.
.
Тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмір жолы Жамбыл Жабаевтың өмір жолы
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 289 | Просмотров: 1660 | Размер: 16.1 Kb | Автор: Тәрбие«Өмір сүрген жауынан да қорғанбай,
Тірлігінде күні өтпеген толғанбай
Дана жырау домбырасын қолға алып,
Болашақты болжап ойға шомғандай»...
Мақсаты: а) Білімділік: Ж.Жабаевтың өмір жолы, шығармашылығы туралы жалпы мәлімет бере отырып, ерекшелігін таныту. ә) Дамытушылық: өз ойын жүйелі, еркін жеткізе білуге, өз бетімен мәселені шешуге, талдай білуге, дағдыландыру. б) Тәрбиелік: адамгершілік сапаларын жетілдіре отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Түрі: танымдық
Типі: жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: талдау, мазмұндау
Көрнекілігі: слайд Ж.Жабаевтың портреті
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу
Ә) оқушыларды тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ХХ ғасыр басындағы әдебиет.
Кубизм стратегиясы (сұрақ-жауап)
ІІІ Жаңа сабақ (слайд көрсету) Ж.Жабаевтың өмір жолы туралы түсіндіріледі. (Ж.Жабаевтың портреті бойынша)
1. Портреттегі бейненің кескін – келбетін сипаттау
2. Ақынның тұлғасын сипаттап айту
ІV Ақынның өмірі хронологиялық кесте бойынша түсіндіріледі. (слайд бойынша түсіндіремін)
- 1846ж қазіргі Жамбыл облысы, аймағындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді.
- 1916ж. патшаға қарсы ұлт – азаттық қозғалысы кезінде елді азаттық күреске шақырған «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдері туған.
- 1936ж. Мәскеудегі Қазақ әдебиеті мен өнерінің бірінші онкүндігіне қатысты.
- 1937ж. Жамбыл грузиннің ұлы ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды батыр» поэмасының 750 жылдық тойына қатысып, ұзақ өлең айтты.
- 1941ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері деген жоғары атағы берілді.
- 1941ж. фашистік германиямен соғыс басталғанда Жамбыл Отан қорғауға шақырған өлеңдерін шығарды.
- 1945 ж. ақын жүзге қараған шағында дүние салды.
V Сабақты бекіту:
Топтастыру
Венн диаграммасы:
Жамбыл атаға арнау өлеңі
Жүз жасаған Жамбыл ата
Сүйінбайдан алдың бата.
Қалықтаттың кең әлемге
Қазағымның даңқын ата.
Жамбыл ата жүз жасаған жасың бар
Бір өзіңдей бола бермес асылдар.
Өлеңдерің өлмейтұғын мұра боп
Жасай берер жалғасып сан ғасырлар.
VI Оқушыларды бағалау:
VII Үйге тапсырма: Ж.Жабаевтың өмірін мазмұндау «Жыр алыбы Жамбыл» деген тақырыпқа ой-толғау жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.