Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Параллелограмм және оның қасиеттері. -

Параллелограмм және оның қасиеттері.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 314 | Просмотров: 2315 | Размер: 97.7 Kb | Автор: arai
. Супыгалиева Канзиба Дайновна
Сабақтың тақырыбы: Параллелограмм және оның қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Параллелограмм анықтамасы, элементтерін,
қасиеттерін білу. Алған білімді есептер шығаруда қолдану
2) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, тапқырлыққа, тез шешім табуға баулу
3) Тәрбиелік: Оқушыларды оқуға, жауапкершілікке, байқампаздыққа, өз ойларынеркін айта білуге,өзіне сенімділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Оқыту әдістері: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап алу, есептер шығару.
Көрнекіліктер мен құрал жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтық презентация, сызба құралдары
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыпты қайталау
3) Жаңа сабақты меңгерту
4) Жаңа сабақты бекіту
5) Сабақты қорытындылау, бағалау
6) Үйге тапсырма
II. Үйге берілген есептерді тексеру. Өткен сабақты бекітуге сұрақтар қойылады.
1) Қандай фигура төртбұрыш деп аталады?
2) Төртбұрыштың қандай төбелері – көршілес, қандайлары қарама-қарсы төбелер деп аталады? (сызба арқылы)
3) Төртбұрыштың диогоналі деген не?
4) Төртбұрыштың қандай қабырғалары көршілес, қандай қабырғалары қарама-қарсы қабырғалар деп аталады?
5) Төртбұрыш қалай белгіленеді?
III. Жаңа сабақты меңгерту.
Жаңа сабақты түсіндіру алдында жаңа сабаққа байланысты параллель түзулердің қасиеттерін, белгілерін үшбұрыштар теңдігінің белгілерін еске қайталап түсіреміз.
Параллелограмның анықтамасы
Параллелограмм дегеніміз – қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан параллель, яғни параллель түзулер бойында жататын төртбұрыш.
Параллелограмның бір төбесінен қарсы жатқан қабырғасына түсірілген перпендикуляр оның биіктігі деп, ал биіктік түсірілген қабырға табаны деп аталады.
.
2-теорема. Параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары тең.
Берілгені: АВСД – параллелограмм
Дәлелледеу керек: АВ = СД, ВС = АД

Дәлелдеуі: ВС//АД, АС қиюшы болған ішкі айқыш бұрыштар ДАС = ВСА ; АВ//ДС; А қиюшы ішкі айқыш бұрыштар ДСА= ВАС, ал АС ортақ қабырға, онда үшбұрыштар теңдігінің II белгісі бойынша , бұдан АВ = ДС. ВС = АД теорема дәлелденді.
Параллелограмның қасиеттері:
1. қасиет. Параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары тең. 2. қасиет. Параллелограмның бір қабырғасына іргелес бұрыштарының қосындысы1800-қа тең.
3.қасиет. Параллелограмның диагональдары қиылысу нүктесінде тең екі бөлікке бөлінеді.
Берілгені:: параллелограмм,
Дәлелдеу керек:

Дәлелдеуі: себебі
1= 2, 3= 4 ішкі айқыш бұрыштар болғандықтан, онда үшбұрыштарды қалған сәйкес қабырғалары да тең болады ВО=ОД; АО=ОС .

IV. Жаңа сабақты бекітуге есептер шығару.

Ауызша дайын сызба бойынша интерактивті тақтадан көрсетіледі.


1



Бер: АВСД параллелограмм

Т/к : параллелограмм бұрыштарын

2


Бер: АВСД параллелограмм
Д/к:

IV. ә) Оқулықпен жұмыс.
№12 ауызша, №17 ауызша, сыныпта №13(1), №14(1), №15(1)


№ 13 (1)

Берілгені: параллелограмм

Табу керек:

Шешуі:

Жауабы: 48 дм
№ 14 (1)
Берілгені: параллелограмм

Табу керек: АД

Шешуі:

Жауабы: 6,2 дм

№ 15 (1)
Берілгені: параллелограмм


Табу керек:

Шешуі: АВ=x деп белгілейік
АД=x+4


Жауабы: 4 см, 8 см

V. Сабақты қорытындылап, бағалау.

Үйге тапсырма: §2 (белгілеріне дейін оқу), №13(2), №14(2), №15(2)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.