Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру -

Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 276 | Просмотров: 1747 | Размер: 14.4 Kb | Автор: arai
. Сабақтың тақырыбы: Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру
Сабақтың мақсаты:
Квадрат түбірлердің ұарапайым ұасиеттеріне қосымша қасиеттерді қарастыру арқылы оқушылардың квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіре білу бейімділіктерін деңгейлеп оқыту арқылы қалыптастыру.
Сабақтың түрі: деңгейлеп оқыту.
Пайдаланылатын көрнекіліктер: ауызша және жазбаша орындауға қатысты деңгейлік үлестірмелі корточкалар, формула жазылған кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ауызша тапсырмалар. Тақтаға бірнеше есептер ілінеді, оқушылар кезектесіп жауап береді.
√64 2.√(7,2)2 3.√|-1,8|2 4.√(х-2)2 5. √4m2+4m+1
6 . 2/√2 7. 2х/√х 8. (√5/√15)2 9. (√5+√3)(√5-√3)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Квадрат түбірдің қасиеттерің қайталау арқылы жаңа сабақты бірнеше мысалдар келтірумен түсіндіремін.
1-мысал. √15-√60+3√135 өрнегін ықшамдау қажет.
√15-√60+3√135=√15-√4*15+3√9*15=√15-2√15+9√15=8√15
2-мысал а^(2〖_(-5)〗)/(а-√5) бөлшегін қысқарту керек. Ол үшін бөлшектің алымын а2-5=а2- (√5)2=(а-√5) (а+√5) етіп түрлендіріп,
а^(2〖_(-5)〗)/(а-√5)=((а-√5)(а+√5))/((а-√5))= а+√5
Теңдігін аламыз
3-мысал а>3 деп алып
√(а^2 +а+4+√(а^2 -6а+9))
өрнегін ықшамдау керек.
Шешуі: 〖√а〗^2 -6а+9=√(а-3)^2=|а-3|=а-3 теңдігін ескере отырып, берілген өрнекті түрлендіреміз:
√(а^2 +а+4+√(а^2 -6а+9)) = √(а^2 +а+4+а-3) = √(а^2+2а+1)=√((а+1)^2 )=|а+1|=а+1
ІV. Жаттығуларды орындау
А тобы: № 145, № 148 тақ нөмерлері, №152
В тобы: №146, № 149 тақ нөмерлері, № 166
С тобы: № 147, № 150 тақ нөмерлері, №157
Бірнеше есептер тақтаға, қалғаны өз беттерінше орындалады.
V. Өзіндік жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар таратылады.
Өрнекті ықшамдауға есептер беріледі.
VІ. Үйге тапсырма
А тобы: №148 жұп номерлері, №151
В тобы: №149 тақ номерлері, №158 №161
С тобы: №150 тақ номерлері, №169
VІІ. Қорытынды. Квадрат түбірдің қасиеттерін қайталап еске түсіру
VІІІ. Оқушыларды бағалау. Барлық есепті дұрыс шығарған оқушыға
А тобына – «3» деген баға, қосымша есеп шығару арқылы «4» қойылады
В тобына - «4» деген баға, қосымша есеп шығару арқылы «5» қойылады
С тобына - «5» деген баға қойылады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.