.
.
Тақырыбы: Математикалық поезд Математикалық поезд
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 248 | Просмотров: 2124 | Размер: 25.3 Kb | Автор: araiМақсаты: Логикалық есептерді шығара білу; шығармашылық қабілеттерін
дамыту; ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: пойыз суреті, слайд, үнтаспа, конверттер, стакан, су т.б
Жүргізуші:
Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері!
Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық! /ойын мақсатымен таныстыру/
Жүргізуші: Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
/Дауыс/
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Логикалық есептер» пойызы Бейнеу селосының аялдамасына келіп тоқтады. Пойыз жолдың бірінші желісінде, абайлап сақ болыңыздар!
Жүргізуші: Пойыз де келіп қалды. Ендеше білім сапарына аттағалы тұрған қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.
Ойыншыларымызды сынға алатын әділ-қазы алқасымен таныс болайық.
Жүргізуші: «Логикалық есептер» пойызына тегін жолдама беріледі. Оған тек бір шарт қойылады. Бұл - әр топтың сәлімдесуі. /таныстыру/
1 топ: Армысың! Сыныптасым, қарсыласым,
Арайлап ата берсін әрбір таңын.
Өздеріңмен сайысқа түсіп тұрған,
От болып, лапылдап тұр, жүрек жалын.
2 топ: Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашан да үміткерміз жеңіске.
/Дауыс/
Құрметті жолаушылар! Пойызға отырғызу басталды. Асығыңыздар, сақ болыңыздар!
Жүргізуші: Ал ендеше біздің сапарға аттанайық. Сәт сапар тілейміз!
1-аялдама: «Математикалық эстафета аялдамасы»
1-топ:
Үй шатырының бір шатыры 〖40〗^0, ал екінші жартысы 〖60〗^0 көлбеулікпен салынған. Шатырдың ең төбесінде отырған әтеш жұмыртқа тастаса, жұмыртқа қай жартысымен домалап түседі
Су қатқанда өзінің 1/11 бөлігіндей көлемге ұлғаяды. Мұз ерігенде өзінің қанша бөлігіне кішірейеді ?
2-топ:
Күн ыстықта 6 шалғышы бір бөшке қымызды 8 сағат ішті. Дәл осындай бір бөшке қымызды 3 сағатта қанша шалғышы ішеді?
Күнделікті өмірде қандай сұраққа ешқашан «иә» деп жауап бере алмаймыз?
2 - аялдама: Сандар патшалығы
Жүргізуші: Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын.
Конверттегі тапсырма. Сендерге есептер берілген. Есептерді шешіп жауабын табасыңдар.
1Үш таңбалы саннан 7 – ні алғанда 7 –ге бөлінеді, 8 –ді алғанда 8 – ге бөлінеді және 9 –ды алғанда 9 –ға бөлінеді?
3 – ке бөлгенде 1 қалдық, 4 – ке бөлгенде 2 қалдық, 5 – ке бөлгенде 3 қалдық, 6 –ға бөлгенде 4 қалдық қалатын сан болуы мүмкін бе ?
3– аялдама «Тапқырлар»
1. Үстел үстінде 6 шыны стакан тұр. Үшеуіне су құйылған және үшеуі бос.
Бір ғана ыдысты орнынан көтеру арқылы қалай су құйылған және бос
стакандарды кезектестіріп қоюға болады?
2.
Үстел үстіне 7 кесені жоғары жағын төмен қаратып, аударып қойыңыз. Бір жүрісте кез – келген 3 кесені кері аударамыз. Яғни жоғары жағын төмен қарап кесені оң қаратып қоямыз, ал оң қарап тұрса – аударып қою керек. Ол кеселер қатар тұрса да болады және әр жердегі кеселерді аударса да айырмашылығы жоқ. Осылайша 3 жүріс жасау арқылы барлық кеселерді оң қаратып қоюға бола ма?
Басы жалпақтау 4 бірдей шырын құйылатын ыдыс бар. Оларды кәдімгі қалпында не болмаса төңкеріпте қоя беруге болады. Жазық үстел үстіне осы 4 ыдыстың ауыздары бір – бірінен бірдей қашықтықта болатындай етіп орналастыруға болам
4 - аялдама:
Жанкүйерлерге сұрақ ( жолаушыларды шығарып салушыларға)
Суретте жетіспейтін фигура тауып, алдында жатқан тап!» аял фигуралар арасынан тауып көрсету керек.
?
Пуассон есебі. Назарларыңызға өмірде жиі кездесетін практикалық маңызы бар бір есеп ұсынбақпыз. Бұл есепті кезінде француз математигі Пуассон шешкен екен. Сондықтан, бұл есеп Пуассон есебі деп аталады.
Бір ыдысқа 3л, екінші ыдысқа 5л су сияды. Осы ыдыстарды пайдаланып, 4л. суды қалай құйып алуға болады?
Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасың. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін. Уақыты 1 минут.
И Ц Ү Ш Б Ө
О А Р Ы К Л
Н Б Ұ П Е Ш
А Ы Ж А Й Н
Л Т Ү З Ы Қ
Б Ө Л У С О
Бұрыш қосу бөлшек алты он рационал үш
Жүз пайыз түзу жұп жазық бөлу (13сөз)
5 – аялдама Фигуралар аялдамасы
Сызғышты ғана пайдаланып, ешқандай формула мен есептеулерді пайдаланбай кубтың диагоналін қалай өлшеуге болады?
Шар радиусын қалай өлшеуге болады? Әрине есептеулер пайдаланылмайтын қарапайым әдіс сұралып отыр.
Құрметті жолаушылар! Пойыз келіп тоқтады. Абайлаңыздар, сақ болыңыздар!
Жүргізуші: Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып, әділ сына
Еңбегін жас математиктердің әділ сына, - демекші, ендігі сөз әділ-қазы алқасына беріледі.
Жүргізуші: Математика туралы ұлы адамдар артында өшпес сөз қалдырғаны белгілі. Біздің жас математиктер математика туралы не дер екен?
Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған!
Математиканы білмейсің, дұрыс өмір сүрмейсің!
Жүргізуші: Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады,
Бұның қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелі тәлімі мол, әсерлі
Болса егер көңіл жақын таңдады.
Көңіл бөліп бұл сайысқа,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрермен баршаңызға
Мың алғыс, мың рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.