Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Пирамида -

Пирамида

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 492 | Просмотров: 3113 | Размер: 24.0 Kb | Автор: arai
. Геометрия 9 сынып
Пән: геометрия Күні: Сынып 9
Сабақтың тақырыбы Пирамида
Сілтеме Геометрия 9 сынып «Мектеп» 2009, оқушы анықтамасы

Жалпы мақсаты Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу, бекіту;логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру; оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу

Оқу нәтижесі -Құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді.
- сыныпта диалогтік әңгіме дамиды.
-Топпен жұмыс жасай отырып балалар еркін ойлауға қалыптасады.
Туындайтын идеялар Пирамида, оның түрлері ажырата білуге, құрылымын үйрену, өмірмен байланыстар іздеу.
Сабақ барысы Мұғалім іс әрекеті
Оқушы іс әрекеті
1. Сәлемдесу 2 мин.
Сыныпта психологиялық ахуал туғызу «Шаттық шеңбері» тренинг көрші тұрған оқушының есімінің басты әріпінен басталатын ізгі тілек айтады
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады

Сыныпты топқа бөлу
2 мин. Геометриялық фигураларды таңдата отырып, төрт топқа бөледі Оқушылар фигуралар бойынша 4 топқа бөлінеді
Үй тапсырмасы
4 мин Блиц –тест
1.Параллелепипед жақтарын қандай фигура құрай ды?
А) үшбұрыш
В) параллелограмм
С)ромб
D)барлығы да
2.Параллелепипедтің неше қыры бар?
А) 6
В) 8
С)12
D)4
3. Параллелепипедтің неше төбесі бар?
А) 8
В) 4
С) 6
D) 12
4. Параллелепипедтің неше жағы бар?
А) 12
В) 4
С) 8
D) 6
5. Алтыбұрышты призма неше қырдан, неше төбеден, неше жақтан тұрады?
А) қыры 18, төбесі 12, жағы 8
В) қыры 12, төбесі 18, жағы 8
С) қыры 24, төбесі 18, жағы 12
D) қыры 18, төбесі 8, жағы 6

Тест кілті:
1. B
2. C
3. A
4. D
5. A өткен тақырып бойынша топ мүшелері тестке жауап беру арқылы өз білімдерін тексереді. Соңынан тест кілті арқылы жауаптарын салыстырады
Жаңа тақырып
7 мин. Интерактивті тақтада слайд көрсетіледі
Төртбұрыш + 4 үшбұрыш
Үшбұрыш +3 үшбұрыш
Алтыбұрыш +6 үшбұрыш
Онбұрыш +10 үшбұрыш
Nбұрыш + n үшбұрыш
Пирамида анықтамасын өздері шығарады.
Пирамида – көпбұрыштан тұратын бір ғана табаны бар, бұйір жақтары төбелері ортақ үшбұрыштардан тұратын геометриялық фигура
Кластер
«Пирамида» сөзіне байлынысты бейнелерді, фактілерді, ойды көрсететін сөздерді немесе сөйлемдерді жазыңыздар Тақтадағы «Пирамида» сөзінің жанына ассоциацияларын жазады
Слайд арқылы әлемдегі пирамидаларды көрсету
Пирамиданың табанын, бүйір қырларын, биіктігін, апофемасын көрсету . формуласы:
Дұрыс пирамиданың бүйір бетінің ауданы
оның табаны периметрінің жартысын
пирамиданың апофемасына көбейткенге тең

Пирамиданың толық бетінің ауданы деп оның бүйір бетінің ауданы мен табанының ауданының қосындысын айтады.
Тақтадағы слайдтан пирамида элементтерін табады, бүйір бетінің ауданын табу, толық бетінің ауданын табу формулаларын талқылай отырып шығарады.
Постер
2 мин.
Жаңа тақырып бойынша постермен жұмыс. Көпбұрышты пирамидалар салып, элементтерін атаңдар Пирамида түрін таңдайды. Топтар арасында бір-бірінің пирамидаларын салыстырады.
Сергіту сәті
2 мин.

Сергіту жаттығулары Оқушылар жаттығулар жасайды
Білімді бекіту
10 мин. Есеп шығару:
1. Хеопс пирамидасының қазіргі биіктігі жуық шамамен 139 м, табан қабырғасы 230 м. Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңдар.
2. Пирамиданың табаны – қабырғасы 4 см-ге тең квадрат, бүйір жақтары биіктігі 5 см болатын теңбүйірлі үшбұрыштар. Пирамиданың толық бетінің ауданын табыңдар.
3. Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайының жер бетіндегі биіктігі 62 м, табаны - қабырғасы 52 м болатын квадрат.
Сарайдың толық бетінің ауданын табыңдар.
Жауабы:
Sб.б=460√32546 (м²)
Sт.б.=56 (см²)
Sт.б. ≈ 9568 (м²) Топ оқушылары есеп шығарады.

Постер
8 мин. Параллелепипед, призма, пирамида фигураларын пайдаланып өз ғимараттарыңды салыңдар. Оқушылар постерге ғимараттар , мұңарлар салады
Рефлексия 1.Келесі сабақта істейтін
әрекетіңіз немесе сұрағыңыз
2.Сізге әсер еткен екі сөз
3.Бүгінгі сабақтың маңызды
үш сөз Берілген парақтарғаоқушылар сабақтан алған әсерін жазады
Үй тапсырмасын түсіндіру 1 мин. § 17 оқу, №279
Қосымша тапсырма: қағаздан фигуралар қиып жасау Күнделікке тапсырманы жазып алады
Бағалау 2 мин. Түсіндіре сараптай отырып бағалау Өзін-өзі бағалау, топ басының бағалауы. Критерийлері:
1.Теориялық білімді және ережелерді қолдану
2. Есеп шартын талдай алуы, өрнекті (формуланы) дұрыс құра білуі.
3. Есепті шығару деңгейі, жауабын дәлелдей алуы
4. Жеке тапсырмаларды орындауы

0-4 балл - «2»
5-6 балл - «3»
7-8 балл - «4»
9-10 балл - «5»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.