.
.
Сабақтың тақырыбы Рационал сандарды көбейту 6-сынып Рационал сандарды көбейту
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 433 | Просмотров: 4374 | Размер: 19.9 Kb | Автор: araiСілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Жалпы мақсаттар білімге деген қызығушылығын тудыру;
жүйелі білім алуға баулу;
сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастырып дамыту;
топтық жұмысқа бейімдеу;
өзіне деген сенімділігін қалыптастыру.
Негізгі мақсаттар Рационал сандарды көбейту бойынша білім қалыптастыру; білімін есептер шығаруда пайдалана білуге, түсінгендерін математика тілінде жеткізе білуге баулу.
Оқыту нәтижелері Рационал сандарды көбейту бойынша білімдері қалыптасып, білімін есептер шығаруда пайдалана біледі, өз бетімен есептер шығара алады, түсінгендерін математика тілінде жеткізе біледі.
Ресурстар 6 сынып математика оқулығы (Т. Алдамұратова, «Атамұра», 2011ж.), слайдтар, бағалау парақтары, АЗ парақтар.
Оқыту әдістері Блум таксономиясы, СТО, топтық, жұптық, жеке жұмыс
Түйінді идеялар Оқушылардың қызығушылығын ояту, өз ойын қорытындылай білуге қалыптастыру
Кезеңдер Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдеседі, сынып оқушыларының көңіл-күйін сұрайды, дайындығын тексереді, жақсы тілек тілейді. (топ бойынша бағалау парақтарын үлестіреді), түгендейді. Мұғаліммен сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді
Білу 1. Үй жұмысына талдау жасайды. №513(2,4), №515 (слайд арқылы дайын жауап көрсетіледі). 2.Жалпы білімін тексеру мақсатында сұрақ-жауап стратегиясын қолданады.
3. Жаңа сабаққа дайындық сұрақтарын ұсынады. 1. Қателіктерін анықтайды, түзетеді, өзін-өзі бағалайды.
2. Сұрақтарға әр топтан бір оқушыдан жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
3. Жеке оқушылар жауап береді.
Мақсат қою Сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақтың мақсатын қояды
Түсіну Тақырып мазмұнын ашады Тақырыпты үйренеді
Қолдану
Тапсырмалар ұсынады.
1. №521 (1-6) 2. №522 (1-4) 3. №524 (1-4)
4. №531
1. Топтық жұмыс 2. Топтық жұмыс 3. Топтық жұмыс
4. Ой қозғау
Талдау Слайд арқылы талдау сұрақтарын ұсынады. Жеке оқушылар жауап береді
Жинақтау Қорытындылау сұрағын қояды. А3 параққа қорытынды жасайды
Үйге тапсырма § 16. Рационал сандарды көбейту. 1. №521 (7-12) 2. №522 (5-9) 3. №524 (5-6) Дәптерлеріне белгілеп алады
Тақырыпты бағалау
Бағалау Тақырыптың маңыздылығы жайлы айтады Оқуды бағалайды Ойларын білдіреді.
Өзін-өзі бағалайды
Рефлексия Бүгінгі сабақтан алған әсері туралы сұрайды Бағалау парағының келесі бетіне сабақтан алған әсері туралы жазады
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру:
1. Сәлемдесу, дайындығын тексеру, көңіл-күйін сұрау, тілек айту.
2. Түгендеу.
Білу.
Үй жұмысын тексеру.
№513. Теңдеуді шешіңдер:
– ( 5 2/3 – 1,6 ) – х = 6 1/3 ; 4) х – (– 4,6 + 3 4/7 ) = – 8 1/14 ;
– 5 2/3 + 1,6 – х = 6 1/3 ; х + 4,6 – 3 4/7 = – 8 1/14 ;
– х = 6 1/3 + 5 2/3 – 1,6 ; х = – 8 1/14 + 3 4/7 – 4,6 ;
– х = 12 – 1,6 ; х = – 4,5 – 4,6 ;
– х = 10,4 ; х = – 9,1 ;
х = – 10,4 ;
№515. АВСD квадратының АВ қабырғасы бірлік кесіндісі 1 см-ге тең координаталық түзу бойында орналасқан: А(– 2,8) және В( 3,7). АВСD квадратының периметрі неше сантиметр?
