Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сын есімнің мағыналық түрлері. -

Сын есімнің мағыналық түрлері.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 350 | Просмотров: 1992 | Размер: 47.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Сыныбы: 6 «б» Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері. Сапалық және қатыстық сын есімдер.
Мақсаты: Сын есімнің мағыналық түрлері. Сапалық және қатыстық сын есімдер туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтижелер:
1. Сын есімнің мағыналық түрлері туралы біледі, мысал келтіреді, бөліседі. (Барлығы)
2. Алған білімдерін шешім қабылдауға пайдаланады, саралайды, талқылайды. (Көпшілігі)
3. Мысалдар келтіреді, өз пікірлерін айтады, алған білімдерінің құндылығын анықтайды.
(Талантты және дарынды оқушылар)
Керекті жабдықтар:
Презентация, интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, ресурс, семантикалық карта, бағалау, стикер
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Ой қозғау, сұрақ қою техникалары «сұрақты қағып ал» әдісі, топтық жұмыс, жеке жұмыс, белсенді оқу, «Мозаика» әдістері арқылы жаңа тақырыпты меңгерту, деңгейлік тапсырмалар, фишбон әдісі, формативті бағалау түрлері.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе: 2 мин Психологиялық ахуал тудыру.
«Шаттық шеңбері»
Армысың күн, армысың аспан!
Армысың сен, армысың сен!
Міне менің қолым бос,
Жылуыма жылу қос!
Түстер арқылы топқа бөлу, түсінік беріп кету. Шаттық шеңберін құрады. Сәлемдеседі. 3 топқа бөлініп отырады.
Дәптерлерін ашып, күннің жадын жазып алады.
Тұсаукесер:

3 мин Ой қозғаймын. «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы өтілгенді еске түсіру. Сұрақ қою техникасы. Әр жауапты мадақтап, ынталандырып отырамын.
Жаңа тақырып: Сын есімнің мағыналық түрлері. Сапалық және қатыстық сын есімдер. Әрқайсысы әңгімелейді, сыни ойлайды, ойын тұжырым-дайды, мысалдарды тақырыппен байланыстырады.
Тақырыпты жұмыс дәптерлеріне жазады.
Сабақ мақсатын анықтайды:
Сабақ критерийлерін шығарады:
• Сын есімнің мағыналық түрлері. Сапалық және қатыстық сын есімдер туралы білу
• Маңызын анықтау
• Мысал келтіре алу
• Қолдана алу
Негізгі бөлім:
5 мин Оқулықта берілген тақырып мәтінін белсенді оқиды.
Жеке, топта жұмыстанады. Белсенді оқиды, топта түсінгендерін айтады. Әр топ негіз-гі түсініктерді талдап, түсіндіреді, оқу техникасын дамы-тады, алған білімін пысықтайды, өмірде қолданып үйре-неді. Топпен тапсырмаларды бірігіп орындайды, дарынды оқушылар жетекшілік етеді.

29 мин

1.Сын есімнің мағыналық түрлерін топпен жұмыстану арқылы постер жасап қорғату. Үш шапалақ арқылы мадақтау.
2.Оқушыларға сұрақ-тапсырма
1. Мәтін қай шығармадан алынған? Мәтіннен қандай сын есімдер кездестірдіңдер? Тіркескен сөздерімен бірге айтыңдар.
... Бораш бір аққұба ғана, қағілез, қыз мінезді бала екен. Көздері де жаңа туған бұзаудың көзіндей, бар дүниеге таңдана қарайтын сияқты.
Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген, тобылғы торы екен.
... Үстіндегі көйлегіндей көгілдір көзді әнші әйел әнмен бірге өзі де аспанға оп-оңай көтеріліп кеткендей көрінеді. ... Өнерлі бала екен...- деді. Мен онысын «үйрен» дегендей ұқтым.

3.Оқулықпен жұмыс.
І топ 146-жаттығу. Сын есімдерді мағынасына қарай топтау.
ІІ топ 148-жаттығу. Сапалық, қатыстық сын есімдерді тіркескен сөзімен теріп жазу.
ІІІ топ 150-жаттығу.Сын есімді тауып, талдау.
4.Семантикалық карта
Сергіту сәті.
5.Фишбон әдісі арқылы қорыту.
Дарынды және талантты оқушылар білімін бекітеді, қалған оқушылар солардың көмегі арқылы жаңа тақырыпты меңгереді.

Дарынды оқушылар кеңейтілген тапсырмаларды орындауда жетекші болады.

Жаттығу бойынша сын есімдерді тауып, мағыналық түріне қарай топтап жазады.

Семантикалық карта арқылы қаншалдықты түсінгендерін бағалайды.
Фишбон әдісі арқылы сын есімді қорытындылайды.
Қорытын -
ды бөлім:
1 мин

5 мин Үйге тапсырма:
1. Тақырыпты оқу. Мысалдар келтіру.
2. 152 – жаттығуды шартына байланысты орындау.

Сабақ критерийлеріне сәйкес оқушылар өздерін бағалайды, сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

«Бағаны өзім таңдаймын» әдісі арқылы өздеріне формативті баға береді,
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.