Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Виет теоремасы -

Виет теоремасы

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 391 | Просмотров: 1447 | Размер: 14.5 Kb | Автор: arai
. Виет теоремасы

Сабақтың тақырыбы: Виет теоремасы.
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың квадрат теңдеулерді Виет теоремасы арқылы шешу дағдыларын жетілдіру.
2) Оқушылардың ойларын жеткізе білуін қалыптастыру және ой-өрісін дамыту.
3) Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың өту әдісі: Деңгейлеп, саралап оқыту.
Сабақтың түрі: Біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Плакатта жазылған есептер, карточкалар, кестелер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№ 148
1)х2 – 5х + 6 = 0 5) х2 - х + = 0 9)х2 -2х + 1 = 0
2)х2 – 8х + 12 = 0 6) х2 – 0,6х + 0,08 = 0 10) х2 – 5х = 0
3) х2 – 8х + 15 = 0 7) х2 – 4х + = 0 11) х2 – х = 0
4)х2 – 3х + 2 = 0 8) х2 - х + = 0 12) х2 – 10х + 25 = 0
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
х1 + х2 = - p, х1х2 = q Виет теоремасын қолдану арқылы квадрат теңдеуді х2 + pх + q = 0
түрінде жаздық.
ІҮ.Сабақтың құрылымы:
Бірінші деңгей – танымдық деңгей (ауызша сұрақтар)
1. Квадрат теңдеудің анықтамасын кім айтады?
2. Қандай теңдеулер толымсыз квадрат теңдеулер деп аталады?
3. Қандай теңдеулер келтірілген квадрат теңдеулер деп аталады?
4. Квадрат теңдеулерді шешудің формуласы қалай жазылады?
5. Дискриминантты табудың үш жағдайы
6. Виет теоремасы қалай жазылады?
Екінші деңгей – алгоритмдік деңгей ( тест)
«Зерде» ойыны. Мақалдардың жалғасын тап.
А) х2 – 8х + 7 = 0
х1 + х2 = 8, х1х2 = 7
х1 = 1, х2 = 7
Жеті рет өлшеп, ( бір рет кес)
ә) х2 – 11х + 10 = 0
х1 + х2 = 11, х1х2 = 10
х1 = 1, х2 = 10
Бір тал кессең, ( он тал ек)
Б) х2 – 9х + 8 = 0
х1 + х2 = 9, х1х2 = 8
х1 = 1, х2 = 8
Жігіт бір сырлы, ( сегіз қырлы)
В) х2 – 70х + 1200 = 0
х1 + х2 = 70, х1х2 = 1200
х1 = 30, х2 = 40
Ұлға 30 үйден, (қызға 40 үйден) тыю.
Үшінші деңгей – эвристикалық деңгей. Әр есептің жауабын таңдау.
А) х2 – 2х – 35 = 0 1) х1 = 1, х2 = 7
Ә) х2 + 4х + 3 = 0 2) х1 = -5, х2 = 3
Б) х2 – 8х + 7 = 0 3) х1 = -1, х2 = -3
В) х2 + 10х – 11 = 0 4) х1 = -5, х2 = 7
Г) х2 + 2х – 15 = 0 5) х1 = -11, х2 = 1

Жауабы: А – 4, Ә - 3, Б – 1, В – 5, Г – 2.
Төртінші деңгей – шығармашылық деңгей.
1) Күрделі: 2х ( 5х – 7) = 2х2 – 5
( х + 4) 2 = 4х2 – 5
2) Орташа: 5х2 + 4х – 1 = 0
- 23х2 – 22х + 1 = 0
3) Жеңіл: 3х2 + 5х – 2 = 0
9х2 – 6х + 1 = 0
Ү. Сабақты қорытындылау. Квадрат теңдеуді шешудің әр түрлі әдістеріне тоқталу.
ҮІ. Үйге тапсырма беру: № 160
ҮІІ. Оқушылар білімін бағалау.

Пән мұғалімі: Омарова Дина
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.