.
.
Оңт.Қаз.обл. Түркістан қаласы №8 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ибрагимова Зауре Әділханқызы. Сыйлық берілетін қуаныштар.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 241 | Просмотров: 2221 | Размер: 52.7 Kb | Автор: ТәрбиеКүні: 17.10.2012 жыл.
Сынып: 7 «б» сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Сыйлық берілетін қуаныштар.
Сабақтың мақсаты: • Лепті сөйлем мен оның жасалу жолдарын мысалдар келтіріп түсіндіру.
• Тұйық етістік мен оның септелуін,тәуелденуін тапсырмалар орындау барысында пысықтап,еске түсіру.
• Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысын жетілдіру.
• Топпен жұмыс жасау барысында топтық ереже шығарту ,топпен бірлесе жұмыс жасау,пікірлерімен санасуды дағдыландыру.
Оқытудың нәтижесі: Оқушылар сабақтан соң:
• Лепті сөйлем мен оның жасалу жолдарын меңгереді.
• Тұйық етістіктің жасалуын тапсырмалар арқылы еске түсіреді,біледі.
• Сыни ойлау дағдысы жетіледі.
• Топпен жұмыс жасай алады, топтық ереже шығарады.
• Өз ойын еркін жеткізеді,дәлелдейді.
Түйінді идеялар: Лепті сөйлем дегеніміз сөйлеушінің көңіл-күйін білдіру мақсатында айтылатын сөйлем.Сөйлем соңында леп белгісі қойылады.Мысалы: Мерекеңмен құттықтаймын!
Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:
1. одағай сөздер арқылы: қап,әттеген-ай,т.б.
2. күшейткіш мәнді сөздер арқылы: недеген, не еткен,қандай,шіркін,т.б.
3. демеулік шылаулар арқылы: -ау,-ақ,-ай, т.б.
4. интонация арқылы: Сені ме ,бәлем!
Дереккөздер: Интерактив тақта,плакаттар,стикерлер,маркерлер, суреттер.
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспары әзірленді.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Уақыт Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин. Сыныпта жақсы психологиялық ахуал туғызу үшін «Жүректен жүрекке» тренингін өткіземін.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып,көңіл-күйлерін көтереді.
Рефлексия
3 мин. Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты еске түсіру:
1. Біріккен сөз деген не? Мысал келтір.
2. Кіріккен сөз деген не? Мысал келтір.
3. Тұйық етістік қалай жасалады? Мысал келтір. Жауап беріп,өз пікірлерін айтады.
Топқа бөлу 2 мин. Кәмпиттің 4 түрін балаларға шашу әдісі арқылы топқа бөлемін. Кәмпиттің түріне қарай оқушылар топ болып бірігеді.
Топтық ереже 2 мин. Тақтаға плакат ілемін. Оқушылар сол палакатқа топта сақтау қажет ережелерді тақтаға шығып жазады.
Білу
3 мин. Интерактив тақтада лепті сөйлемдер беріледі.
1. Бүгін ауа райы қандай тамаша!
2. Қап, кеше оған баруым керек еді!
3. Шіркін-ай, бізде сол жерге барсақ қой.
4. Ай,бала бері келсей!
5. Қазір,әкең келсін бәрін айтам! Оқушылар сол сөйлемдерді кезекпен оқып,қандай эмоциямен оқылатынын түсіндіреді. Лепті сөйлем тақы-
рыбын оқушылар өздері ашады.
Түсіну
3 мин. Интерактив тақтада лепті сөйлемнің жасалуын,
тыныс белгісін тірек сызба арқылы білімдерін толықтырамын.
Оқушылар зейін қойып тыңдайды,жазып алады.
Қолдану
10 мин. 1-тапсырма. а)Сөйлемдердегі етістіктерді теріп жазып,олардан тұйық етістік жасау.
б) Сұраққа жауап беру:
Қалай ойлайсыңдар, жоғарыда аталған жақсы сәттерде қонақтар қандай сыйлықтар әкеледі? а) Әр топ жеке-жеке орындайды, оқиды.
б) Топ болып плакаттарға презентация жасайды,қорғайды.
Сергіту сәті 2 мин. Интернеттен «Кірпі биі» туралы видеоролик арқылы оқушыларды билетіп көңіл-күйлерін көтеру. Оқушылар экранға қарап билейді.
Талдау
8 мин. Деңгейлік тапсырмаларды орындайды. 1-топ: III деңгей тапсырмалары
2-топ: II деңгей тапсырмалары
3-топ: I деңгей тапсырмалары
Жинақтау
(АКТ) 4 мин. Топтастыру стратегиясын қолданамын. Оқушылар интерактив тақтада лепті сөйлемнің жасалуына қарай топтастыру стратегиясын толтырады.
Бағалау 3 мин. «Бүгінгі сабақтан алған әсерім» оқушылар өзін-өзі бағалайды. Стикерлер таратылып беріледі. Тақта- да ақ плакат ілулі тұрады. Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы стикерлерге жазып,оқиды,плакатқа жабыстырады.
Оқушылар өз-өзін бағалайды.
Үйге тапсырма 2 мин. 3-тапсырма, 32 бет.
Сөйлемдерді көшіріп, тұйық етістіктердің астын сызу. Күнделікке жазып алады.
Барлығы: 45 мин.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.