Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Қысқаша көбейту формулаларын қайталау» -

«Қысқаша көбейту формулаларын қайталау»

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 272 | Просмотров: 1604 | Размер: 35.5 Kb | Автор: arai
. 7-сыныпта өткізілген сабақтың сараптамасы.
Сабақтың тақырыбы: «Қысқаша көбейту формулаларын қайталау»
Сабақтың мақсаттары
Оқытушылық: 1.
1. Бірмүше және көпмүше туралы өткенді қайталау.
2. Қысқаша көбейту формулаларын еске түсіру.
3. Қысқаша көбейту формулаларын есептер шығаруда қолдана білу.
4. Қысқаша көбейту формулалары бойынша бақылау жұмысына дайындық.
Тәрбиелік: шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, өз бетінше ізденіп, алған білімін өзін қоршаған ортада еркін қолдана алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу. Еңбекке, ынталылыққа және қиындықтарды жеңуде табандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, индуктивтік, дедуктивтік, ұқсастық бойынша ой қорыта білуге үйрету.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:
Оқушылардың бағдар беті, слайд түрінде берілген графикалық диктант, тестілеу құрылғылары, Блез Паскаль туралы фильм, карточкалар және сабақ толығымен жазылған флипчарт, сазды әуен.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
• Білімді жеткізу: көрнекіліктерді қолдану арқылы
• Практикалық (ауызша жаттығу жұмыстарын орындату кезінде және «Қай жәшікке салуға болады?» ойынын ойнатқан кезде)
• Ішінара ізденушілік (шығармашылық тапсырмалар орындату)
• Оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану (интербелсенді тақта, компьютер, тестік құрылғылар, әр тұрлі бағдарламалар).
Сабақтың түрі:
Жалпылау сабағы. Бақылау жұмысына дайындық.
Қайталау
Көпмүшелер және бірмүшелер, қысқаша көбейту формулалары.
Оқушылардың білім деңгейін бақылауға араналған жұмыс түрлері:
Графикалық диктант, тест, өздік жұмысы.
Сабақтың құрылымы және оның әр түрлі кезеңдерінде оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру жайында:
1. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың ішкі және сыртқы психологиялық дайындығы анықталады, яғни оқушының психологиялық құзіреттілігі қалыптасады.
2. Өткенді қайталау кезінде оқушының жеке тұлғалық даму құзіреттілігі қалыптасады, яғни оқушы өзінің білімін дұрыс көрсетуге тырысады.
3. Тестік жұмысты орындау кезінде оқушының оқу-танымдық құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілігі қалыптасады.
4. Ауызша жаттығулар орындау кезінде оқушының коммуникативтік, әлеуметтік-мәдени құзіреттіліктері қалыптасады.
5. Тарихи деректер алған кезде ақпараттық-танымдық құзіреттіліктер қалыптасады.
6. Шығармашылық тапсырма орындаған кезде құндылық, мазмұндық, танымдық құзіреттіліктері қалыптасады.
7. Ойын ойнаған кезде тұлғалық даму құзіреттілігі қалыптасады, яғни оқушы өзінің білімін дұрыс көрсетуге тырысады.
8. Тақтада жұмыс кезінде ойлау құзіреттілігі, мәдени құзіреттілігі қалыптасады.
9. Өздік жұмысын орындау кезінде оқушының ойлау, тұжырым жасау, сараптау құзіреттілігі қалыптасады.
10. Сабақтың қорытындысын жасаған кезде оқушы психологиялық жеңілдікті сезінеді.

Бұл сабақ қысқаша көбейту формулаларын жалпылау сабағы және бақылау жұмысына дайындық сабағы болды.
7-сыныпта барлығы 11 оқушы бар. Соның екеуі ғана 1-тоқсанды «3»-ке аяқтады. Сыныптың үлгерім сапасы 82%-ды құрайды.
Сабақты жоспарлау барысында тапсырмалар ешқандай оқушы жұмыссыз қалмайтындай етіп құрастырылды.
Сабақтың мақсатын оқушылар өздері анықтады, әр кезеңде белгілі бір жұмыс түрі орындалып отырды. Оқушылардың бағдар бетінде барлық тапсырмаларға қатысуы туралы белгілер қойылып отырды.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер сабақтың негізгі мақсатына жетуге жақсы көмек берді деуге болады, себебі, сабақтың әр кезеңіне бөлінген уақыт оқушылардың дайындық деңгейіне сай және бір кезеңнен екінші кезеңге өту еш қиындық туғызған жоқ.
Сабақтың соңында қолданылған рефлексия сабаққа қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Сабақта психологиялық климат өте жақсы болды, оқушылар өздерін еркін ұстап, өз ойларын ашық жеткізе білді.
Менің ойымша, сабақта қойылған мақсаттардың бәрі орындалды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.