.
.
Алдабергенова Айжан Берікқызы Үстеудің мағыналық түрлері
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 353 | Просмотров: 2235 | Размер: 21.9 Kb | Автор: ТәрбиеМаңғыстау облысы Қарақия ауданы
№7 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Үстеудің мағыналық түрлері
Дамытушылық: Оқушылардың үстеу, оның түрлері туралы түсініктерін кеңейту.
Оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету
Білімділігі: Үстеудің барлық мағыналық түрлерін жинақтап, пысықтату, оларға
ауызша, жазбаша жаттығулар орындату, топтық тапсырмалар, тесттер
орындату.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, ой-өрісін, шапшаңдығын арттыру. Өз
бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа, жан-жақтылыққа ,
ізденушілікке баулу. Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сызба, түрлі-түсті суреттер, кеспе қағаздары, сөзжұмбақтар.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап ,тест.
Түрі: Аралас, топтық жарыс сабақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасып, оларды түгендеп, үй тапсырмаларына
дайындалып отыруларын ескертемін.
II Үй тапсырмасын сұрау: Сыныпты 2 топқа бөлемін. "Алғырлар","Зеректер". Үйге үстеудің мағыналық түрлері туралы қайталап, "Мектептегі қызықты күндерім" тақырыбына үстеудің барлық түрін қатыстыра отырып, шағын шығарма жазып келу тапсырылған болатын. Тапсырманы әр топтан бірнеше оқушыға оқытамын. Әр жауап берген оқушыға кішкене жалаушылар беріліп отырады.
III Үй тапсырмасын қорытындалау: "Үстеу" деген сөзжұмбақ арқылы және де өтілген үстеулер туралы қосымша сұрақтар қою арқылы қорытындалаймыз.
1. Үстеудің құрамдық бір түрі.(күрделі)
2. Сөз табының бірі(етістік)
3. Үстеудің сұрағы(қайтіп?)
4. Үстеудің мағыналық бір түрі(мөлшер)
5. Сөз табының бір түрі(шылау)
6. Үстеудің сұрағының бірі(қалай?)
7. Ауылда сөзі үстеудің қай түріне жатады?(мекен)
8."Таңертең" деген үстеудің жасалу жолы(бірігу)
Ү
С
Т
Е
У
Л
Е
Р
ІҮ Сұрақтар арқылы үстеудің мағыналық түрлеріне шолу жасау:
- Үстеудің мағыналық неше түрі бар?
- Әрқайсысына тоқталып, мысал келтір.
- Бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
Ү Ауызша 295(1), жазбаша 295(2) жаттығуларды орындатамын.
ҮІ Жұмбақтар шештіру.
ҮІІ Жұмбақтағы 2 сөзге сатылай-кешенді талдау жасатамын.
ҮІІІ Тест.
Экранда тест сұрақтары көрсетіледі. Оқушылар алдарындағы парақтарға аттарын жазып, тест сұрақтарының дұрыс жауаптарын ғана белгілейді. Бұның нәтижесі келесі сабақта айтылады.
Тест сұрақтары төмендегідей:
1. Мезгіл үстеулі тіркесті көрсетіңіз:
А) жоғары өрледі Б) қысы-жазы үзілмейді
Ә) ышқына соқты В) ілгері кетті
2. Мекен үстеулі тіркесті көрсетіңіз:
А) былтыр көрген Б) ілгері жылжыды
Ә) тағы да келді В) ән салды
3) Күшейткіш үстеуді табыңыз:
А)тіпті, әбден Б) емін-еркін, әрең
Ә) амалсыздан, босқа В)онша, әжептәуір
4. Сын- қимыл үстеуді табыңыз:
А) қолма-қол жұмсады Б) бірталай отырды
Ә) қасақана кешікті В) ерен еңбек етті
5. Мөлшер үстеуді табыңыз:
А) әдейі, жорта Б)дәл, сақ, нақ
Ә) лажсыздан, амалсыздан В) анағұрлым, неғұрлым
6. Мақсат үстеуді табыңыз:
А) қазір келді Б) босқа кетті
Ә) жорта үндемеді В) сөйтіп, қаннен-қаперсіз
7.Себеп-салдар үстеуді табыңыз:
А) құр босқа бақырған Б) әлгінде келіп кетті
Ә) ендігәрі келмейді В) қыруар әңгіме айтылды
8. Күрделі үстеулер тобын белгілеңіз:
А) биыл, таңертең, жоғары-төмен Б) ертең, шалқасынан, ақырын
Ә) бүгін, жылдам , тез В) ауылда, әдеппен, алға қарай
9. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтарды белгілеңіз:
А) -да, - де, -та, -те Б) -лап, -леп, -дап, -деп
Ә) шама, шеме В) -лық, -лік, -дық, -дік
ІХ Сабақты "Қазақстан 2050" Мәңгілік ел тақырыбымен байланыстыру.
Х Сабақты қорытындылау: "Алғырлар" және "Зеректер" тобының жинаған жалаушыларын санап, жеңімпаз топты анықтаймыз да, оларды марапаттаймыз.
ХІ Үйге тапсырма беру: Үстеудің мағыналық түрлерін қайталау. 296- жаттығуды жазып,
талдап келу.
ХІІ Бағалау: Сабақта жауап берген оқушыларды бағалап, бағаларын қою.
ХІІІ Сабақты аяқтау: Сабақты әнмен аяқтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.