.
.
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер тақырыбына есептер шығару Жай бөлшектер тақырыбына есептер шығару
Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 251 | Просмотров: 1925 | Размер: 123.5 Kb | Автор: araiСабақтың мақсаты:
1)білімділік: Жай бөлшектің негізгі қасиеттерін қайталай отырып, есептер шығарту
2) дамытушылық: оқушылардың тез ойлап, нақты нәтижеге жете білу дағдыларын, сабақ үстіндегі өз еңбегін ұйымдастыра білу қабілеттерін дамыту.
3) тәрбиелік: оқушылардың өзін-өзі тану белсенділігін жетілдіру; рухани-адамгершілік қасиеттерді насихаттау, математикалық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі : аралас
Оқытудың әдісі: практикалық
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Оқушылық деңгей
Ауызша сұрақ-жауап . Үй тапсырмасын тексеру «Шынжыр» әдісі
IІІ. Алгоритмдік деңгей( Есептер шығару)
Сергіту сәті
ІV. Интеллектуалды деңгей. (Мәтін бойынша есеп құрастыру)
V. Шығармашылық деңгей «Математикалық бинго» ойыны
VI.Оқушылардың есеп беруі, өзін-өзі бағалауы.
VIІ. Сабақтың қорытындысы
Үйге тапсырма. Рефлексия
Сабақтың кезеңдері:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу ,түгендеу, психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау. Оқушылар суреттер бойынша топқа бөлініп отырады, топ басшылары тағайындалады. Сабақтағы ұстанымға тоқталу: «Адамның алдында ақылға апаратын үш жол бар: ойлау жолы, бұл ең жақсысы; ұқсау жолы, бұл – ең жеңілі; жеке тәжірибе жолы, бұл – өте жауаптысы»(Конфуций). Олай болса сабақ барысында әр оқушы өзі таңдаған жолмен жұмыс жасайды. Сабақ 4 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде біз Қазақстанның әр түрлі банктерімен таныс боламыз. Әр кезеңнің тапсырмасын орындаған сайын оқушылар сыйақы алып отырады. Оны өзінің «Күнделік» атты банкінің есепшотына салады.Сабақ қорытындысында жинаған сыйақылары бойынша бағаланады.
II. Оқушылық деңгей Үй тапсырмасын тексеру. «Каспий» банк
«Шынжыр» әдісі арқылы оқушылармен сұрақ-жауап жүргізу
Ауызша сұрақ-жауап кезінде қойылатын сұрақтар:
1. ЕКОЕ дегеніміз не?
2. ЕҮОБ дегеніміз не?
3. Жай сан дегенімізне?
4. Құрама сан дегеніміз не? Т.с.с
Сұраққа дұрыс жауап берген әр оқушы 200 теңге көлемінде сыйақы алады.
Топ басшылары үй тапсырмасын мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тексереді
IІІ. Алгоритмдік деңгей( Есептер шығару)
Бұл кезеңде әр топқа 6 есептен тұратын тапсырмалар беріледі:
А) «Темір» банктің тапсырмасы
1) 2)
3) 4)
5)
6)
Әр дұрыс жауапқа 500 теңге көлемінде сыйақы беріледі.
Б) «Халық банкінің» тапсырмасы
Бұрыс бөлшектерді аралас санға айналдырыңдар:
Әр дұрыс жауапқа 1000 теңге көлемінде сыйақы беріледі.
В) «Альянс» банктің тапсырмасы
Натурал санды берілген аралас санмен бөлімдері бірдей болатын аралас санға айналдырып жазыңдар:
Әр дұрыс жауапқа 2000 теңге көлемінде сыйақы беріледі.
Сергіту сәті:
«Ақиқат, жалған» ойынын ойнату
ІV. Интеллектуалды деңгей. «Евразия» банкінің тапсырмасы
36 беттен тұратын мәтінді бірінші оператор 9 сағатта, ал екіншісі 6 сағатта тереді. Егер операторлар бірігіп теретін болса, жұмысты қанша уақытта орындайды? ЕКОЕ(9,6)=18
36:18=2 Жауабы: 2 сағатта
Есепті дұрыс шығарған оқушыға 5000 теңге көлемінде сыйақы беріледі
V. Шығармашылық деңгей «Математикалық бинго» ойыны
«АТФ» банктің тарсырмасы
Сәйкестендіру
1-топ
Алымы
Бөлімі
Жазылуы
2-топ
Алымы
Бөлімі
Жазылуы
3-топ
Алымы
Бөлімі
Жазылуы
4-топ
Алымы
Бөлімі
Жазылуы
Дұрыс орындаған топтың әр оқушысына 1000 теңге көлемінде сыйақы беріледі.
VI. Оқушылардың есеп беруі, өзін-өзі бағалауы.
Топ басшылары өз тобындағы сабаққа белсене қатысқан оқушыларды атап өтеді, сәйкесінше бағаланады. Бүгінгі сабақтан алған сыйақыларыңызды есептеп, қорытынды жасаймыз.
Бағалану: 200-1000 теңге «3»
2000-5000 теңге «4»
5000 жоғары «5»
VIІ. Сабақтың қорытындысы:
«Математика – барлық ғылымдардың бекзадасы. Оның сүйіктісі шындық, сәні – қарапайымдылық, ұстанары - айқындық» дегендей бүгін біздің сабағымызда да осы қасиеттер орын алды деп ойлаймын. Сіздер қалай ойлайсыздар, балалар?
Үйге тапсырма. № 92
Рефлексия
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы
«№8 Н. Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебі»
мемлекеттік мекемесі
Математика пәні мұғалімі: Әлімбек Малика
АШЫҚ САБАҚ
Жай бөлшектер тақырыбына
есептер шығару
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.