Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Арифметикалық және геометриялық прогрессия -

Арифметикалық және геометриялық прогрессия

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 242 | Просмотров: 1570 | Размер: 66.5 Kb | Автор: arai
. Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық және геометриялық прогрессия

Сабақтың мақсаттары:
І. Білімділік:
Арифметикалық, геометриялық прогрессияның анықтамасын меңгеріп, n-ші мүшенің және алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын меңгеріп, есептер шығаруға қолдана білу.
2. Тәриелік:
Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше оқуға, ізденуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық:
Ойлау қабілетін, танымын, пәнге қызығушылығын дамыту.
Сабақтың түрі:
Қорытындылау сабағы.
Оқыту әдістері:
Сұрақ-жауап, есептер шығару, тест алуда дидактикалық материалдарды ірілендіру, деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану.
Көрнекілік:
Сұрақтар, есептер жазылған палакаттар. Тест карточкалары.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (2 мин) Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.
2. Сұрақ жауап арқылы өткенді қайталап, қорытындылау (10 мин)
3. Есептер шығару (20 мин)
4. Үйге тапсырма (3 мин)
5. Тест алу (8 мин)
6. Сабақты қорытындылау (2 мин)

Сабақтарды дидақтикалық материалдары ірілендіру технологиясын қолданып қою.

№ Арифметикалық прогрессия Геометриялық прогрессия
1 1. Арифметикалық прогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар. 1. Геометриялық прогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар.
2 2. Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырмасы деп атайды. 2. Қандай санды геометриялық прогрессияның еселігі деп атайды.
3 3. Арифметикалық прогрессияның қасиеті. 3. Геометриялық прогрессияның қасиеті.
4 4. Арифметикалық прогрессияның n мүшесінің формуласы. 4. Геометриялық прогрессияның
n мүшесінің формуласы.
5 5. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы. 5. Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы.

3. Есептер шығару:
№ 1
Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 3-ке, айырмасы 4-ке тең, оның он бесінші мүшесі неге тең.

№ 2
Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі 6-ға, еселігі 3-ке тең, оның бесіншісі неге тең.
№ 3
Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 56-ға, айырмасы 3-ке тең, оның алғашқы он мүшесінің қосындысын табыңдар.
№ 4
(Арифметикалық) Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі мен бесінші мүшесінің қосындысы 128-ге тең, есілігі 2-ге тең. Оның алғашқы жеті мүшесінің қосындысын табыңдар.
№ 5
Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі мен бесінші мүшесінің қосындысы 24-ке тең, ал екінші мүшесі мен үшінші мүшесінің көбейтіндісі 60-қа тең болса, оның айырмасы мен бірінші мүшесі неге тең.
№ 6
Геометриялық прогрессияның бірінші және үшінші мүшесінің қосындысы 15-ке тең, ал екінші және төртінші мүшесінің қосындысы 30-ға тең. Геометриялық прогрессияның еселігі мен бірінші мүшесін табыңдар.

4. Топқа тест алу (8 минут)

Тобы Рет саны Тапсырмалар Жауаптары
Берілгені Табу керек А В С

А 1
D 12 2 -12
2
S2 45 90 102
3
a10 36 33 30

В 1
a40 80 82 78
2
b5 48 324 320
3
S7 1050 210 105

С 1
b5 1/125 1/125 5/125
2
q 3 +-3 -3
3
a1 17 58 33

5. Тест жұмыстарын бағалап күнделіктеріне баға қойып, қорытындылау.
6. № 417, № 427 қайталау есебінен үйге тапсырма беру.
7. Сабақты аяқтау.

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру және деңгейлік саралауды және педагогикалық технологияның негізі етіп оқыту тәсілі оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін, ынтасы мен қабілеттілігін толықтай ескеруге мүмкіншілік береді.
Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Тақырыбы:

Өткізген: А.Н. Сұлтанова
Математика пәнінің мұғалімі

2009 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.