А. 26 см; В. 24 см; С. 28 см; D. 32 см;
Шешуі: АВ = 3,7– (– 2,8) = 3,7+ 2,8 = 6,5 см; Р = 6,5 см ∙ 4 = 26 см.
Жауабы: 26 см.
Сұрақ-жауап стратегиясы
Теріс сандарды қосу ережесін тұжырымдаңдар.
Екі теріс санның қосындысы теріс сан ба, әлде оң сан ба?
Бірнеше теріс санның қосындысы теріс сан ба, әлде оң сан ба?
Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін тұжырымдаңдар.
Теріс санның модулі үлкен болса, қосынды теріс сан ба, әлде оң сан ба?
Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?
Қосуды тиімді тәсілмен орындау үшін қосудың қандай қасиеттері пайдаланылады?
Рационал сандар қалай азайтылады?
Таңбалары әр түрлі сандарды азайту таңбалары қандай сандарды қосумен есептеледі?
Таңбалары бірдей сандар қалай азайтылады?
Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын қалай табады?
Жаңа сабаққа дайындық үшін тапсырма:
Сүңгуір әрбір 1 секундта – 3 м тереңдікке сүңгиді. Ол 2 секундта, 5 секундта неше метр тереңдікке сүңгиді?
Мақсат қойдыру.
Түсіну
Екі көбейткіштің таңбалары әр түрлі: біреуі теріс, екіншісі оң болса, көбейтінді теріс сан болады.
( – ) ∙ ( + ) = ( – ) ( + ) ∙ ( – ) = ( – )
Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі – модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең теріс сан.
( –a ) ∙ b = – ab, a ∙ ( –b ) = – ab
Екі көбейткіштің таңбалары бірдей болса, көбейтінді оң сан болады.
( – ) ∙ ( – ) = ( + ) ( + ) ∙ ( + ) = ( + )
Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі – модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең оң сан.
( –a ) ∙ ( –b ) = ab.
Қолдану.
Тапсырмалар:
І топтық жұмыс:
№521. Көбейтуді орындаңдар:
( – 15) ∙ ( – 6) = 90; 2) 2 ∙ ( – 35 ) = – 70; 3) ( –12 ) ∙ ( – 7) = 84;
4) ( – 27 ) ∙ 0 = 0; 5) 24 ∙ ( – 9 ) = – 216; 6) – 0,8 ∙ 6 = – 4.8.
ІІ топтық жұмыс:
№522. Көбейтіндіні табыңдар:
– 1,9 ∙ 0,6 = –1,14; 2) 6,5 ∙ ( – 30,8 ) = –200,2; 3) –18,3 ∙ ( – 5,4) = 98.82; 4) 5,9 ∙ ( – 3,5) = –20,65.
ІІІ топтық жұмыс:
№524.
( – 2/3 ) ∙ ( – 6) = 4 ; 2 ) 3/5 ∙ ( – 10) = – 6; 3) ( – 2/3 )² = 4/9 ; 4) ( – 2/3 )³ = – 8/(27 ) ;
Ой қозғау.
№531.
Ауаның емпературасы 1°С-қа өзгергенде термометрдегі сұйықтың бағаны 2 мм-ге өзгереді. Егер ауаның температурасы: 1) + 4°С-ты; 2) – 4°С-ты; 3) + 10°С-ты; 4) – 8°С-ты көрсетсе, термометрдегі сұйықтың бағаны 0°С-тағы деңгейден қалай өзгереді?
Шешуі: 1) 0°С + 4°С= 4°С; 2) 0°С – 4°С = – 4°С; 3) 0°С + 10°С = 10°С; 4) 0°С – 8°С = – 8°С.
Талдау
Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту ережесін тұжырымдаңдар.
Таңбалары бірдей екі санды көбейту ережесін тұжырымдаңдар.
Көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса, көбейтінді неге тең?
Жинақтау
Сабақта бүгінгі үйренгендері бойынша жазбаша шағын қорытынды жасау.
Үйге жұмыс. § 16. Рационал сандарды көбейту. №521 (7-12); №522 (5-9); №524 (5-6);
Тақырыпты бағалау
Тақырыпты үйрену маңызды ма?
Бағалау. Мұғалімнің бағалауы, өзін өзі бағалау.
Рефлексия
Сабақ қалай өтті?
Ұнады ма?
Қиын болды ма?
Түсінбеген сұрақтарың көп болды ма?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.