.
.
ШҚО, Жарма ауданы, Тұрлыхан Хасенұлы атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Бейсембаев Қабылбек Қайырбекұлы Ең кіші ортақ еселік.
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 389 | Просмотров: 9479 | Размер: 16.5 Kb | Автор: arai5-сынып Математика.
Сабақтың тақырыбы: Ең кіші ортақ еселік.
Білімдік мақсаты: оқушыларға ең кіші ортақ еселік ұғымын айтып түсіндіріп,сандарды жіктей отырып,ең кіші ортақ еселікті таба білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды тез ойлап,тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой-өрісін,логикалық ойлау қабілетін,пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:жаңа білім беру сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: жеке деңгейлік жұмыс,ұжыммен жұмыс.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Үй жұмысын тексеру. «Миға шабуыл»
а) Берілген сандардың ЕҮОБ деп қандай санды айтады?
б) Өзара жай сандар деп қандай сандарды айтады?
в) Құрама сандар деп қандай сандарды айтамыз?
г) Жай сандар деп қандай сандарды айтамыз?
д) Құрама санды жай көбейткіштерге қалай жіктейміз?
е) 1 саны қандай сан?
3. Теориялық бөлім. Жаңа тақырып.ЕКОЕ.
Балалар,жаңа сабақты бастамас бұрын 2 және 3 сандарының еселіктерін жазып,мына кестені толтырайық.
Натурал сан Берілген натурал санның еселіктері
*2 *3 *4 *5 *6 *7
2 4 6 8 10 12 14
3 6 9 12 15 18 21
ЕКОЕ (2;3)=12
Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал санды ,сол сандардың ең кіші ортақ еселігі деп атайды.
ЕКОЕ –ті табудың бірінші тәсілі:
Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігін,сол сандарды жай көбейткіштерге жіктеу арқылы табу.Ол үшін:
Берілген натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу керек;
Берілген сандардың ең үлкенінің жай көбейткіштерін жазып,оны оның жіктелуінде жоқ,бірақ басқа сандардың жіктелуінде бар жай көбейткіштермен толықтыру керек;
Шыққан көбейткіштердің көбейтіндісін табу керек.
Мысалы: ЕКОЕ(50;28)=22∙5^2 ∙7=700
50=22∙5^2 ∙7 28=2^2∙7
Егер берілген натурал сандардың үлкені кішілеріне еселік болса,онда үлкен сан осы сандардың ең кіші ортақ еселігі болып саналады.
ЕКОЕ(57;19)=57 ЕКОЕ(16;32)=32
Өзара жай екі санның ең кіші ортақ еселігі,осы сандардың көбейтіндісіне тең.
Мысалы: ЕКОЕ(5;7)=35 ЕКОЕ(3;11)=33
4 . Шығармашылық бөлім. Оқулықпен жұмыс.
Үш топқа жеке-жеке оқулықтан есептер шығарту.№320(1;3;5)
№ 321(1;3;5) №324(1;3;5)
5 . Білімді бекіту.
а)берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігі деп қандай санды айтамыз?
б) берілген сандардың ең кіші ортақ еселігі қалай табылады?
в) өзара жай сандардың ең кіші ортақ еселігі неге тең?
6 . Үйге тапсырма: №320(2;4;6) № 321(2;4;6) №324(2;4;6) §13
7 . Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.