Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Туындыны табу ережелері. -

Туындыны табу ережелері.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 497 | Просмотров: 4489 | Размер: 65.4 Kb | Автор: arai
. Талдықорған қаласының
№16 орта мектеп-гимназиясының
математика пәнінің жоғарғы
санатты мұғалімі
Сапарғалиев Марат Тілеуліұлы.

Сабақтың қысқа мерзімді жоспары

Пәні: Алгебра және анализ бастамалары. Сыныбы: 10 Мерзімі:
Сабақ атауы: Туындыны табу ережелері.
Сілтеме: Блум таксономиясы, оқулық
Жалпы мақсаттар: а) оқулық: оқушыларға туынды табу ережелерін таныстыру, ережелерді қолдану тәртібін меңгерту, дәрежелік функцияның туындысын табу формуласын таныстыру, функциялардың туындыларын табу есептерін шешуді үйрету.
ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту;
б) тәрбиелік: оқушыларды таза жазуға, ұқыптылыққа, көп еңбектенуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: - Туындыны табу ережелерін жазып бере алады;
- Дәрежелік функцияның формуласын қолдана біледі;
- функциялардың туындыларын таба алады;
- есептер шығару кезінде осы жоғарыда айтылған білімдерді сабақтастырады;
Негізгі идеялар: -туынды табу ережелерін қолдана отырып қарапайым дәрежелік функциялардың туындыларын анықтау;
-уәжді ынталандыру, бірлесе отырып орындалатын жұмыстар негізінде материалды меңгеру, бір-біріне көмек беру;
- өзіндік ойын айта білуге дағдыландыру.

Сабақтың кезеңдері:

І.Ұйымдастыру кезеңі:а) оқушылармен сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу;ә) оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру;
Оқушыларды 5 топқа бөлу және топ көшбасшыларын таңдау. Топтық жұмысты бақылау, сұрақ-жауап ұйымдастыру, оқушылардың бірін-бірі бағалауына мүмкіндік туғызу және тапсырмаларды талқылап, ортақ шешімге келуіне жағдай жасау.

ІІ.1.Үй тапсырмасының орындалуын тексеру
Оқушылардың дәптерлерінен үй жұмыстарының орындалуын тексеріп өту.

ІІ.2. Білімдерін сұрақтар қою арқылы тексеріп өту:
Аргументтің өсімшесі деп нені айтамыз?
Функцияның өсімшесін өрнектеп жазып беріңдер?
Функцияның х нүктесіндегі туындысының анықтамасын айтыңдар?
ІІІ. Жаңа сабақ материалын Блум таксономиясының кезеңдері бойынша игеру.
Білу. Функцияны табу ережелерімен таныстыру.
1-ереже: (u+v)’=u’+v’
2-ереже: (uv)’=u’v+uv’
(Cf(x))’=C f’(x)
3-ереже: (u/v)’=(u^' v-uv')/v^2
4-ереже: (u+v)’=u’+v’
Дәрежелік функцияның туындсының формуласы:
y=xn функциясы берілсе, мұндағы nN, онда бұл дәрежелік функцияның туындысы мына формуламен есептелінеді:
(xn)’=nxn-1
Функциялардың туындыларын табуға мысал есептерді шығарып түсіндіру.
1-мысал: g(x)=5x2+9x-4
g ’(x)=(5x2+9x-4)’=(5x2)’+ (9x)’-(4)’=5(x2)’+ 9(x)’-0=5•2x2-1 +9•1=10x+9 ;

Жалпы топтарға ортақ тапсырма

Топтық жұмыс жүргізу

Түсіну. Қарапайым функциялардың туындысын табуға тапсырма орындау.

Жалпы сыныпппен жұмыс. Талантты балалардың белсенділіктері арқылы келесі есепті тақтада екі оқушыға орындату.

№175. Функцияның туындысын табыңдар:
а) f(x)=x2-3x+1
f ’(x)=(x2-3x+1)’=(x2)’- (3x)’+(1)’=2x2-1-3•1+0=2x-3 ;

ә) f(x)=2x7+ 5√х
f’(x)=(2x7+ 5√х)’= (2x7)’+ (5√х)’=(2x7)’+ (5x^(1/2))’=2•7x7-1+5〖∙1/2 x〗^(1/2-1)=
=14x6+5/2 x^(-1/2) =14x6 + 5/2 • 1/x^(1/2) =14x6 + 5/(2x^(1/2) ) ;

Топтық жұмыс жүргізу. Бөлінген топтарда топ көшбасшысының басқаруы арқылы топпен жұмыс жүргізу.

№176. y=f(x) функциясының туындысын табыңдар.

а) f(x)=2x2+3x
f ’(x)=(2x2+3x)’=(2x2)’+ (3x)’=2(x2)’+3 (x)’=2•2x2-1+3•1=4x+3 ;

ә) есебін топтаса отырып орындату. Бірінші аяқтаған топтан оқушылар жұмыстарын интербелсенді тақтада қорғап түсіндіреді.
Басқа топтар өз ойларын айтады.
1-тапсырма Синтездеу
Топтарға сыни тұрғыдан ойланып, шешімдерін анықтауға берілген есептер:
№177 есептің a) нұсқаcын топтаса отырып орындату. Қиындықтар кездескен жағдайда бағыт бағдар беру.
2-тапсырма Қолдану:
Төрт топқа есептер: №178а) нұсқасын орындау, жұппен талқылау. Ойларды ортаға салу.
№178 в) нұсқасын жалпы сынып болып орындау. жаттығуларды топ болып жұмыс дәптерлеріне орындау;
- бір-біріне сұрақ қою.
Қорыту: IV. Сабақты қорытындылау.
V. Бағалау.
Топ көшбасшысының бағалауы;
Оқушылардың оқытуды бағалауы;
Оқушыларға бағалар қою
Үйге тапсырма беру: ІІ тарау, §14, №175 (б,в), №176 (б,в), №177 (б)

Мұғалім: Сапарғалиев М.Т.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.