Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Талғаулы  салалас -

Талғаулы салалас

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 248 | Просмотров: 1962 | Размер: 15.8 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Талғаулы салалас
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың салалас құрмалас сөйлем, оның
түрлерінен алған білімдерін кеңейту, талғаулы
салаластың жасалу жолдарын, ерекшеліктерін
меңгерту.
ә) Білім-білігін, сөйлеу тілін, тіл мәдениетін,
шығармашылық ізденіс қабілетін арттыру, ойлау,
танымдық қабілеттерін дамыту.
б) Оқушыларды сауаттылыққа, ұйымшылдыққа,
жолдастарына көмектесуге, ізденімпаздыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, тақтамен жұмыс
Көрнекілігі: слайдтар, кеспе қағаздар
Сабақтағы пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу
Дайындықтарын тексеру
Назарларын сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
-Түсіндірмелі салалас дегеніміз не?
-Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен қалай байланысады?
-Тыныс белгілері қандай?
-Сызықша қандай жағдайда жиі қойылады?
-Алғашқы жай сөйлемінің баяндауышының құрамында қандай сөздер
кездеседі?
112-жаттығу. 1.Көшіріп жазып, тыныс белгілерін қойыңдар.
2.Даналық сөздерді жаттап ал.
3.Өсиет сөздердің қайсысы өздерің оқыған шығармалар-
дың қай кейіпкеріне дәл айтылған сияқты?
Топтастыру.

-Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ата.

ІІІ Жаңа сабақ
Талғаулы салалас деп құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды да, солардың тек біреуінің ғана жүзеге асатынын білдіретін салаластың түрін айтады.

Талғаулы салалас

Салаласып келіп
(баяндауыштары тиянақты болып)

Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады

не
немесе
я
я болмаса
Талғаулық мағына яки
беретін шылаулар болмаса
әлде
әйтпесе

Тыныс белгілері

Араларына үтір (,) Немесе шылауы бір рет
қойылады келсе, үтір (,) қойылмайды

Өзі кетіп құтылды, әйтпесе Сөз бен қылық суық көңілді
өзіміз-ақ тастатқалы жүр жылытады немесе жылы
едік. көңілді суытады.

Төмендегі сөйлемдерден талғаулы салалас сөйлем жаса.
1. Мен алып келейін. Айгүл барсын.
2. Күндіз олар өзіне жем іздейді. Өзінің басқаға жем болмауын көздейді.

Оқулықпен жұмыс
113-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем,
(ауызша) қайсысы талғаулы салалас құрмалас?

114-жаттығу. Мәтіннен талғаулы салалас сөйлемдерді теріп
жазыңдар да, қалай құрмаласып тұрғанын
түсіндіріңдер.

ІV Бекіту. Топпен жұмыс
Тапсырма. 1. Салалас құрмаластың екінші жай сөйлемін тауып, сөйлемді
аяқта.
2. Салаластың қай түрі? Түсіндір.
3. Сөйлем мүшесіне талда.

І топ Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар,(не құлағымен
естіген айтар.)
ІІ топ Сонда я жүрегім жеңер, (я білегім жеңер.)

V Қорытындылау.

Салаласа байланысады баяндауышы тиянақты болады

әр жай сөйлем
тек жалғаулық тәуелсіз ойды
арқылы білдіреді
байланысады

бір жай
араларына үтір сөйлемдегі
қойылады немесе шылауы бір әрекет қана
рет келсе үтір жүзеге асады
қойылмайды

Үйге тапсырма: 115- жаттығу.

Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.