таңдаған саны бойынша тапсырма алады.
Шарты: берілген сөз бойынша сөз тіркестерін жазу, жазылған сөз тіркестері бойынша тақырыпты қорғау.
1. «Көкпар»; 2. «Қыз қуу»; 3. «Аударыспақ»
4. Теңге алу кезеңі: Әр топ тақтаға көрсетілген теңгелерді таңдайды. Әр теңгенің артында сөйлемдер жасырылған, оқушылар бұл сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайды (тақтамен жұмыс).
ІІІ. Сайысты бекіту: Венн диаграммасы .
ІV. Рефлексиялық бағалау кезеңі. Үш жолға әр топтың аттары қойылады, бағалау парағы және жиналған асық арқылы жеңімпаз топ анықталып, оқушылар білім деңгейі бойынша бағаланады.
V. Үйге тапсырма: «Халқын сүйген – салтын сүйер» деген тақырыпта ойтолғау жазу, жазылған мәтіннен үш сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.