.
.
Сынып 5. Математика Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу.
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 348 | Просмотров: 1838 | Размер: 44.0 Kb | Автор: araiСабақ тақырыбы: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу.
Эпиграфы: «Бір нәрсені оқып үйренудің ең жақсы тәсілі - өзіңе зерттеп ашу» Дьердь Пойа (Венгрия, Швейцария, Америка математигі)
Сабақ мақсаттары:
Оқыту
- құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу түсінігін қалыптастыру;
- жіктеу алгоритмін практикада қолдану машықтарын нығайту;
- жай және құрама сандар ұғымдарын қайталап, бекіту.
Дамытушылық
- ауызша есептеу, жалпылау дағдыларын дамыту;
- логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
- ойын жеткізе білуін және ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік
- ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;
- ұжымда, топта, жұпта жұмыс істеуге тәрбиелеу;
- өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру
- Оқушыларды өзін - өзі басқаруға, өз мүмкіндігіне сенуге,
үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ, ойын сабақ
Сабақта қолданатын әдістер: ҰОҚ тәсілдері: топтық, жұптық жұмыстар, тест, жеке оқушымен жүмыс
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, ActivStudioPE бағдарламасында орындалған флипчарт, үлестірме материалдар, тест тапсырмалары
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Мотивация
II. Білім актуализациясы. Негізгі ұғымдарды қайталау
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
IV. Бекіту
V. Рефлексия
VI. Үй жұмысын беру
VII. Қорытындылау, бағалау
кезең Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру Сәлемдесу. Сабақ эпиграфын айту.(флип. 2 бет)
Психологиялық сәт. Оқушыларды сабаққа бағыттау. Сабақтың өту тәртібін жариялау. Бағалау тәртібін жариялау.
Поезға отыру үшін билет таратылады. Билеттің артында жазылған есептің жауаптары жұп және тақ сандар болуына байланысты екі әр түрлі вагондарға отырады.(екі топқа бөлу). Соңғы аялдамамыз «Сандар әлемі» (Флип. 1бет.)Қонақ күту- салтымыз
Оқып, біліп жатырмыз
Келген қонақ сіздерге
Сәлем бердік жалпымыз!
Жұпта бір - біріне қарап:
Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн болсын!
Бейсембінің сәті
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең «бестіктер» болсын!
ІІ. Негізгі ұғымдарды қайталау. Актуализация. 1. (Флип. 3 бет) Ауызша есептеу.
2. Тізбекті жалғастыру.
Бөлінгіштік белгілерін қайталау (4 бет)
3. сұрақ -жауап 1. 1 аялдама «Ой сергіту» станциясы.
2. 2 аялдама «Логика» станциясы
3. Асқар шыңға жету «Сұрақтар» белестерінен өту керек.
ІІІ. Жаңа білім алу «Сандар әлемі»
Жаңа тақырыпты түсіндіруді бастау «Жаңа ақпарат» елі
Жаңа тақырыпқа жетелеу карточкалар арқылы жіктеудің 2 тәсілімен танысады. Қарсылас топтан жұп құрып өз тақырыбын түсіндіреді.
IV. Бекіту Тақтаға оқушыларды шығарып, тәсілдерді көрсетуді ұсынады.
Алдында айтылған ертегіге оралып, талқылау жасау.
Тақтада қарсылас топтың тақырыбын 2 оқушы түсіндіреді.
Оқулықтан № 263 (1), 264 (1,2) 265 (1) шығарады
V. Рефлексия Венн диаграммасын толтыру.
Тест өткізу. Кілтін жариялау. Венн диаграммасын мұғалімнің көмегімен толтырады.
Тест шешу.
VI. Үй жұмысын беру №269, 271, 275 Білім деңгейі төмен оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі. №263,264 аяқтау
VII. Қорытындылау, бағалау Берілген жетондар , бірін-бірі бағалау арқылы қорытынды жасау, баға қою. Бірін-бірі бағалау, жетон санау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.