.
.
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік. Төрт түлік.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 332 | Просмотров: 1291 | Размер: 23.3 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты:
Білімділік: төрт түлік түрлерімен таныстыру, олардың төлдері туралы мәлімет беру, олардың пайдасы туралы әңгімелеу.
Дамытушылық: тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: үй жануарларын күтуге, оларды жақсы көруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу, көрнекілік, анализ-синтез.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, презентация.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
А) Амандасу
- Сәлеметсіңдер ме?
- Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Ә) Кезекшімен сұхбат.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
- Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырыпты өтіп едік?
- Табиғат.
- Дұрыс. Ал табиғат деген не?
- Жер, су, ауа, жануар, тау, құбылыстар, күн...
- Дұрыс айтасыңдар. Ал, балалар, табиғат тақырыбына байланысты мына сөзжұмбақты шеше қойыңдар.
1. Природа
2. Весна
3. Радуга
4. Облако
5. Гора
6. Цветок
7. Двор
8. Апрель
9. День
- Балалар, сөзжұмбақ ішінен қандай сөз ерекшеленіп тұр? Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ?
- Төрт түлік.
- Иә.
ІІІ. Жаңа сабақ.
3.1. Жаңа сабақты жариялау, мақсатымен таныстыру.
3.2. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіру.
3.3. 1-жаттығу. 153-бет. Мәтінді түсініп оқы, аудар, сұрақтарға жауап бер.
3.4. 2-жаттығу. «Балық қаңқасы» оқыту техникасын пайдалана отырып, төрт түліктің төлін жаз.
түйе сиыр қой жылқы ешкі
3.5. 3-жаттығу. Сәйкестендір.
Түйе маңырайды.
Жылқы боздайды.
Сиыр маңырайды.
Қой кісінейді.
Ешкі мөңірейді.
3.6. 4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. ... – бие сүтінен жасалатын сусын. 2. ... – түйе сүтінен жасалатын сусын. 3. ... – ұйытылған сүт. 4. Сүттен ... жасалады.
Керекті сөздер: май, шұбат, айран, қымыз.
3.7. 5-жаттығу. 155-бет. Ұйқасын тап, жатта.
Моп-момақан өзі.
Сүп-сүйкімді ... . (қозы)
ІV. Сабақты бекіту.
Дұрыс Бұрыс
Қойдың төлі – бұзау.
Төрт түлік пайда әкеледі.
Сүттен ет жасалады.
Теріден қалам жасайды.
Шұбат- түйе сүті.
Қымыз – сиыр сүті.
VІ. Үйге тапсырма. 5-жаттығу, 155-бет, сөз жаттау.
VІІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.