.
.
Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция тақырыбын қайталау Квадраттық функция тақырыбын қайталау
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 770 | Просмотров: 2567 | Размер: 29.7 Kb | Автор: araiСабақтың мақсаты:
Квадраттық функцияның y= ax2+n y= a(x-m)2 дербес түрлерін қайталау
және белгілі графиктердің көмегімен квадраттық фунцияның графиктерін
салудағы оқушылардың білімдерін бекіту
Сабақтың типі: Өткенді қайталау
Сабақтың көрнекілігі:Компьютер,слайд,плакаттар ,таратпа материалдар, тестік тапсырмалар
Сабақтың әдісі: Есептер шығару, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І . «Қызығушылықты ояту»
II.Теориялық материалды қайталау
1.Қандай фукцияны квадраттық функция деп атайды?
Жауабы у = ах2+bх+с түріндегі функцияны квадраттық функция деп атайды
Мұндағы а, b, c – нақты сандар, а≠0,х – тәуелсіз айнымалы.
2.Берілген функциялардың қайсысы квадраттық функция болады?
1) у=5х2-6 4) у=4х2
2) 2) у=7х-1 5) у=x3+x+1
3) 3) у=-3х2+х+7 6) у=-9х2+4х
Ж 1,4,3,6
3. y=ax2 y= ax2+n y= a(x-m)2 функциялардағы а коэффициенті нені білдіреді?
1. а коэффициентінің таңбасы параболаның тармақтарының бағытын көрсетеді:
а>0
а<0
2. а коэффициентінің мәні:
y= а х2, y=ах2+n, y= а(х-m)2 функциялардың графигі
а>1 болғанда
y= х2 функциясының графигінен ордината осі бойымен а есе созу
0<а<1 болғанда абсцисса осіне қарай 1/а есе сығу арқылы шығады
4. y= ax2+n функциясының графигін қалай салуға болады ?
y= ax2+n функциясының графигі y=ax2 функциясының графигін
ордината осі бойымен n>0 болғанда, жоғары немесе n<0 болғанда төмен
|n| бірлікке жылжыту арқылы алынған парабола.
5. y= a(x-m)2 функциясының графигін қалай салуға болады?
y= a(x-m)2+n функциясының графигін салу үшін:
1. y=ax2 функциясының графигін абсцисса осі бойымен m>0 болғанда,
оңға қарай немесе m<0 болғанда, солға қарай |m| бірлікке жылжытамыз.
2. Шыққан графикті ордината осі бойымен n>0 болғанда, жоғары немесе
n<0 болғанда төмен |n| бірлікке жылжытамыз.
6. y= a(x-m)2+n функциясының графигін қалай салуға болады ?
y= a(x-m)2+n функциясының графигін салу үшін:
1. y=ax2 функциясының графигін абсцисса осі бойымен m>0 болғанда,
оңға қарай немесе m<0 болғанда, солға қарай |m| бірлікке жылжытамыз.
2. Шыққан графикті ордината осі бойымен n>0 болғанда, жоғары немесе
n<0 болғанда төмен |n| бірлікке жылжытамыз
III.Ауызша есептер шығару
Сәйкестікті табыңдар
Квадраттық функция келесі формуламен берілген. Парабола төбесін анықтаңдар.
1) y = x2 -6
2) y = (x-5)2
3) y = (x-7)2 +4
4) y = (x+3)2 -1
(0;-6)
(5;0)
(7;4)
(-3;-1)
y= 0,5(x-1)2+4 функциясының графигін y=0,5x2 функциясының графигінен қалай алуға болады?
Aбсцисса осі бойымен 1бірлікке оңға жылжытамыз, өйткені m=1. Нәтижесінде 0,5(х-1)2 функциясының графигін аламыз.
Шыққан графикті ордината осі бойымен
4 бірлікке жоғары жылжытамыз,өйткені n=4
Шыққан парабола y= 0,5(x-1)2+4 функциясының графигі болады.
IV.Шығармашылық
Үй тапсырмасын тексеру
y= x2 – 2 функциясының графигін салу
y=|-(x-3)2+1| функциясының графигін салу
V.Практикалық жұмыс
1.y=x2 үлгісінің көмегімен :
а) y=-x2-2 ә) y=-(х+1)2 – 3
б) y=|-х2 +3| графиктерін салыңдар?
2. Салуды орындамай-ақ, функцияның графигінің х осімен және у осіменен қиылысу нүктелерінің координаталарын табыңдар:
а) y=х2+2х ә) y=х2 +2х-8
VII.Т е с т
1. Берілген көпмүшелердің қайсысы квадрат үшмүше болады?
А) 2х+3 В) х3 – х -7 С) х2-19х Д) 3х2 -9х -1
2. х2 -9х+8 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер:
А)(х-1)(х-8) В) (х+1)(х –9) С) (х+1)(х+8) Д)жіктеуге болмайды.
3.Суретте y=x2-4 функцияның графигі қандай түске боялған? А) қызыл В) көк С) жасыл Д) басқа
4. y=(x+5)2 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады?
А) Ох осі бойымен 5 бірлік оңға В) Ох осі бойымен
5 бірлік солға С) Оу осі бойымен 5 бірлік төмен
Д) Оу осі бойымен 5 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады.
5. y=3x2+4х-7 параболаның х осімен қиылысу нүктелерінін абсциссаларын анықта:
А)1;-7/3 В) 1;7/3 С) 2;4 Д)8;1
Дұрыс жауаптар:
1.Д
2.А
3.А
4.В
5.А
VIII.Үйге деңгейлік тапсырма:
Тест
Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.